Баяндама Бала тәрбиесі-ортақ іс

Раздел Начальные классы
Класс 1 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Баяндама

Тақырыбы:Бала тәрбиесі-ортақ іс.

Адамға ең бірінші білім емес,тәрбие берілуі керек.

«Тәрбиесіз берілген білім-азаматтың қас жауы»-деген ұлы АльФараби бабамыз. Бала- балғын тал,үлкендер -бағбан болса, бала жас шыбық сияқты майысқақ,оны қай жаққа бұру, өсіру балаға тәрбие беруші ата-ананың қолында.Бұл барлық халықтың ғасырдан ғасырға жалғасын тауып келе жатқан қағидасы десек ,сәби жанын не бір жақсылық нәрімен суару, оны өсіруші , тәрбиелеуші әрбір тәрбиешінің өмірлік мұраты.

Ата-ана балаға өз басының жақсы қасиеттерін ,өнегелі істерімен үлгі көрсетумен бірге атақты еңбек және соғыс ардагерлерінің ,спорт жүлдегерлерінің,ұлы адамдардың ,қала берді,жанында жүрген бауырларының ,жақсы көршінің ,тәрбиелі,өнегелі жандардың жетістіктерін айтып,қызықтырып отырған дұрыс.

Бұл әдіс арқылы баланың ойына тек жақсылықты ұялатып ,алға талпынуына жол беруге болады.Баланың әсерін,әрбір ісін ,үй-іші түгел қолдап ,тиісті жерінде мадақтап ,әрбір жақсы іске ,еңбекпен , жолдастық қатынаспен ,ұйымшылдықпен ғана жетуге болатынын түсіндіріп отыруы тиіс.

Осылай тәрбиеленген балалар ,кең пейілді,жайдары болып өседі.

Тәрбие негізі баланы күннен қалыптасатындықтан ,сәбидің мінез-құлқын ,іс-әрекетін қадағалап ,дер кезінде көңіл бөліп ,жақсы әдеттерге баулыған ата-ананың еңбегі бос кетпейді.

Жақсы бала ата-ананың көз қуанышы . Бала ата-анасын қуантарлық іс істеген сәтте , олардың төбесі көкке жеткендей қуанады.Өйткені , балаларына жақсы тәрбие бергеннің, тәрбиелей алғанның куәсі өзі болады.

Осы мақсатқа жету үшін тек мектеп тәрбиесімен шектелмей балаға мынадай нәрселерді ескеріп айтып отыруға болады.

1.Үйде арнайы уақыт бөліп, ұлы адамдардың сөздерін жаттатып,жаңылтпаш,мақал-мәтел,санамақ,жұмбақтар айтқызып отыру керек.

2.Баланың үлкендерді тыңдауға,кішіге қамқор болуға,достарымен тату болуға,қоғамдық орында өзін-өзі дұрыс ұстауды, үлкендерді құрмет тұтуды әркез баланың есіне салып отыру керек.

3.Тума -туыс,құда-жекжат ,көршілердің жақсы қасиеттерін үлгі етіп , балаға айтып отыру.

4.Ата-анаға және үлкені кішісіне қамқор болуға, тыңдауға,үй шаруасына көмек беруге үйретіп отыру.

5. Баланың көзінше біреуді сөге жамандамауына, кінәлап ,айыптамауға мән беріп отыру керек.

Міне осындай тәрбиені мектеппен ата-ана бірдей беріп отырса ,әркім өз жауапкершілігін сезе білсе , ауызбіршілікте болса, баланың тұлға болып қалыптасуына зор ықпал тигізер еді.

© 2010-2022