Урок на тему Щ дыбысы және әрпі (1 класс)

Раздел Начальные классы
Класс 1 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

көрнекілік, ойындар.

Көрнекі құралдар: оқулық, үлестірмелі тапсырмалар, алтын қақпа сызбасы, доп.

Сабақтың барысы: І .Ұйымдастыру кезеңі

ІІ.Психологиялық дайындық.

Спортпен шұғылдан,

Сұлулық сыйлаған.

Сол саған пайдалы іс.

Сауық пен кинодан.

ІІІ. Тірек білімдерін жетілдіру. 2,3,4,5 сандарының құрамын қайталау барысында ауызша санауға лайықты жаттығулар мен дидактикалық ойындарды («Үйшік», «Көршілер») ұйымдастырып, сандардың ретін еске түсіруге, математикалық өрнектерді қосуға болады.

IV. Жаңа материалды меңгеру .

1.Ағаштың бұтағында 2 қарлығаш отыр, біреуі ұшып кетсе бұтақта неше қарлығаш қалады? 2-1=1

Қалған қарлығаш жан -жағына қарап ол да ұшып кетеді. Бұтақта неше қарлығаш қалды? 1-1 =0 Ештене қалған жоқ. Егер ештене қалмаса, 0 цифрымен белгілейміз. 0-көрсету. (тағы да басқа жаттығуларды орындауға болады)

2.Оқулықпен жұмыс. № 1 тапсырманың суреттері бойынша өрнектер құрастыру,олардың мәндерін табу.

3-1 =2 2-1=1 1-1=0

Оқушылардан 0-дің сандар қатарынын қай жерінде тұратындығын сұрау керек. 0 саны 1-ден кіші, сондықтан сандар қатарында 1-дің алдында тұратындығын меңгеруі маңызды. Содан кейін №2 тапсырма - «Көрші сандар» орындалады (ауызша орындалады)

V. Дәптермен жұмыс 45 -бет

№1 -0 цифрын жазу

№2 өрнек құрастыру.

VI. Сергіту сәті

Бала, бала,балапан

Қане қайсы алақан?

Саусақтарын айбат,

Былай -былай ойнат. } 2рет

Оқулықтағы №3 -56 бет дәптерге орындалады. Амалдар ұзындық шамасымен орындалады.

4 см -1 см 1см -1 см

2см +2 см 3см -2см

5см -2 см 2см + 3см

1 см +2 см 4см -2 см VII. «Кел ойнайық!» №5 -56 бет бұл ойын -жаттығуы, оқушылардың зейінің дамытуға бағытталған және геометриялық фигураларды қайталауға арналған тапсырмалар кездеседі. Ойынның шарты қарапайым. Оқушылардың біреуі тақтаға шығып, белгілі бір түстегі қоршауды ішінен таңдайды. Ал қалғандары оған сұрақтар қою арқылы қандай қоршауды таңдағанын табады. -Сенің қоршауында доп бар ма? -Сенің қоршауының ішінде көк дөңгелек бар ма? Оқушылар осылай қоршаудың ішіндігілерді салыстыра отырып, оқушының жасырған қоршауын табады.

VIII.Жазбаша жұмыс . Салыстыру. Оқулықтағы № 4 дәптерге орындалады.

Бұл тапсырма алдын ала ауызша орындалады, содан кейін белгілерді оқушылар өз беттеріше дәптерге қояды.

ІХ. Сергіту сәті

Жалқаулықты тастаймыз

Шынығамыз жастай біз.

Ырғағымен әуеннің

Жаттығуды бастаймыз.

Бір, екі, үш

Дем аламыз жалғап күш..

VIIІ. Сабақты қорытындылау.

-Қандай тақырыппен таныстық?

-0 деген цифраны көрсетейікші.

-Сабақта не қиын болды?

-Не ұнады?

ІХ. Жақсы жұмыс істеген оқушыларды мадақтау







































Сабақтың тақырыбы: 6 саны және цифры.

Сабақтың мақсаты: 1.Білімділік: Оқушылардың 6 саны және цифры, 6-ның сандар қатарындағы орны туралы білімдерін қалыптастыру;

2.Дамытушылық: Оқушылардың ақыл -ойын, ой -өрісін дамыту. Пәнге қызығушылығын арттыру;

3.Тәрбиелік: Адамгершілікке , үлкендерді құрметтеуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: түсіндіру, ой қозғау , сұрақ -жауап

Сабақтың көрнекіліктері: суреттер, жұлдыздар, санамақ.

Сабақтың барысы: І . Ұйымдастыру кезеңі:

Сабақтың ұраны:

«Кел, балалар, оқылық!

Оқығанды көңілге

Ықыласпен тоқылық».

ІІ.Психологиялық дайындық .

«Күлімде ,күн, күлімде!

Күлсін барлық бала шат!

Берекелі бүгіндей

Бейбіт болсын болашақ!»

Осындай жақсы көңілмен сабағымызды бастайық .

ІІІ. Тірек білімдерін жетілдіру.

Жаңа материалды қабылдауға дайындық үстінде 1-5 сандарының құрамы қайталанады, сондай -ақ тапсырмаға 1-10 -ға дейінгі ,10-нан -1-ге дейінгі санауды қосқан пайдалы.

«Қар лақтыру » ойыны

Карды лақтыру арқылы оқушылардың ауызша есептеулерін дамыту.

Урок на тему Щ дыбысы және әрпі (1 класс)Урок на тему Щ дыбысы және әрпі (1 класс)Урок на тему Щ дыбысы және әрпі (1 класс)Урок на тему Щ дыбысы және әрпі (1 класс)

Енді қарларды әкеліп,тақтаға кему ретімен қарларды ілу.

1-ден 5-ке дейін ауызша өсу,кему ретінде санау.

