Тәрбие сағаты Тәуелсіз елім -тірегім

Раздел Начальные классы
Класс 2 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

(Білім беру саласы:

Тәрбие сағаты

Тақырыбы:

Тәуелсіз елім -тірегім

Мақсаты:

Тәуелсіздік күні туралы терең мағлұмат беру. Тәуелсіздік үшін күрескен, желтоқсан құрбандарын еске түсіріп, желтоқсан құрбандарының ерлігі жайында түсіндіру.
Қазақстанның болашақ дамуына өзіндік үлес қосатын жеке тұлға екендерін ұғындыру. Отанды сүюге және ерлікке баулу. Желтоқсан оқиғасында ел қамын жеген ерлерді үлгі тұту, өнеге алуға және халқының тарихын білуге үйрету, достыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Алдын- ала жұмыс:

Тәуелсіздік тарихы туралы ізденіс жұмыстары , Отан туралы өлеңдер жаттау, сурет салу

Сөздік жұмысы:

Валюта,Анкара, Иордания,факті

Қажетті құрал-жабдықтар, көрнекіліктер:

Слайд шоу,видеокөрсетілім, шарлар, қанатты сөздер, тулар, кітап көрмесі, оқушылардың тақырыптық рефераттары, «Менің Қазақстаным» тақырыбына салынған оқушы суреттерінің галлереясы

Іс-әрекет кезеңдері

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушылардың іс-әрекеті

Психологиялық даярлық:

Шаттық шеңбері :

Күлімде күн күлімде,

Жер жасарып көгерсін!

Қанат қасын көгершін!

Күлімде күн күлімде,

Бүлдіршіндер қуансын!

Қырдың көкшіл түгіндей,

Қолдарына ту алсын.

Күлімде күн күлімде

Күлсін барлық бала шат,

Берекелі бүгіндей

Бейбіт болсын болашақ!

Оқушылар өлең шумақтарына қарай тиісті қимылдарын көрсетеді







Ұйымдастыру -ізденушілік кезеңі





Қызықты фактілер Қазақстан Республикасының мемлекеттік әнұраны орындалады






Мұғалімнің кіріспе сөзі: Құрметті ұстаздар мен оқушылар! Тәуелсіздік мерекесі аясында өткелі тұрған «Тәуелсіз елім-тірегім» атты мерекелік кешімізге қош келдіңіздер! Балалар, осы бір тәуелсіздікке жету үшін қазақ халқы нелер қиындықтарды көрді.Қазіргі кезде сендер ашық аспан, жарық күн сәулесі түсіп тұрған мемлекетте өмір сүріп жатырсыңдар.
Қазақ халқы еркіндікке жету үшін қаншама қиын - қыстау кезеңдерді бастан кешірді. Мыңдаған жылдық тарихы бар. Ал, 1986 жылғы оқиға халықтың есінде мәңгі сақталады.
16 - желтоқсанда қазақ жастары Орталық алаңға шығып, Қазақстан тәуелсіздігін талап етті.
Бұл күн - Қазақстан тарихында тәуелсіз Қазақстан Республикасының туған күні деп алтын әріппен жазылды. Сондықтан да желтоқсан бүкілхалықтық мереке.

- Балалар,жоғарыда айтып өткенімдей, біз осы тәуелсіздікке оңайлықпен қол жеткізген жоқпыз. Оның бір көрінісі желтоқсан оқиғасы.

Ия,бұл оқиға осыдан 24 жыл бұрын болған оқиға. Бірақ 1986 жылы Алматының бас алаңына жастар жаман оймен барған жоқ. Олар бейбіт жолмен тәуелсіздікке қол жеткізу үшін қатысқан.
Енді міне, осы желтоқсан көтерілісіне қатысқан ағаларымыз бен апаларымыздың арқасында ата-бабаларымыз үш ғасырға жуық уақыт бойы армандаған тәуелсіздікке қол жеткіздік.
Міне, балалар, бүгінгі таңда Қазақстан тәуелсіз мемлекет. Біздің өзіміздің туымыз, елтаңбамыз, әнұранымыз бар. Егеменді Қазақстан мемлекетіміз.
Сендер Отанымыздың ұрпақтарысыңдар. Жақсы оқып,үлгілі, тәртіпті болыңдар. Өз елің мен жеріңді көркейтіп, қазақстанның намысын қорғайтын келешек ұрпақтың ақылшысы, тірегі сендер болмақсыңдар. Олай болса, тәуелсіздік туралы ойларыңа да кезек берейік. Өйткені, тәуелсіздік - ең басты құндылығымыз. 24 жыл ішінде тәуелсіз Қазақ елін қалыптастырып, нарықтың қиын өткелектерінен аман өткізіп келеміз. Осы кезеңде Қазақстанды дүние дидарындағы ең мықты мемлекеттер танитындай, сыйлайтындай деңгейге жеткізген тұңғыш Нұрсұлтан Назарбаевтай көреген саясаткердің ерен еңбегін дәл бүгін және әрқашанда айтып өтеміз

