Математика. тақырыбы: 10 санының құрамы (1 класс)

Раздел Начальные классы
Класс 1 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Математика . тақырыбы: 10 санының құрамы (1 класс)Математика . тақырыбы: 10 санының құрамы (1 класс)Математика . тақырыбы: 10 санының құрамы (1 класс)Тақырыбы: 10 санының құрамы

Жанпеисова Алмагул Албергеновна

Ақтөбе қаласы, №59 орта мектебі 1 Ә класс

Пәні: Математика

Мақсаты: 10 санының құрамымен таныстыру. 10 санының құрамы туралы оқушылардың білімін қалыптастыру сәйкес теңдіктерді жазуға және оқуға оқушыларды үйрету.10 санының құрамын жіктеп айта білу,түсіну.

2. Ой-өрісін, шығармашылығын дамыту

3. Ұқыптылыққа, тапқырлыққа баулу.

Көрнекілігі: АКТ, сандар , қалташалар, сандар құрамы , суреттер

Сабақ түрі: Жаңа сабақ

Қолданылған технология: СТО

Әдістері: сұрақ- жауап, диалогтік оқыту, жаппай, жеке жұмыс.

Ұйымдастыру:

Балалар, бізде қандай сабақ. Сабаққа дайынбыз ба?

Олай болса,біздің алдымызға қойған мақсатымыз не деп ойлайсыңдар?

Мақсатымыз-білім алу,

Міндетіміз сабақ оқу.

Сабақ оқу арқылы,

5-ке қолды жеткізу

Қызығушылықты ояту:

  1. Сұраққа талап, Шапшаң жауап:

-Аптада неше күн бар?

- дүниенің неше тұсы бар?

-бір қолда неше саусақ бар?

-қосудың компоненттерін ата?
-азайтудың компоненттерін ата?

-кеше 10 санын қалай шығарып алдық?

- 10 саны қандай сандардың қосындысы?

-10 саны қай сандардан артық?

-10 см неше дм тең? 1 дм неше см тең?

-Жылдың неше мезгілі бар?

-Қыста қандай мерекелер бар?

1 желтоқсан-Тұңғыш президент күні
16-17 желтоқсан - Тәуелсіздік күні
1 қаңтар - жаңа жыл

  1. Өткенді қайталайық; қандай таңба қоямыз?

Таңбаны қойып өрнекті дұрыс оқимыз.

3 * 2 = 5 7 * 3 = 4 6* 1 = 7 8 * 5 = 3

  1. «ДОМИНО» ойыны. 1-10 - сандары құрамын қайталайық

1+6=7 . 7-3=4. 4+6=10. 10-2=8. 8-5=3. 3+3=6. 6+3=9 9-4=5. 5-3=2. 2-1=1

Сергіту сәті:

Оң қолымда бес саусақ,

Сол қолымда бес саусақ.

Беске бесті қосқанда

Болады екен он саусақ.

Оң қолымда бес саусақ,

Сол қолымда бес саусақ.

Жасырып ем бесеуін

Қалды енді нешеуі?

Бесеу екен қалдығы,

Нешеу еді барлығы?

Мағынаны тану:

Жаңа сабақ: 10 саны құрамын түсіндіру, 10 саны үйін тұрғызу

Интерактивті тақтада шыршада 9 ойыншық бар. Біз тағы 1-еуін ілдік қанша болды? Сонда 10 саны 9 бен 1-ден құралады.

10Әр балада жеке абақ пен цифрлар арқылы шыршадағы ойыншық санына сәйкестеп 10 санының үйін тұрғызады

9

1

8

2

7

3

6

4

5

5

10

0

1) Қандай сандардың қосындысы 10-ға тең?

10 10 10 10 10

9 1 8 2 7 3 6 4 5 5

Әр оқушы алдында 1-10 кеспе сандар, абақ арқылы сан құрамын түсінуге тырысады.

Дәптермен жұмыс: 1,2 тапсырма

2) Теңдіктер құру. 9+1=10 10-9=1 10-1=9

8+2=10 10-8=2 10-2=8

7+3=10 10-7=3 10-3=7

6+4=10 10-6=4 10-4=6

Ой толғаныс:

Шығармашылық тапсырма

Шырша қандай пішіннен құралған, неше үшбұрыш?

тағы Қандай геометриялық пішіндерді білеміз?

Оқулықпен жұмыс:

2.Салыстыру.10см*9см 9см*10см

Бағалау:

сабақ бойы жинаған қар ұлпаларын санап, ең көп жинаған балалар мадақталады.

Рефелексия:

Стикерлер арқылы смайликке өздерінің көңіл-күйлерін көрсетеді.

Келесі сабақтан не күтетіндерін айтады.



© 2010-2022