IV.Жаңа сабақты меңгеру. 1(сурет бойынша жұмыс)

Урок на тему Щ дыбысы және әрпі (1 класс)

-Балалар, гүлдің жанында қанша көбелек ұшып жүр?.......

Тағы бір көбелек ұшып келді. Нешеу болды?.....

5-тен кейін 6 тұрады. өрнек құрастыру. 5+1

V. Оқулықпен жұмыс: Оқулықты ашайық,тапсырманы орындайық.

№ 3 сандардың көршілерін табайық .

? 4 ? ? 3 ? ? 1 ? ? 5 ? ? 2 ?

VI. Дәптермен жұмыс:

Дәптерімізді ашамыз,

Қолға қалам аламыз,

Ауада 6 санды жазамыз,

Енді , 6 санды

Әдемі дәптерге жазамыз.

VII.Санамақ айтайық

Көлшіктегі бір бақа,

Құрғақтағы Құрбақа,

Сұрша құмда Сұр бақа,

Аузын ашып тұр бақа.

Арық емес көк бақа,

Топ -толық бір Тоқ бақа,

Арбандаған Аш бақа ,

Тарбандаған Тасбақа...

Бақылдайды бақ--бақ деп:

«Бақа санын тап, тап!» -деп.

VIII. №1 -62 беттегі тапсырманы талдап дәптерге орындау.

ІХ.Сергіту сәті:

Көк аспанға қараймын,

Келген құсты санаймын,

Үшбұрыш болып тырналар,

Көк жүзінде сырғанар.

Х. Ауызша жұмыс. №4 -63 бет .Фигураларды ата . Кесінділерді өлше және салыстыр:

ХІ. Өзіндік жұмыс . №4 -4бет

ХІІ. Тақырыпты бекіту үшін дәптердегі №3 тапсырма орындалады.

ХІІІ.Сабақты қорытындылау.






Ережелерді жаттап ал!


  1. 1 санын қосқанда, кейінгі сан шығады.


  1. 1 санын азайтқанда, алдыңғы сан шығады.


  1. Санға 0-ді қосқанда, сол сан өзі шығады.


  1. Саннан 0-ді азайтқанда, сол сан өзі шығады.


  1. Санды өз-өзінен азайтқанда, 0 болады.


  1. Қосылғыштардың орнын ауыстырғаннан, қосындының мәні өзгермейді.



  1. Шаршының қабырғалары бірдей, төрт бұрышы тік болады.



  1. Тіктөртбұрыштың қарама-қарсы қабырғалары бірдей, төрт бұрышы тік болады.



  1. Сан сәулесі шексіз болады.


Ережелерді жаттап ал!


  1. Дыбыстарды естиміз, айтамыз;

әріптерді көреміз, жазамыз.


  1. Сөз дыбыстардан, сөйлем сөздерден құрылады.


  1. Сөздер буындарға бөлінеді.



  1. Сөйлемдегі сөздер бір-бірімен байланысып тұрады.


  1. Сөйлемнің басы бас әріптен жазылады, соңына нүкте қойылады.


  1. Адамның аты, жер-су аттары, жануарларға қойылған атаулар бас әріптен жазылады.


  1. Мәтіндегі сөйлемдер бір-бірімен байланысты болады.



  1. Мәтінге ат қоюға болады.

2+3=5

2 - қосылғыш

3 - қосылғыш

5 - қосындының мәні

5 - 2=3

5 - азайғыш

2 - азайтқыш

3 - айырманың мәні

Сабақтың тақырыбы: 10 саны. Бір таңбалы жэәне екі таңбалы сандар. Сандар қатары

Сабақтың мақсаты: 1.Білімділік: 10 санының құрылуымен таныстыру және «біртаңбалы ,екітаңбалы сандар» ұғымын қалыптастыру

2.Дамытушылық: Оқушының зейінін , зерде үрдістерін, пәнге қызығушылығын , жүйелі ойлау қабілетін дамыта отырып, шапшаңдық, жылдамдық, көрегендік қасиеттерін дамыту.

3.Тәрбиелік: Есептеу дағдыларын күнделікті тұрмыста қолдана білуге тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: ойын

Сабақтың түрі : Саяхат сабақ

Пәнаралық байланыс: дүниетану, әдебиеттік оқу

Сабақтың көрнекіліктері: сандар , сюжетті суреттер,

Сабақтың барысы: І . Ұйымдастыру кезеңі

ІІ.Психологиялық дайындық .

Әрбір адам -туысым , досым, жұрағат,

Әрбір сабақ -үйрену, ұғу, ұлағат

Әрбір ісім -тіршілік, тірек, адамдық,

Әрбір сөзім -шындық, бірлік, адалдық.

ІІІ. Тірек білімдерін жетілдіру.

Оқушыларды бүгінгі сабақтың барысымен және мақсатымен таныстыру.

-Балалалр, біздің еліміз қалай аталады?

-Қазақстан Республикасы.

-Ұлтымыз қалай аталады?

-Қазақ.

- Мейрамда біз де саяхатқа шығайық.Нағашы ауылына қонаққа барайық. Алдымен саяхатқа әзірліктеріңді тексеріп алайын.

8 +1 9-1 6+3 9-3

7+2 9-2 5+4 9-4

IV. Жаңа материалмен таныстыру

А) 10 дегеніміз қандай цифралардан тұрады? (1 және 0)

10 -екітаңбалы сан. Барлық сандар 10 саны сияқты 0, 1,2,3,4,5,6,7,8,9 цифраларынан

Ә) Суреттермен жұмыс .

Үйректерді санап ,жауап береді.

10 дегеніміз 9 және 1 немесе 1 және 9.

9+1 =10 10-9=1 10-1=9

Б) 1 дм-де 10 см бар . 1 см жолақшаны жалғастрып, 10 рет бойлай алып, 10 см =1дм,, теңдігін құрал арқылы түсіндіру.