  1. Нұрсұлтан Назарбаевтың туған күні-ҚР астанасы туған күнімен бірдей
  2. Дариға Назарбаеваның туылған күні де , 7 мамыр Ұландар күнімен бірдей
  3. Алматы Президенттік саябағында және Анкара қаласында (Турция)президентке ескерткіш орнатылған
  4. Иордания және Турция мемлекеттерінде президентіміздің атымен аталған көше бар
  5. Сондай-ақ, жоғарғы оқу орны бар,мектептер бар және президент атауында шың бар
  6. 36 шет елдің марапаттарының иегері
  7. 7 мемлекеттің «Құрметті азаматы»
  8. «Ғасыр адамы» марапатының иегері

Барлық оқушылар мен мұғалімдер мемлекеттік әнұран атрибуттарын орындап, әнұранға құрмет көрсетеді

Оқушылардың мүмкін жауаптары тыңдалады.

Өз ойларын айтады.

Бірін-бірі мұқият тыңдайды.













4 «Б» сынып оқушыларының «Желтоқсан -1986» атты арнайы әзірлемесін ортаға салады.

















«Тәуелсіз-Қазақстан»

атты арнайы әзірлемені 3 «Ә» оқушылары ортаға салады




«Тұңғыш президент»атты презентациясын 2 «А» сынып оқушылары ортаға салады.

Әр сынып оқушысы өздерінің жинаған фактілерін ортаға салады.

Жыр шашу





















Кең байтақ, көз жетпейтін жерім менің
Таулы орман, жасыл жайлау көлім менің
Бүгінде бар әлемге даңқың жетті
Тәуелсіз Қазақстан - елім менің


Жер болса, ел болады, ел болса ер болады. Ерлеріміздің арқасында «Қазақстан» егеменді ел болып, дүние жүзіне танылды. 120-дан аса ұлт өкілдері тұратын осынау қасиетті мекенде, асқақтаған өлкеде, кеңшілігі керемет дархан дастархандай далада, егіні теңіздей толқыған, төрт түлігі өрбіген, өндірісі өркендеген мекенде өмір сүруші әрбір адам өз Отанын жанындай сүйіп, оның көк байрағын көкке көтеруді мақтаныш тұтады Олай болса, халқымыздың ақындарының жүректеріңнен шыққан өлеңдерін ұрпақтарының орындауында тыңдап көрелік.









Әр сынып оқушылары жаттап келген өлең шумақтарын айтады

Балалар бірін-бірі мұқият тыңдап отырады.

Рефлексивті-

түзетушілік

кезең


Викторина сұрақтары:

1.Біздің мемлекет қалай аталады?

2.Мемлекетіміздің астанасы қай қала?

3.Қазақстанның қандай қалаларын білесіңдер?

4.Қазақтың ұлттық киімдерін ата?

5.Қазақ халқының көшпелі үйі қалай аталады?

6.Қазақтың ұлттық тағамдары?

7.Біз қай облыста тұрамыз?

8.Мемлекеттік рәміздерді ата?

9.Ұлттық валюта?

10.Ақындар жарысы?

11.Ең алғашқы қазақ ғарышкері кім?

12.Мұсылман кітабы?

13.Ұлттық ойындар?

14.Қазақтың ұлттық аспаптары?

15.Мемлекеттік тудың авторы?

16.Мемлекеттік елтаңба авторы?

17. Мемлекеттік әнұранның авторлары кім?

18.Біздің мемлекетіміз неше мемлекетпен шектеседі?

19. Біздің елде неше ұлттың өкілдері тұрады?

Оқушылар мүмкін жауаптарын ұсынады

Рефлексия

1.«Сандар сөйлейді»

  1. 16- желтоқсан....

  2. 30-тамыз- .......

  3. 1-желтоқсан- .....

  4. 4-маусым- ........

2. «Ойды аяқта» «Қазақстан ең керемет мемлекет. Өйткені,»

Оқушылардың шумен жауаптары тыңдалады

Шағын сазды бағдарлама:

4 «Б» сынып «Туған жер »әні-Аяжан

3 «Ә» сынып «Бала тілегі» әні-Амина

2 «А» сынып «Аққу» биі-Алина

Марапаттау,мадақтаулар



© 2010-2022