Қазақ тілі 2 сынып Я әрпінің жазылуы

Раздел Начальные классы
Класс 2 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Қазақ тілі 2-сынып

Сабақтың тақырыбы: «Я әрпінің жазылуы»

Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларға Я әрпінің жазылуы және дыбысталу ерекшелігі туралы түсінік беру.

2. Балалардың таным белсенділігін дамыту, ойларын қорытындылау, сұрақтарға жауап беру, ойлану жүйелілігін арттыру. Әдемі, көркем, қатесіз жазуға қалыптастыру.

3. Оқушыларды ұйымшылдыққа, бірлікке тәрбиелеу.

Көрнекілігі: суреттер, оқулық , карточкалар, ребус, флипчарт

Пәнаралық байланыс: ана тілі, дүниетану, халықтық педагогика.

Түрі: аралас.

Әдісі: сұрақ-жауап, ойын, деңгейлік тапсырмалар.

Сабақтың барысы:

р/с

Сабақтың мерзімдері

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

1

Ұйымдастыру кезеңі, оқушылардың біліктілігін арттыру.

Психологиялық дайындық.

Барлығымыз көзімізді жұмып

Мен сабақта, мектептемін,

Менің зейінім тұрақты

Мен жақсы ойлап отырмын.

2

Оқушылардың білімін бекіту.

-Я қандай дыбыс?

-Я әрпі қандай дыбыстардан құралған?

-И әрпінен кейін қандай дыбыс естіледі?

-И әрпінен кейін қандай әріп жазылады?

Я - қосарлы дауысты дыбыс.

Я әрпі йа дыбыстарынан құралған.

И әрпінен кейін а дыбысы естіледі.

И әрпінен кейін я әрпі жазылады.

3



4

Үй жұмысын тексеру



Білім меңгеруі мен қолдана білуі.

98-жаттығу. Көп нүктенің орнына тиісті әріптерді қою.


Жағдаятты шешу

Мектепте қашықтыққа жүгіруден жарыс өтті. Жарыс кезінде досың аяғын ауыртып, жүре алмай қалды.

Сен не істейсің?

Енді мына сөздерді қолданып жағдаятты шеш?

Есінде сақта:

Сөздегі и әрпінен соң а жазылмайды,

я жазылады: мия, сия, Ғалия.

Дәптермен жұмыс.

-Бүгінгі күнді жазайық..

Көркем жазу.

саяхатқа

аяз

оянды

даярлап қояды

Аян бояумен


Ұялы телефон,

жедел жәрдем,

көмек

Сөзде йа дыбыстары естілгенімен, олардың орнына я әрпі жазылады.

Дәптерімізді ашайық

Қолға қалам алайық

Түп-түзу боп отырып,

Көркем етіп жазайық.

5

Оқулықпен жұмыс. 1-жаттығу.

-Мақалды оқып жатқа жаз.

-Әр сөзде неше әріп, неше дыбыс бар?

Сергіту сәті.

102-жаттығу. Көп нүктенің орнына тиісті әріпті қойып жаз.

-Я дыбысы кездесетін сөзді ата.

-Я дыбысы қалай естіледі?

Адалда зиян жоқ,

Иманда арам жоқ.

Зиян- сөзде төрт әріп, бес дыбыс бар.

Ормандағы аюдың,

Құлпынай көп екен.

Теріп, теріп аламыз,

Қалтамызға саламыз.

Пи....з, Ұрқи...я, си...я, Дари...я, қари...я, зи...н.

Я дыбысы барлық сөзде кездеседі.

Я дыбысы йа болып естіледі.

6

Сабақты бекіту.

Топпен жұмыс:

Берілген әріптер қатарында

жасырынған сөздерді табу.


шаян, тұяқ, аялдама, баяу, ұялшақ

7

Сабақты қорыту.

Бес жолды өлең құрастыру.

1. Не?

2. Бұл не?

3. Бұл қандай дыбыс?

4. Ол не істей алады? 5. Ю әрпі бар сөйлем құра.

1. Я

2. Бұл әріп.

3. Қосарлы дауысты дыбыс.

4. Жазылады, айтылады, естіледі, көрінеді.

5. Йа естілгенімен, я әрпі

8

Рефлексия.

Сабақ ұнады ма? екенін алмаларға жазып, ағашқа ілу.

Сабақ ұнады.

9

Үйге тапсырма.

36-бет

104-жаттығу

10

Бағалау

«Өте жақсы қатыстым» - 5

«Жақсы қатыстым» - 4

«Орташа қатыстым» - 3


© 2010-2022