В)

Біртаңбалы сандар екітаңбалы сандар

V. Оқулықпен жұмыс №1 -- 83 бет, дәптерге орындау -21 бет

VІ. Өткен материалмен жұмыс. №2- 84 бет

VIІ. Сергіту сәті

Тамшы болып тамайық,

Арықпен бірге ағайық.

Көлшік болып жиналып,

Күнге қолды бұлғайық.

Күн көзімен құрғайық.

Бу боп аспан төрінде

Бұлттар санын құрайық

Бұлттан жаңбыр сөгілер,

Жер әлемге төгілер.

VIIІ.Ауызша жұмыс№3 -84 бет,

Оқулықтағы №4 дәптерге орындау

1.Сол жақта сиырлар мен бұзаулардың суреті салынған. Оларды санайық. Бұлардан қандай өрнек құрастыруға болады?

2.Оң жақтағы жылқылар мен құлындардың суреті берілген.

Қандай өрнек құрастыруға болады?

3.Оң және сол жақтағы суреттерін санын салыстырайық. Ол үшін қатар екі өрнек жазамыз да , салыстыру (« >» , «<») таңбаларын қоямыз . Қандай таңбаны қою керек, неліктен? Теңсіздікті оқыту.

№5 тапсырма кеңістікті елестету , заттардың белгілерін бөліп алу, салыстыру дағдыларын дамытуға арналған.

Дәптермен жұмыс

10 санын әдемі етіп жазу. №3 -22 бет /салыстыру/

6 * 7 6 * 6 +1 9-3 * 9-4

3 *4 8* 8 -3 10 -1 * 10 -2

10 * 9 10 * 9+1

ІХ.Өздік жұмыс . №5-22 бет

Х.Сабақтың қорытындысы.

-Бүгін қандай тақырыппен таныстық?

-Сабақта не істедік?

-Қандай тапсырма қиын болды?

ХІ. Жақсы жұмыс істеген оқушыларды мадақтау

Сабақтың тақырыбы: Я дыбысы мен әрпі.

Сабақтың мақсаты:

Балаларға Я әрпі мен дыбысының айтылуын және сөздегі орнын тапқыза отырып таныстыру.

Әр түрлі ойын ойнату арқылы сөзжұмбақ, ребус шештіру арқылы логикалық ойлауын дамыту.

Өлең айтқызу,жұмбақ жасыру арқылы тілдерін дамытып,туған жерді,жануарды т.б. қорғауға тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: кеспе әріптер,текшелер,суреттер,сөзжұмбақ.

Сабақтың барысы:

1.Балаларды сабаққа ұйымдастыру.

2.Өткен материалдарды қайталау.

-Балалар, біз өткен сабақта сендермен қандай дыбыс, әріппен танысып едік?

-Дыбысты біз естиміз, ал әріпті көзімізбен көріп, қолымызбен жазады екенбіз.

3.Жаңа сабақ. Ендеше балалар, біз бүгін сендермен жаңа дыбыспен танысамыз.

Жұмбақ жасыру: Шымшып алады қолсыз,

Сырғанақ жоқ онсыз.

Жауабын кім табады?

-Ондай болса кім айтады, жылдың қай кезі екен қазір?

-Қыстың қай айы?

-Аптаның қай күні?

-Бүгін біз сауат ашу сабағында Я дыбысымен танысамыз.Дыбыстың әріптен айырмашылығы қандай?

-Дұрыс.Я дыбысын айтып көрейкші,қандай дыбысқа жатады екен, хормен: Я.

-Мына суретте нені көріп тұрсыңдар?

-Қоян.

-Қоян сөзін буынға бөлейікші.

-Сендерге қай буындағы дыбыс таныс емес?

-Олай болса я дыбысымен танысайық.

Ол дауысты дыбыс.Сөздің ортасында,соңында және жеке буын құрай алатын-дыбыс екен.

4. Сергіту сәті.

-Бәріміз сергіту сәтін жасайық.

Ұзын құлақ сұр қоян,

Естіп қалып сыбдырды.

Ойлы-қырлы жерлерден

Ытқып-ытқып жүгірді.

Қарап еді артына,

Қиығын салып көзінің.

Келе жатқан томпаңдап.

Көжегі екен өзінің.

5.Тосын сәт.

-Балалар, бізге бүгін тағы бір қонақ келіпті.Ол қонағымызда бір дорба жұмбағы, өлеңі бар, екінші дорбасында сендерге сыйлығы бар екен, сол дорбаның қайсысын ашсақ - сыйлық аламыз.

-Бірінші дорбаның жауабын дұрыс тапсақ, екінші дорбаны аламыз.

-Іске сәт! Кезекпен келіп алайық.

Темірлан: Қолы жоқ сурет салады,

Тісі жоқ тістеп алады. (Аяз)

Батырхан: Жесең ащы,

Көзіңнен шығарар жасты

Милана: Қоян отыр партада,

Екі қолы қалтада.

Апай сабақ сұраса,

Ұйықтап қалыпты партада.

-Жарайсыңдар, балалар, көптеген сыйлықты алатын болдыңдар ғой.

6. Жұмбақ шешу.

Мен де сендер сияқты сыйлық алғым келіп отыр, бір жұмбақты сендерге жасырайын, сендер жауабын табыңдар.

Тал басында

Тамаша үй. (Ұя)

-Ұяны қай кезде жасаймыз?

7.Жазу жұмысы.

Я - ның үлкен, кіші әрпін жаздыру.

Ұя, қоян сөздерін жазғызу.

8.Ойын -«Қандай дыбыс?»

Ойын шарты:Балалар, мен қазір дыбыстарды айтамын. Дауысты дыбыс болса қол шапалақтау, дауыссыз дыбыс аяқ соғу. 2 топ болып жарысады.

9. Сабақты қорытындылау:

Сабақтың тақырыбы: 10 санының құрамы.

