Буклет: Қазақ тілі сабағында АҚТ-ны қолдану

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:
АКТ-ны қалай қолдану керек Технологиялық білім сыныпта АКТ-ны қолдану жөніндегі білімдерді қамтиды. Мектептегі технологияларға мыналар жатады:
  1. Теледидар бағдарламалары;
  2. Сандық теледидар;
  3. Интернет/ WWW;
  4. Ұялы телефон;
  5. Ұтқыр қондырғылар;
  6. Компьютер/ноутбук.

Сандық бейнені (видео) қолдану Бағдарламалық жасақтама (БЖ))
  1. Windows-тың көшірмелерінің көбісінде
  2. бейнені редакциялауға мүмкіндік беретін тегін
  3. және қолданыста өте жеңіл Windows MovieMaker
  4. бағдарламалық жасақтамасы бірге жүреді.
  5. БЖ-ның тегін болуына қарамастан, бейнені
  6. редакциялауда таптырмайтын құрылғы.
  7. Осы БЖ-ның бізге ұсынатын мүмкіндіктері
  8. құны жүздеген фунтқа жететін басқа
  9. бағдарламалар ұсынатын мүмкіндіктерден
  10. еш кем түспейді. Бірақ бұл құрылғыда
  11. қолданушылардың көбі әдетте қолдана бермейтін
  12. бірқатар жоғары техникалық функциялар жоқ.
  13. БЖ орнатылған iMovie деп
  14. аталатын Macintosh компьютерінің
  15. көбісінде осыған ұқсас функциялар орналастырылған.
Кейде бейнекамераны қолдану қиын болып жатады, дегенмен Сізде камерамен бірге жүретін диск және қолдану жөніндегі нұсқаулық болса, жұмысыңыз жеңілдейді. Бағдарламалық жабдықтарды сенімді түрде колданудың жалғыз жолы - оларды пайдалануды бастау. Ол үшін кез келген қысқа бейнеклипті жүктеп алып, өзіңіздің бағдарламалық жасақтамаңызға енгізіп, онымен мұқият жұмыс істеңіз. Бұл жұмыс алғашында біраз уақытыңызды алуы мүмкін, бірақ кейіннен жеңіл және жылдам жұмыс істеуіңізге мүмкіндік береді.
Жарықтандыру Бұл нағыз проблема болуы мүмкін. Сандық камералардың көбінде автоматты жарықты икемдеу функциясы бар. Түсіп тұрған жарық көзі сай болып, әрі камераңыз жылжымай, бір жерде тұратын болса, бұл функция ыңғайлы болады. Ал камераңыз орын ауыстырып, жарық түсу деңгейі өзгеріп тұрса, бұл нағыз проблемаға айналуы мүмкін. Егер камераңыздың орнын ауыстырып тұруды жоспарласаңыз, орын ауыстыру жолын алдын ала ойластырыңыз, өйткені дұрыс емес орынға (мысалы, терезеге арқаңызбен) тұрып қалуыңыз мүмкін. Фотосуреттерде жарық деңгейін өзгерту айтарлықтай оңай, Windows MovieMaker сияқты кейбір бейнебағдарламалар да жарық деңгейін өзгертіп, редакциялай алады. Бірақ жарықтандыру мәселесін алдын ала ойластырып алған дұрыс.
Микрофондар Көптеген камералардың орнатылған микрофоны бар, бірақ Сізге түсіріп жатқан бейнеңіздің дыбыстық жолы маңызды болса, екінші микрофоныңыз болғаны дұрыс. Кейбір сандық бейнекамералардың екінші микрофонды қосуға арналған 3,5 мм ұясы болады, Микрофонды қосар алдында камераға орнатылған микрофонның өшіріліп, теңшеулердің барлығын жөнге салғандығыңызды және микрофонды ұстау ыңғайлы екендігін тексеріңіз (ұзын сымы бар микрофон пайдаланыңыз). Тағы бір тәсіл - саундтрек және баяндауды бөлек жазып, кейін оны қосу. Бейнені редакциялауға арналған БЖ Сізге саундтректерді кейіннен қосуға мүмкіндік береді (бірнеше рет те қосуға болады).
Аудио және подкастинг Подкастинг - бұл балаларға өз жұмысы мен жаңалықтарын Интернеттегі өте үлкен аудиториямен бөлісудің керемет тәсілі. Мектеп ұжымы не істеп жатқандары туралы айту үшін және балаларының жетістіктерін мерекелеу үшін Интернетті жиі пайдаланады, ал подкастинг - бұны көрсетудің тамаша тәсілі.
Подкаст деген не? Подкаст радиоқойылымға ұқсас (интернетте орналастырылған, цифрланған бағдарлама). Бірақ тікелей эфирден шығарудың орнына подкаст жазылады және кейіннен кез келген уақытта тыңдай алатындай етіп Интернет арқылы таратылады. Жалпыға қызықты ойын-сауықтан бастап белгілі тақырыптар бойынша (мысалы, компьютерлер/ музыка/ білім) мамандандырылған мыңдаған қолжетімді подкасттар бар.


