Қазақ тілі пәніне арналған тестер

Раздел Начальные классы
Класс 3 класс
Тип Тесты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

ҚАЗАҚ ТІЛІ 3 сынып

1. Қай сөзде әріп пен дыбыс саны бірдей емес?

А) күрек В) әлди С) ән Д) пияз

2. Дыбыссыз әріптерді көрсет:
А) х, h В) ш, щ С) с, з Д) ь, ъ

3. Жалғаудың дұрыс нұсқасын тап:
А) баладар В) балалер С) балалар Д) балатар

4. Ұяң дауыссыз дыбыстарды анықта:
А) б, в, г, ғ, д, ж, з В) п, ф, к, қ, т, с, ш С) р, л, й, у, м, н, ң Д) ж, з, й, к, қ, р

5. Сөйлем түрін айырып, белгіле. Аулаға шықсам, мал өріске кетіпті.

А) жайылма сөйлем В) жай сөйлем С) құрмалас сөйлем Д) жалаң сөйлем

6. Сұраулы сөйлемді көрсет.

А) Қазақстан гүлденіп келеді В) Өзі керемет екен

С) Жасасың, Қазақстан Д) Біздің туымызда не бейнеленген

7. Лепті сөйлем қалай айтылады?

А) Көтеріңкі дауыспен В) Бірыңғай дауыспен

С) Бәсең дауыспен Д) Жауап алу мақсатымен

8. Көптік жалғауы жалғанған зат есімді сөзді тап:

А) зейнеткер В) зейнеткерім С) зейнеткерлер Д) зейнеткермін

9. Қате жазылған сөзді тап:

А) эвкалипд В) футбол С) пингвин Д) асфальт

10. Қай сөзге ә әрпін қойып жазу керектігін тап:

А) қ...зір В) ж...яу С) көг...л Д) кін...рат

11. Мәндес сөзді белгіле:

А) данқ-атақ В) күн-құн С) жарық-қараңғы Д) табын-отар

12. «Кепсер» сөзінің баламасы:

А) саяхатшылар тізбегі В) ауылшаруашылық жұмыстарында қолданылатын құрал

С) күрек Д) піскен тамақты қазаннан сүзіп алуға қолданылатын құрал

13. Дара етістікті тап:

А) көріп қалды В) ойланады С) сырғанай жөнелді Д) күтіп отыр екен

14. Нешеу? сұрағына жауап беретін сан есімді тап:

А) жетпіс алты В) он екінші С) сегіз Д) жетеу

15. Өндіріс, өну, өнім, өндірді сөздерінің түбірін анықта.

А) өн В) өнді С) өну Д) өндір

16. Түбір сөзге жұрнақ қосылу арқылы жасалған сөзді .................... дейміз.

А) түбірлес сөз В) қосымша С) түбір сөз Д) туынды сөз 17. Мәтіннің түрін анықта: Ірімшік - қазақтың ұлттық тағамы. Ол, негізінен, сиырдың сүтінен жасалады. Алдымен ұйытады. Сосын қайнатады. Қайнауы жеткен соң, қызыл күрең ірімшікті сүзіп алып, кептіреді.

А) әңгімелеу В) сипаттау С) пайымда Д) талқылау

18. Тұрлаусыз мүшелерді анықта:

А) бастауыш В) баяндауыш С) анықтауыш Д) бастауыш, баяндауыш

19. Қарамен жазылған сөздің орнына керекті мәндес сөзді тап. Қаныш бұл хабарды шапшаң жеткізді.

А) ықыласпен В) ізеттілікпен С) тез, дереу Д) шамалы

20. Сөйлем ішінен бастауышты тап. Қыздар үлкен бір алма ағашының қасына келді.

А) үлкен В) қыздар С) алма Д) ағашының

21. Құттықтау мәтінін таңда:

А) Біз демалуға орманға бардық В) Денсаулық, бақыт тілеймін.

С) Біз хат арқылы таныстық Д) Біздің халқымыз бақытты.

22. Қатардағы сан есімдердің қайсысының арасына дефис (сызықша) қойылатынын анықта:

А) төрт бес В) он екілерде С) сағат тоғызда Д) бір миллион

23. Баяндауыштың сұрақтарын анықта:

А) Кім? Кімдер? Не? Нелер? В) Қандай? Қай?

С) Қанша? Неше? Нешінші? Д) Не істеді? Не қылды? Қайтті?

24. Мына қатаң с дауыссыз дыбысының сыңарын анықта:

А) ш В) з С) ж Д) щ



© 2010-2022