Сабақтың мақсаты: 1.Білімділік: 10 санын екі санның қосындысы түрінде жазу, кез -келген 10-нан кем санды 10-ға дейін толтыру.

2.Дамытушылық: Танымдылығын дамыту, сабаққа қызығушылығын, ойлау қабілетін дамыту.

3.Тәрбиелік: Есептеу дағдыларын күнделікті тұрмыста қолдана білуге тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: сұрақ -жауап, ойын, салыстыру , түсіндіру әдістері

Пәнаралық байланыс: дүниетану, әдебиеттік оқу

Сабақтың көрнекіліктері: сандар , сандар құрамы , суреттер.

Сабақтың барысы: І . Ұйымдастыру кезеңі

ІІ.Психологиялық дайындық .

ІІІ. Тірек білімдерін жетілдіру.

1)Ойын: «Тауық жұмыртқасын рет -ретімен орналастыр»

. сандарды өсу ретімен орналастыру.

2) Сандар құрамын қайталау. Ойын : «Кім жылдам?»

9 санының құрамын қайталау.

9 9 9 9

IV. Жаңа материалмен таныстыру .

Практикалық түрінде

1. «Алма жинау» ойынын қолдануға болады.

0+1 1+1 2+1 3+1 ..... 9+1.

-біз 10 санын білеміз . Ендеше бүгін 10 санының құрамымен танысамыз. Алма санау арқылы 10 санының құрамымен танысу.

2. №1 -86 бет

10 10 10 10 10

V.Сергіту сәті.

Бір дегенің -бесігіңді түзеуң

Екі дегенің -Егеменді елдігің

Үш дегенің - ана тілің асылың

Төртіншіңіз -төрелікке сайлаған.

Нұсултандай атамыз бар сыйлаған

Бес дегенің берекелі болғаның

Балдырғандай өніп, өсіп толғаның.

VI.Дәптермен жұмыс №3-86 бет

VIІ. Өзіндік жұмыс №4-87 бет

VIІІ. Логикалық тапсырма . «Керекті бөлікті тап»

Х.Сабақтың қорытындысы.

-Бүгін қандай тақырыппен таныстық?

-Сабақта не істедік?

-Қандай тапсырма қиын болды?

ХІ. Жақсы жұмыс істеген оқушыларды мадақтау.

Тақырыбы: х дыбысы мен әрпі

Мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға Х дыбысы мен әрпін таныту, оқу мен жазу дағдыларын қалыптастыру.
Дамытушылығы: Х дыбысына қатысты жаңа сөздерді таныту арқылы оқушылардың білімін жетілдіру, тілін дамыту.
Тәрбиелігі: Оқушыларды білімділікке, ұқыптылыққа, сауаттылыққа, табиғатты қорғауға, оқуға дағдыландыру.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.
Сабақтың әдісі: Ой қозғау, топтастыру, тізбектей оқу, ойын, шығармашылық тапсырма, сурет арқылы сөйлем құрау
Сабақтың көрнекілігі: cуреттер, буындар, сөзжұмбақ, ойындар.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
а) Оқушылардың назарын сабаққа
аудару.
ә) Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз,
Сәлем бердік сіздерге
Құрметпенен біз.

ІІ. Үй тапсырмасы: Ю дыбысы мен әрпі
« Сөз ойла, тез ойла» ойыны
а) ю дыбысы бар сөздерді айту:
ә) ю дыбысы кездесетін сөздерді буынға бөлу.
А - ю, о - ю, то - ю, қо - ю, ү - ю.
б) "Асыл мұра" мәтінін әр қатардан 3 - 4 балаға оқыту.
ІІІ. Жаңа сабақ: "Х дыбысы мен әрпі".
Жұмбақ жасыру.
- Бұны сендердің әжелеріңіз, аналарыңыз, апаларыңыз үйде киеді.
- Кейде оны дәрігердің үстінен де көруге болады. Бұл - киім.
- Халат сөзінде неше дыбыс бар?
- Ол қандай дыбыстар?
- Бірінші дыбыс қандай?
- Дұрыс. Бүгінгі сабағымызда біз Х дыбысы мен әрпімен танысамыз.

Жазылуы - Хх, баспа түрі - Хх
«Хх» дыбысы - дауыссыз дыбыс, араб, парсы тілінен енген сөздің барлық жерінде кездеседі.
- Біз Х дыбысын қай кезде айтамыз?
- Х дыбысы - дауыссыз, ауа кедергіге ұшырайды.
- Х дыбысымен біз өлең айта алмаймыз.

2. «Кім шапшаң?» ойыны
Көп нүктенің орнына қ немесе х әрпін қой.
Ша... мат, ас... ана,... алам,... абар,... алық, /қ, х /

ІV. Оқулықпен жұмыс
Хор хабар кітапхана асхана
Хат халат шеберхана дәріхана
- Спорт алаңына келдік.
- Мынау не?/Мынау - мұз айдыны./
/Суретпен жұмыс./
Суретке қарап, сөйлемдер құрастыру.
«Балалар хоккей ойнап жүр. Олар - нағыз хоккейшілер. Бір бала - қақпашы, ал екіншісі - шабуылшы.»

Мәтінмен жұмыс
Сұрақ - жауап:
- Хасан мен Хамит қандай ойын жақсы көреді?
- Хасан ойында кім? /Хасан - шабуылшы./
- Хамит ше? /Хамит - қақпашы./
- Ойын қалай өтті? /Хасанның тобы жеңіл шықты./
- Кім хоккей ойынын ойнап көрді?
«Хоккей» сөзіне талдау жасау.
- Хоккей сөзінде неше буын бар?
- Хоккей сөзінде неше к әрпі бар? /2/
- Хоккей сөзі - басқа тілден енген сөз
- Хасан мен Хамит біздердің келгенімізге разы болды.

