Сабақ тақырыбы: Қысқы орман

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттерінің технологиялық картасы

(естиярлар тобы)

Білім беру саласы: «Шығармашылық», «Қатынас», «Әлеуметтік орта», «Таным»

Бөлімдері: Тіл дамыту, Қоршаған ортамен таныстыру, Математика, Жапсыру

Тақырыбы: «Қысқы орман»

Көрнекіліктер: Үнтаспа, орман көрінісі, желім пва, макарон, ақ қағаз.

Әдіс­тәсілдері: Сұрақ­жауап, әңгімелеу, ойын элементтері

Қостілділік компоненттері: Орман­Лес. Түлкі­Лиса. Қоян­Заяц. Құстар­Птицы.

Мақсаты: Балаларға қыс мезгілінің ерекшелігін түсіндіру. Ормандағы аңдарға, құстарға қамқорлық жасай білуге тәрбиелеу. Қыстың негізгі белгілерін тани отырып, балалардың қоршаған ортаға сүйіспеншілігін арттыру, өз сезімдерін бейнелей білуге жапсыруға үйрету.

Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиеші әрекеті

Балалардың іс-әрекеті


Мотивациялық қозғаушылық

Арайлап таң атты,

Алтын сәуле таратты.

Жарқырайды күніміз,

Жарқырайды даламыз,

Қайырлы таң, балалар,

Қайырлы таң, қонақтар!

Балаларға қонаққа Қыс ханшайымы келеді.

Балалар бір-бірінің қолынан ұстап, жылулығын, достығын бір-біріне таратады.

Қыс ханшайымын көріп, балалар таңданады.

Ұйымдастырушылық ізденушілік

Аяз қысып, өрнек сызып,

Терезені торлады. Қар омбығып,

Беп домбығып, балдырғандар ойнады.

Кейде ұлып, кейде жұлып,

Ұйтқып боран соғады.

Айтыңдаршы бүлдіршіндер,

Бұл қай кезде болады?

Балалр, біздің бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: «Қысқы орман». Орман дегеніміз не? Орманда нелер тіршілік етеді? Орманның суретін жапсырмас бұрын «Ғажайып орманға» барып, қыс ерекшелігін көріп қайтсақ. Орманға қыс көлігі автобусбен барсақ. Қане, бәріміз автобусқа отырайық.

- Балалар, қар үстінде жүргенде қандай дыбыс шығады?

- Ауа-райы қандай?

- Бізге алыстан бір дыбыстар естіліп тұр, ол ненің дыбысы?

- Міне, орманға да келдік. Енді ақырындап автобусты тоқтатып, абайлап түсейік.

Орманнан Қар ханшайымы шығады да:

Кім орман тыныштығын бұзған?

Тәрбиеші: Сәлеметсіз бе, Қар ханшайымы! Біз орманның тыныс-тіршілігін тамашалауға келіп едік.

Қар ханшайымы: Сәлеметсіңдер ме, балалар! Менің мезгілімде орманға келіп қалған екенсіңдер, орман, қыс туралы не білесіңдер?

Кім айтып береді ?
Қырды жапты күміс қар,

Далада жаңа тыныс бар.

Бұталар жалт-жұлт етеді.

Кәдімгі бейне хрусталь.

Шанамен зырлап жететін,

Шаңғы, коньки тебетін

Аққала жасап ойнайтын,

Қай мезгіл деп ойлайсың.

Бұрқырап буымыз,

Дуылдап шуымыз.

Сынаптай сырғанап.

Тебеміз сырғанақ.

Аппақ, қылып өңірді.

Қар жауды!

Қар жауды!

Көп бала көңілді.

Қызығып таңғалды.

Тәрбиеші: - Ағаш басына назар аударыңызшы, нелер отыр

- Қандай құстар қыстап қалады.

Мынау бұта түбіне жақындаңдаршы. Мұнда бізден жасырынып қояндар отыр екен. Жүні қандай?

  • Екі қоян отыр. Олардың әр қайсысында екі құлақтан, екеуінде неше құлақ?

Қоянға арналған тақпақтарымызды айтып берейік.

Ақ қоян-ау, ақ қоян.

Үркек қоян, сақ қоян.

Қаша берсең қалыңға,

«Қорқағым» деп ат қоям.

Тәрбиеші: Қар ханшайымы, біз біраз серуендедік, енді осы орманнан алған әсерімізді балабқшаға барып бейнесін жапсыру. Бізбен бірге жүр, қар ханшайымы.

Дидактикалық ойын: «Ойла да, ойна».

Сұрақтарға жауап беру.

Әр сұраққа жауап беріп, берілген қысқы ағаш бейнесін шығарады.


  1. Бір жылда неше мезгіл бар?

  2. Қыс мезгілінде ойналатын қандай ойыңды білесіңдер?

  3. Қардың қандай қасиеттері бар?

  4. Жұмбақ шешу.

Қыста ғана болады.

Ұстасаң қолың тонады (қар)

Қыста жер бетін басады. Жазда сайға қашады. (қар.)

Осы шыққан қысқы орманның бір бейнесін қысқы ағаштың суретін кеспе наның көмегімен жапсырамыз.

Балалар қай мезгіл туралы айтылғанын айтады : Қыс мезгілі

Балалар жайғасады, қыс көрінісін көруге қызығушылықтарын білдіреді. Автобусқа отырды.

Қырт-қырт

Суық

Құстардың

Балалар автобустан түсіп, орманға қарай жүреді.

Балалар таңырқай Қар ханшайымына қарайды.

Балалар амандасады

Сәлеметсіз бе :біз қыс туралы тақтақ білеміз.

Жанбота

Шынғыс

Әділ

Аида

Құстар.

Қарғалар, суық торғайлар, тоқылдақ.

Үлпілдеген.

Төрт құлақ.

Балалар қоштасып, орманнан балабақшаға қайтып кетеді.

Балалар жауабы :

Төр мезгіл

Шаңғы тебу ,қар лақтыру

Балалар суретті үлгі бойынша жапсырады.

Рефлексифті реттеушілік

-Барлығыңның жұмыстарың керемет.

Жұмыстарын талдау.Мадақтау .

Суреттерін қонақтар-ға көрсетеді.

Күтілетін нәтиже:

Біледі: «Қысқы орман» тыныс-тіршілігінің ерекшелігін.

Түсінеді: Табиғатқа, қоршаған ортаға қамқорлық жасау.

Қолданады: Қыс мезгілін кеспе нанның көмегімен бейнелеуді.


© 2010-2022