Қалай тыңдау керек Сіз подкасттарды оларды жасаған адамдардың web-сайттарынан тікелей тыңдай аласыз (төмендегі кейбір мысалдарды қараңыз). Бірақ Сізге iPodder және iTunes сияқты БЖ пайдалана отырып, подкасттарға «жазылуға» болады. Бұл бағдарламалар соңғы шоуларды автоматы түрде жүктейді және Сіз оларды өз компьютеріңізден және/немесе mp3 плеермен тыңдай аласыз. Подкастқа жазылу үшін Сізде RSS таспа (бұл ақпарат подкасттың web-сайтында болуға тиіс) болу керек. iTunes-те анықтама бар, Сіз тек «Жазылу» («Subscribe») түймесін басып, шоуға жазыла аласыз.
  1. .

Подкастқа не қосуға болады?
  1. Мектеп жаңалықтары - балалар мен ата-аналарға
  2. мектепте не болып жатқаны туралы хабарлаудың
  3. тамаша тәсілі.
  4. Балалар жұмыстары - балалар өз жұмысын басқа
  5. біреулермен бөліскенді жақсы көреді. Олардан өз
  6. бастарынан кешкен оқиғалары жайлы жазуды немесе
  7. мектепте жасап көрген іс-әрекеттері туралы есеп жазуын
  8. сұраңыз.
  9. Мектеп өлеңдері.
  10. Сұхбат - мектеп ұжымымен, балалармен, қоғамдастық
  11. мүшелерімен және мектепке келушілермен.
  12. Музыка - авторлық құқықтың бұзылатынына
  13. байланысты подкасттарда коммерциялық музыканы
  14. пайдаланбағандарыңыз жөн. Авторлардың ресми
  15. келісімін алған жағдайда ғана подкасттарда автор
  16. музыкасын пайдалануға рұқсат беріледі.

Wiki беттері Wiki дегеніміз не? Wiki бір топ адамға HTML немесе басқа бағдарлама тілін білмей-ақ, web-сайтты бірлесіп дамытуға мүмкіндік береді. Кез келген адам wiki-де беттерді қоса алады немесе редакциялай алады - бұл толық эгалитарлы (тең құқылы) болып табылады. Беттің атымен жаңа сілтемені жасай отырып, кез келген адам wiki-дің жаңа беттерін жасай алады.























Буклет: Қазақ тілі сабағында АҚТ-ны қолдану







Буклет: Қазақ тілі сабағында АҚТ-ны қолдану


Буклет: Қазақ тілі сабағында АҚТ-ны қолдану











Қазақ тілі сабақтарында ақпараттық-коммуникативтік технологиялардың мүмкіндіктерін қолдану жолдары







Буклет: Қазақ тілі сабағында АҚТ-ны қолдану


Байгабулова А.К.

Павлодар қаласы

№26 ЖОМ

© 2010-2022