V. Дәптермен жұмыс
● Х әрпінің емлесімен танысу. Х әрпін жұмыс дәптерлеріне жазу.
● Сергіту сәті
● Жаздық, жаздық бәріміз,
Талып қалды қолымыз.
Сәл ғана дем аламыз,
Сосын қайта жазамыз.

«Кім тапқыр»
1. Көп адам қосылып айтады
2. Қасиетті тағам.
3. Мемлекеттік рәміздердің бірі
1. Мұзда ойнайтын ойын
2. Үй құстарының бірі
3. Тәтті жеміс
4. Балық аулайтын құрал
5. Тамақтың дәмін келтіреді

Жоғалған буын ойыны:
1. -------- лық
Ха ------- йуан
----------- бар

2. Кітап -
Ас -
Дәрі - ------ хана
Шай -

3. Асыл -
Гүл ----- хан
Темір -
Сергіту жаттығуы:
Дыбыстарды ажырата білеміз бе?
Сабақты қорытындылау:
- Х дыбысы қандай дыбыс?
- Х қатаң дауыссыз дыбыс.
- Х дыбысы сөздің қай жерінді кездеседі?
- Сөздің алдын да, ортасында да кездеседі.

Үйге тапсырма
Х дыбысы мен әрпін оқу
Мадақтау.


Тақырыбы: «Ю» дыбысы мен әрпі

Мақсаты: «Ю» дыбысын меңгертіп, әрпін таныту.
Міндеттері:
1. Сөздер оқыту, сөйлемдер құрату.
2. Сөздік қорын, тіл байлығын, ой - өрісін дамыту.
Сауатты көркем жазуға төселдіру.
3. Еңбексүйгіштікке, шабыттылыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: кеспе әріптер, ю дыбысы бар суреттер, жұмбақ.

Сабақ түрі: аралас сабақ
Әдістері: оқу мен жазуды сын тұрғысынан ойлау технологиясының стратегиялары, сұрақ-жауап.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі
Психологиялық даярлық жасау.
Сабақтың ұранын еске түсіру.
Әнімізге ұласар
Әннің аты Әліппе.
Бәрімізге тілашар
Кітабымыз Әліппе.
Балалар, бүгінгі сабағымызға «Сиқырлы әріптер» бізге тапсырмалар дайындапты. Біз сол тапсырмалардың жауабын дұрыс тапқанда сабағымызды ары қарай жалғастыра аламыз. Тақтадағы жасырынған заттың атын табу үшін мына берілген қима әріптерден сөз құрап, ол сөзге дыбыстық талдау жасаймыз. Сонда тақтадағы жасырын заттың аты табылады.
Қима әріптерден құрастырған сөз (қоян)
2. Үй тапсырмасын тексеру.

2.1«Сұр қоян» өлеңін жатқа айту.
- Балалар, байқайсыңдар ма, «Сиқырлы әріптердің» бізге берген тапсырмасы да қоянға байланысты екен, ендеше осы өлеңді қимылмен, хормен жатқа айтайық.

2.2 Ендігі тапсырма «Бес сөз» ойыны.
« Я» дыбысы бар сөздерді ойлап табу
1- қатар - Бес қыздың аты;
2- қатар - Бес ұлдың аты;
3- қатар - Жер - су аттары.

Сонымен, балалар, өткен сабақта біз қандай дыбысты оқып үйрендік?
Я дыбысы қандай дыбысқа жатады?
Қандай дыбыстардың қосылуы арқылы жасалады?
И + А дыбыстарының қосындысы.
- Балалар, бұл қандай дыбыс?
(Дауысты дыбыс, қосарлы дыбыс).
3. Жаңа сабақ.
- Балалар, тақтаға қараңдаршы «Сиқырлы әріптер» бізге тағы да тапсырма дайындапты.
Суреттен нені көріп тұрсыңдар?
- Ою.
- Астындағы тапсырманың сырын табалық, мұнда бір дыбыс белгілі,
ол - О, ал белгісіз дыбыс қандай дыбыс?
- Белгісіз дыбыс - Ю. Ендеше, балалар бүгінгі өтетін, танысатын дыбысымыз - Ю. (Оқушылармен Ю дыбысын хормен айтып, дыбыстық мінездеме жасаймыз).
Дауысты дыбысты айтқанда өкпедегі ауа ауыз қуысында еш кедергіге ұшырамай шығады, яғни Ю - дауысты дыбыс.
Ю дыбысы тағы қандай сөздерде кездесуі мүмкін?
Мынау ненің суреті ? (Аю)
Қанша дыбыс естіліп тұр? (Яғни бұл дыбыс қосарлы дыбыс)

3.1. Ю дыбысының әріп таңбасымен таныстыру.
Ю - Й + У
3.2. Сергіту сәті.

3.3. Балалар, тағы да «Сиқырлы әріптердің» тапсырмасы. Қима буын арқылы сөз жазу.
1 - қатар 2 - қатар 3 - қатар
Со То Ба
3.4 «Мағынаны тану»

Оқулықпен жұмыс:
• Сөздерді оқыту
• Мәтінді оқыту
• Жазба сөйлемді оқыту.

4. Жаңа сабақты бекіту.
«Ой толғаныс»
4.1. Суретпен жұмыс. «Әжемнің оюы».
4.2. «Әжеме көмек» ойыны.
Әжеміздің оюы сияқты біз де дәптерімізге әдемілеп, Ю ю әрпін,және Ю әрпі бар сөз жазайық.

5. Сабақты қорытындылау.
Бұл «Сиқырлы әріптердің» соңғы тапсырмасы.
«Топтастыру»
5.1. Сызбамен жұмыс.
5.2. Жұмбақ шешу.
Ұстап әкеп шеңберді,
Байлап қойдым бағанға (Ю)
6. Мадақтау.
«Сиқырлы әріптер» ұлтымыздың ою - өрнектерін сыйға тартады.
7. Үйге тапсырма.
Ю дыбысы бар жұмбақ жаттап келу.


