Есепті әр түрлі тәсілмен шығару

Раздел Начальные классы
Класс 3 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Математика. 3 - сынып

Сабақтың тақырыбы: Есепті әр түрлі тәсілмен шығару.

Сабақтың мақсаты: 1) Білімділік: есепті әр түрлі тәсілмен шығару; көбейтудің қасиеттерін қолдануға, өрнектерді және олардың мәндерін салыстыру барысында машықтандыра түсу.

2) Дамытушылық: Танымдық қабілеттерін, ойлауын, зейінін, есте сақтауын дамыту.

3) Тәрбиелік: Оқушыларды өзгені тыңдап, өз ойын еркін айтуға баулу, пәнге қызығушылығын арттыру.

Әдісі: ой қозғау, сұрақ - жауап, логикалық ойлау, машықтық жұмыс, көрнекілік.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: Біздің ұранымыз!

Есептеуге жүйрік болсаң жасыңнан,

Математикаға орын берсең басыңнан

Барлық ғылым саған үйір болады

Досың солар табылатын қасыңнан

ІІ. Қызығушылықты ояту.

- Балалар банк дегеніміз не? Қандай банктерді білесіңдер?

- Бүгін біздің сабағымыз ойын түрінде өтеді. Бұл ойынға үш банк қатысады.

Топқа бөлу: " Альянс банкі", " Халық банкі", Тұран әлем банкі"

Аудиторлар - банк есепшотын тексеретін адам сайлау

- Маған осы үш банктің қайсысы жақсы жұмыс істейді, сол тұрақты банк екенін тексеру болып табылады. Сондықтан бүгінгі сабақты дұрыс, тез есептеп, ойланып жауап беруіміз және тәртіп сақтауымыз керек. Ең көп балл алған банк " Үздік банк " иегері болады.

ІІІ. Өткен сабақты пысықтау

ІV. Үй тапсырмасын тексеру: № 6. Теңдеулерді шешу

І бөлім. Ой тұжырымдау

- Теңдеу дегеніміз не? (құрамында белгісізі бар өрнек)

- Периметрді қалай табамыз? (төртбұрыштың ұзындығы мен енінің қосындысы)

- Ауданның өлшем бірлігін ата (см)

- Көлем өлшем бірлігінің белгіленуі (V)

- Төртбұрыштың ауданын қалай табамыз? ( ұзындығы мен енін көбейтеміз)

- Көбейтудің ауыстырымдылық қасиеті дегеніміз?

- Көбейтудің терімділік қасиеті дегеніміз?

-- Көбейтудің үлестірімділік қасиеті дегеніміз?

ІІ бөлім. Мағынаны тану.

Күннің жадын, сабақтың тақырыбын жазу.

Топтық жұмыс. " Ұтыс " ойыны

Оқулықпен жұмыс.

І топ. №1 - тапсырма. Есепті әр түрлі тәсілмен шығару

Шарты:

Бір омартадан - 18 кг бал

Екіншісінен - 9 кг бал

Бөліп салды - 3 кг

Шешуі. 1 тәсіл. (18+9): 3 = 9 (ы)

2 - тәсіл. 18: 3 + 9: 3=6+3=9 (ы)

Жауабы: 9 ыдыс қажет болды.

ІІ топ. №3. 1 - б) Әр түрлі тәсілмен есептеу

Ұзындығы - 7 см

ені - 3 см

Тік төртбұрыш. ауданы -?

Шешуі: 1. S = 7*3= 21кв. см

2. S = 3*7= 21кв. см

Жауабы: ауданы 21 кв. см

ІІІ топ. 2 - б)

Ұзындығы - 7 см,

ені - 3см

Тік тртбұрыш. периметрі -?

Шешуі: 1. 7+3+7+3 = 20 см

2. 7*2+3*2 = 20см

3. (7+3) *2 = 20 см

ІІІ бөлім. " Қай топтың ойы ұшқыр"

№2. Бос торкөздерге тиісті санды тауып қой.

І топ.

ІІ топ

ІІІ топ

( 35+35): 7 = 2+8

( 46+18): 8 = 5+3

( 30+12): 6 = 30: 6+2

( 20+12): 4 = 20: 4+3

( 28+42): 7 = 4+6

( 8+4 ): 2 = 2+4

Сергіту сәті. " Аңдарға көмектесейік" ойыны

Бір күні аң патшасы арыстан ормандағы аңдардың, құстардың білімін тексермекші болып, мына мысалдарды беріпті. Қане біз оларға көмектесіп жіберейік.

1 - топ

2 - топ

3 - топ

3 кубы

5 кв.

9 кв.

10 кубы

2 кубы

40 кв.

4 кубы

8 кв.

1 кубы

IV - бөлім. " Менеджерлер жарысы"

4 - тапсырма. х - тің 7 - ге бөліндісін өрнек түрінде жаз. х = 700, 630, 560, 490, 420, 350, 280, 210, 140, 70, 0 деп алып, өрнектің мәндерін тап.

5 - тапсырма. Егер мүмкін болса, 8, 27, 32, 81, 4, 9, 16, 64 сандарын бірдей көбейткіштердің көбейтіндісі түрінде жазып көрсет. Әр көбейтіндіде неше көбейткіштен бар?

6 - тапсырма. Теңдеулерді шеш.

с ∙ 4 = 360

360: а = 40

х: 4 = 90

V - бөлім. "Ойлы болсаң, озып көр"

1. Үстелде шие салынған 7 стакан тұр. Марат 1 стакандағы шиені жеп қойды да, бос стаканды үстелге қойды. Неше стакан қалды? ( 7 )

2. Екінші кезеңде оқитын 3 дос мектепке бара жатыр. Олар бірінші кезкңде оқитын 2 жолдасын кездестірді. Мектепке неше бала бара жатыр? ( 3 )

3. Әжесі немересіне 8 қолғап тоқиды. Немересі нешеу? (4)

4. Столдың төртбұрышы бар еді. Үшеуін алып тастады, неше бұрыш болды? (7 )

5. Шөпте қояндар тығылып отыр. Тек он екі құлақтары көрініп тұр.

Қанша қоян тығылып отыр?(6)

VI. Семантикалық карта. №8. Тиісті санды жаз:

VII. Қайырымдылық акциясы.

Балалар кішкентай балапан мына өрнектің шешімін таба алмай тұр, көмектесейік

Шығармашылық тапсырма.

Суреттегі сандарды 4 топқа бөл, сонда әр топтағы үш санның қосындысының мәні 125 - ке тең болсын.

VIII. Топтық жұмыс. " Жетістікке жет!" ойыны

39: 1 + 56 - 5 - 80: 1 + 12: 6* 10 - 14 = 16

4 * 4: 1+ 84: 1 - 60: 10 * 5 + 57 - 28 =99

100: 1 + 96: 2 * 2* 1: 6 * 10 - 9: 3 =257

Қорытынды бөлім. Банктің жұмысы жайлы аудитор қорытынды шығару, жеңімпаз банкті атау. Бағалау

Үйге тапсырма

© 2010-2022