Сабақ жоспары Менің Отаным

Раздел Начальные классы
Класс 1 класс
Тип Презентации
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Біздің Оанымыз - Қазақстан.

а) Балаларға Қазақстан Республикасының табиғаты, пайдалы

қазбалары, айналысатын шарушылықтары жайлы түсінік беру;

ә) Ұлтжандылыққа, адамгершілікке, Отанды сүюге, еліне деген

сүйіспеншілігін арттыруға тәрбиелеу;

б) Оқушылардың сөздік қорларын, тіл байлығын арттыру, әдемі,

сауатты сөйлеуге үйрету.

Әдісі: Топпен жұмыс, сто. стратегиялары сұрақ-жауап.

Түрі: Аралас.

Көрнекілігі: Интерактивті тақта, бағалау парағы.

Сабақ барысы

1 Ұйымдастыру кезеңі

Балаларды сабаққа даярлау.

Сыныпты топқа бөлу./суреттер құрастыру арқылы/

2 Жаңа сабақ

Топқа тапсырмалар беру арқылы тақырыпты ашу.

Мақал мәтелді жалғастыру:

1-топ - ...... - оттан да ыстық.

2-топ - ...... адам, ормансыз бұлбұл.

3-топ - ...... - алтын бесігім.

4-топ - ...... - өлең төсегім.

Тапсырмаларды орындау арқылы Қазақстанның географиялық картасын ашып аламыз.


  • Карта дегеніміз не?

  • ...

  • Бұл қай елдің картасы?

Бүгін «Біздің Отанымыз - Қазақстан» тарауын бастаймыз.

Отан деген не? (топтастыру)

Отан

Енді сендер осы тарау арқылы не білгілерің келеді?

Осы кезге дейін не білетін едік?

Слайд арқылы еліміз жайлы түсіндіру.

білемін

білгім келеді

үйрендім

Осы стратегияны пайдалана отырып, оқушылардың ойын негізге аламыз.

Мағынаны тану.

Балалар, сендерге мәтіннің үзінділерін таратамын. Сол бойынша топта талқылап, содан соң әр топтан бір оқушыдан шығып баяндап, мәтіннің мазмұнын ашамыз.

Сергіту сәті

Жұмбақтар шешу. Әр жұмбақтың шешуін картаға орналастыру. (пайдалы қазбаларға байланысты жұмбақтар)

Сұрақ-тапсырмалармен жұмыс.

Тақырыпты қалай түсінгендерін байқау үшін 1-топ 2-топқа, 2-топ 3-топқа, 3-топ 4-

топқа сұрау тапсырмалар береді.

Сабақты қорытындылау

«Үш қадамды сұхбат» әдісі бойынша сабақты қорытындылау

  1. - саясаткер

  2. - хабарды жүргізуші,

  3. - газет тілшісі.

Жүргізуші: Құрметті көрермендер, сіздер «Ел орда» хабарын көріп отырсыздар. Бүгінгі хабарымызға саясаткер қатысып отыр. Сұрақтарыңызды қоя отырыңыздар.

  • Еліміздегі өзгеріс жаңалықтар жайында айтсаңыз.

  • Қазақстан жерінің ұлан-байтақтығын немен дәлелдеуге болады?

(саясаткер жауабы)

Тілші: саясаткердің әңгімесі жайлы баяндап, басылым беттерінен оқи алатынын ескертеді.

Бүгінгі сабақтан не үйрендің, не түсіндің?

Білімдерін бағалау.

Қай топтың оқушылары сабаққа жақсы қатысқанын бағалай отырып, Қазақстан туын тапсыру.

Үйге тапсырма

Мәтінді оқу, «Тәуелсіз елім» тақырыбына эссе жазу.


© 2010-2022