Сабақтың тақырыбы: «В» дыбысы мен әрпі
Сабақтың мақсаты:
1. Оқушыларға В дыбысы мен әрпін таныту. Ол арқылы берілген сөздерді оқу мен жазуға үйрету. Сөздерге дыбыстық талдау жасауға жаттықтыру.
2. Оқушылардың тіл байлығын, ой - өрісін, сөздік қорын, ойлау қабілетін дамыту.
3. Ұқыптылыққа, тиянақтылыққа, ойларын толық жеткізе білуге, үлкенді сыйлауға тәрбиелеу.

Сабақ типі: жаңа материалды меңгерту
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың көрнекілігі: сөздер, сурет, ат бейнесі, тірек сызба.
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, түсіндіру,талдау-жинақтау, шығармашылық жұмыс

Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру: жұптасып, сәттілік тілеу
II. Үй тапсырмасын тексеру.
1. Тізбектеп оқу: «Мектеп асханасы» 115б.

2. Сөздік диктанты: хат, хор, аян, ою, қоян, аю.
III. Жаңа сабақ. Жұмбақ жасыру:
«Хош келдіңіз» ұраны
Бір сөнбейді шырағы
Жұрттың бәрін қарсы алып
Шығарып сап тұрады. (Вокзал)
- Вв дыбысымен таныстыру
- В - дауыссыз, ұяң
- В - дыбысы төменгі ерін және жоғарғы тістің жуысуынан жасалады.
IY. Оқулықпен жұмыс
- Велосипед суреті: - Бұл көлік
- 2 - 3 сөйлем айту
- Тағы қандай көлік түрлерін білесің?
Көлік: машина, кеме, трамвай ,ұшақ, троллейбус, автобус
1. "Вокзал» суретпен жұмыс
- Сөйлем айту
- Жолсерік - пойызда жолаушыларға қызмет көрсететін адам.
2. Баған сөздерін оқу - мағынасын ашу.
- Сөздік жұмыс: витамин - дәрумен
- Баған сөздерін оқушыларға оқыту.
Сергіту: «Болайықшы осындай»
3. Мәтінді оқу - мазмұнын ашу.
- Оқушылардың оқуы - талдау
- Осы мәтінде әжей балаларға не деп бата берді?
Ү. Дәптермен жұмыс
- Тақтаға, ауаға жазу, үлгі бойынша тапсырмаларды орындау.

ҮІ. Сабақты қорыту: Бүгінгі сабақта көптеген көлік түрлерін атап өттік. Бұрынғы кезде жылқы, түйе көлік ретінде пайдаланылған. «Жүйрік ат» сурет - қорыту.
«Оқудың озатына - арман да таяу болар,
Білімнің боз атына мінбеген жаяу қалар»

Оқушыларды мадақтау.



Урок на тему Щ дыбысы және әрпі (1 класс)

Сабақтың тақырыбы: Ф дыбысы және әрпі
Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларға Ф дыбысы мен әрпін таныту, оның сөз ішіндегі ерекшелігін меңгерту
2. Сөйлеу мәнерін, оқушылардың байланыстырып сөйлеу дағдыларын, сөздік қорларын, топпен жұмыс жасау қабілеттерін дамыту
3. Отанын, елін, жерін сүюге тәрбиелеу; ұқыптылыққа, сауатты жазуға, оқуға дағдыландыру
Сабақтың түрі: жаңа білім беру
Әдісі: сұрақ - жауап, әңгімелеу, ойын ойнату, мадақтау, талдау-жинақтау, дыб. талдау
Көрнекілігі: мазмұнды суреттер, дыбыстық белгілер, кеспе әріптер, буындар
Пәнаралық байланыс: тіл дамыту, дүниетану
Сабақтың жүру барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі
- Психологиялық дайындық жұмысы
- Балалар, бүгін біздің сабағымызға қонақтар келіпті. Демек бұл сабағымыз жай сабақ емес, ерекше сабақ болып өткелі тұр.
Келгенше қонақ ұялады,
Келген соң үй іші ұялады, - демекші, біз ұятқа қалмауға тырысайық.
- Ой ашар
Қайырлы таң, достым,
Қайырлы күн болсын
Сәрсенбінің сәті
Сәттілікке толсын
Біздің алар бағамыз
Кіл бестіктер болсын
Сабақта бір - бірімізге сәттілік тілейік.

II. Үй тапсырмасын тексеру.
А) Ой сергіту. «Сөз ойла, тез ойла» ойыны (В дыбысына сөздер ойлау) Үш топқа бөлініп жарысу.
Ә) Вокзал мәтінін тізбектеп оқыту. Түсініктерін сұрау.
Б) Өткен дыбыстарды еске түсіру, дауысты, дауыссыз екенін ажырату

III. Жаңа сабақ. Қызығушылығын ояту
- Жұмбақтар оқу, шешу.
1. Қыста дем алып, жазда тынбайды,
Көкке атылып жерге құлайды. (фонтан)
2. Өңкей сығай екі топта,
Таласып жүр бір допқа (футболшы)
3. Жасыл желек көгалда,
Бірде артқа,
Бірде алға,
Желаяқ көп бала
Таласып жүр бір шарға (футболшылар)
- Сонымен, сиқырлы әріптер әлемі бүгін бізді қандай дыбыспен таныстырды?
- Қане, айтып көрейікші?- Ф - ф
- Қандай дыбыс? Неге дауыссыз дыбыс?
- Ф дыбысын қай үйге орналастырамыз?
- Ф әрпінің баспа және жазба түрімен таныстыру.
- Ф әрпіне байланысты суретпен жұмыс
Ф дыбысы бар сөздерді суреттен табу, дыбыстық талдау жасау, оларды буынға бөлдіріп, Ф дыбысының сөздің қай жерлерінде кездесетінін оқушыларға анықтату.
Ф дыбысынан басталатын адам аттарына мысал ойлау
IV. Сергіту сәті
Футбол деген ойынға
Барлық бала құмар - ақ
Бірақ жолдың бойында
Доп теппеңдер қуалап

V. Оқулықпен жұмыс.
- ф дыбысы бар сөздерді оқып, сурет бойынша әңгімелеу.
Сөздерді буындап, тұтас оқуға үйрету, түсініксіз сөздерге талдау жасау,
Ә) Интерактивті тақтадан телефон түрлерін көрсету, өту.
Б)«Фабрикада» суретімен жұмыс жүргізу.
Тірек сөздерді пайдаланып сөйлемдер құрату.
Аяқкиімнің түрлерін анықтату.

VI. Жазу дәптерімен жұмыс.
А) Ф ф әрпінің жазба түрімен таныстыру. Қос бүйірін таянып, тұратұғын қай әріп?
Ә) Ф әрпінің баспа, жазба түрімен таныстыру
Б) Тақтада жазылуын көрсету, түсіндіру
В) ф әрпін ауада жазып көріп, дәптерге жазу.
Сергіту сәті:
1, 2, 3
Бойға жинап күш
Қолға қалам аламыз
Әсем етіп жазамыз

VII. Шығармашылық тапсырмалар:
А) Сөздерді сызықшамен буынға бөліп көрсет, дыбыстардың астын дауысты, дауыссызға тән шартты белгімен көрсет.
Футбол, ферма, телефон, фабрика
Ә) «Қай әріпті жоғалттым?» ойыны (көшіріп жазу): т.фли, фи.ма, ф.кс, ф.зика, ма.афон.

VIII. Сабақты бекіту
«Жалғасын тап» ойыны.
Шарларға буындар жазылған. Шар ұстаған бала шарында жазылған буынның жалғасын табуы қажет.
IX. Сабақты қорытындылау.
- Сонымен қандай жаңа дыбыспен таныстық? - ф дыбысы қандай дыбыс? - ф дыбысы сөздің қай жерлерінде кездеседі?- ф дыбысы бар сөздерге мысал келтіру.
X. Марапаттау
































Серуендеу

«Қара бөрік» ойынын үйрету

«Қара бөрік» ойынына қатысушылар араларынан бір ойыншыны шығарып, алыстау жерге барып, бөрік немесе басқа бір белгілі затын жасыруға жібереді және өзі де сол маңайда жасырынуы керек. Қалған ойыншылар жасырған ойыншының тыққан затын іздеуге кіріседі. Кімде-кім тығылған бөрікті көріп қойып, алуға қам жасаса, онда иесі бермеуге тырысады. Бермеудің жағдайы екеуі бірдей бас салып бөрікке таласу емес, қай бұрын алғаны алады, ал көрген ойыншы ала алмай қалса, онда иесі қорып, бөрікке жібермеуге тырысады. Ал басқалардың қай-қайсысы болмасын, бөріктің иесіне қол тигізіп күш жұмсауына болмайды. Қайткенде де алдап жүріп алып, оны ойын жүргізушіге ертіп келулері керек. Келесі жолы бөрікті жасыруға бөрікті әкелген ойыншы барады да, ойын жалғаса береді.[1]





Урок на тему Щ дыбысы және әрпі (1 класс)Урок на тему Щ дыбысы және әрпі (1 класс)Урок на тему Щ дыбысы және әрпі (1 класс)

Урок на тему Щ дыбысы және әрпі (1 класс)Урок на тему Щ дыбысы және әрпі (1 класс)Урок на тему Щ дыбысы және әрпі (1 класс)

Урок на тему Щ дыбысы және әрпі (1 класс)Урок на тему Щ дыбысы және әрпі (1 класс)Урок на тему Щ дыбысы және әрпі (1 класс)

Урок на тему Щ дыбысы және әрпі (1 класс)Урок на тему Щ дыбысы және әрпі (1 класс)Урок на тему Щ дыбысы және әрпі (1 класс)

Сабақтың тақырыбы: Сандар қатарының қасиеттері.алдынғы және кейінгі сан.

Сабақтың мақсаты: 1. Сандар қатарының негізгі қасиеттерімен таныстыру, сан сәулесі негізінде бірліктерді азайту, қосу дағдыларын бекіту; «алдыңғы»,

«кейнгі» ұғымдарымен таныстырып, оларды ауызекі сөйлеуде қолдануға үйрету.

2. Математика пәніне оқушылардың қызығушылығын арттыру.

І.Психологиялық дайындық.

«Амансың ба, Алтын Күн!

Амансың ба, Жер -Ана!

Амансың ба, достарым,

Сендерді көрсем қуанамын мен.»

ІІ.Тірек білімдерін жетілдіру. Жаңа материалды меңгеруге дайындық ретінде ауызша санауға суретті полотноға немесе тақтаға біртіндеп қосуға арналған жаттығуларды қолдануға болады.«Тізбек», «Үндемес», «Көрші сандарды ата», «Санды таны» т.б.ойындар ұйымдастырылады.

ІІІ.Жаңа материалды меңгеру. Оқулықпен жұмыс кезінде оқушылар мұғалімнің:«5саның оң жағында қандай сан тұр? Сол жағында ше?» деген сұрақтарына жауап береді. Оқушылар оң жақта 5-тен артық, сол жақта 5-тен кем сан тұратындығына көздерін жеткізеді. «Алдыңғы» және «кейінгі» ұғымдары түсіндіріледі. Дәптердегі №1тапсырма орындалады. Алғакшқы алған білімдерін бекіту үшін №2 тапсырмада берілген кесте толтырылады ± 1.Тапсырма алдын ала тақтаға жазылып қойылады.Оқушылар бір-бірден тақтаға шығып алдыңғы және кейінгі сандарды түсіндіре отырып жазады: «Егер бірге артса немесе тағы бірді қоссақ, онда келесі сан шығады. Егер бірге кемітсек немесе бір бірлікке азайтсақ, онда алдыңғы сан шығады.

1

4

6

8

9

3

7

5

2

2

10

8

1

4

3

7

6

2

5

9

ІV.Өткен материалмен жұмыс.

Оқулықпен жұмыс. Оқушылар №3 тапсырманы дәптерге берілген. Оқушы жауаптары мынадай болады:«5 саны 4-ке қарағанда артық , өйткені сан сәулесінде 4саны 5-тен бұрын тұр»

V.Сергіту сәті

Қоян шықты далаға,

Жан-жағына қарады.

Жүгірді, секірді,

Орнына отырды.

VI.Дәптермен жұмыс. №4 тапсырма.

№5 тапсырма-90 бет.Ойлау қабілеттерін дамытуға арналған.

VІI. Сабақты қорытындылау.

VIІІ. Оқушыларды мадақтау.

Сабақтың тақырыбы: Ё ё дыбысы және әрпі.
Сабақтың мақсаты: 1. Балаларды Ё ё дыбысы және әрпімен таныстыру.
Ұсынылған әрбір сөзге дыбыстық талдау жасай білуге үйрету.
2. Балалардың ойлау, есте сақтау қабілетін дамыту.
3. Еңбексүйгіштікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Суреттер, әріп таңбасы., т. б.
Сабақтың жоспары: І. Ұйымдастыру.
Балалардың назарын сабаққа аудару.
ІІ. Жаңа сабақ.
1. «Ойлан, тап» ойыны
а) Жұмбақ шешу.
Қысы - жазы бүр түсте.
Ол не?
- Шырша - елка
- Ё дыбысы дауысты дыбыс. Ол екі дыбыстан жасалған (й+о), орыс тілінен енген сөздерде кездеседі.
Мысалы: Монтер, шахтер, актер, т. б.
3. Сергіту сәті.
Биік болып өсеміз,
Ёлкалардай жайқалып,
Табиғатты сүйеміз.
Шетімізден шеберміз,
Денемізді бос ұстап,
Билеп - билеп аламыз.

4. Дәптермен жұмыс.
а) Сөздік жұмысы.
Шахтёр, монтёр сөздерінің мағынасын түсіндіру. Осы сөздерге талдау жасату.
ә) Дәптердегі берілген буындарды, сөздерді оқыту.
5. Жазу жұмысы.
Ё ё әрпін бастырып жазу.
6. «Сөйлем құра» тапсырмасын орындату.
Мысалы: Машинаны шофер жүргізеді. т. б.
7. «Кім біледі?» ойыны.
Актер, монтер, элеватор сөздеріне талдау жасап, шартты белгімен жазу.
8. «Мен бастаймын, сен аяқта» ойыны.
Шарты: «Мен шахтер деймін, Балалар «Шахтер көмір қазады, «Элеватор», «Элеватор астық сақтайтын ғимарат деп жауап береді.»
9. Шахтер өлеңін оқып беру. С. Мауленов.
Шахтерлерді ел біледі.
Оған сарай - жер асты.
Көмір қазып жүреді,
Қопарып ол тау - тасты.
Бала оқитын зәулім үй
Қалмау үшін суынып,
Көмірден тау үйеді,
Беру үшін жылылық. - Өлең кім туралы? - Өлеңде бүгінгі өткен дыбысымыз бар ма?

10. Қорытындылау.


Сабақтың тақырыбы: Көкжиек. Көкжиектің негізгі және аралық

тұстары.

Сабақтың мақсаты. Б-к: оқушыларға көкжиек, көкжиек сызығы туралы кеңінен

түсіндіру.

Д-қ: логикалық ойлау, бақылау, байқампаздық дағдыларын

дамыту.

Т-к: табиғатты сүюге, аялауға тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, топпен жұмыс.

Сабақтың түрі: жаңа ұғымды меңгерту.

  1. Мотивация кезеңі.

Психологиялық дайындық.

Үй тапсырмасын тексеру.

  • «Сенің еңбегің» тақырыбы бойынша сұрақтарға жауап алу.

    1. Мағынаны ашу.

Оқулықпен жұмыс.

  • Көкжиек, көкжиек сызығы туралы түсінік беру.

  • Көкжиектің негізгі төрттұсы және аралық төрт тұсы туралы түсінік беру.

Б Ш Б Ш

О ОБ О ОШ

  • Сурет салғанда, сызбалар сызғанда солтүстік бағыт қағаздың жоғары жағында, оңтүстік төменгі жағында, батыс сол, шығыс оң жағында белгіленеді.

  1. Ой толғаныс.

  • Жергілікті жердің көкжиегін анықтап, суретін салғызу.

  • Маңайдағы көз жететін кеңістік көкжиек деп аталады. Көкжиек - аспан мен жердің көз жететіндей түйіскен жері. Адам төбеге көтерілген сайын, көкжиек кеңейе түседі.

  • Кеңістіктің аспанмен астасқан жері көкжиек сызығы деп аталады.

  • Өздерінің үйі мен мектеп аралығын анықтап, қай бағытта мектепке келеді, қай бағытта үйге қайтатынын салдыру.

  1. Рефлексия.

  • Көкжиек деген не?

  • Көкжиек сызығы деген не? екеуінің қандай айыпмасы бар?

  • Жолмен жүріп келе жатқанда көкжиек қалай өзгереді? Тауға шыққанда ше?

  • Тал түсте Күнге арқаңды беріп тұрғанда, көкжиектің негізгі және аралық тұстарын анықта.

Бағалау.



© 2010-2022