Ана тілінен сабақ жоспары: Алматы

Раздел Начальные классы
Класс 1 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақ тақырыбы: Алматы
Сабақтың мақсаты:
Оқушылардың тасымал туралы білімдерін кеңейту, Алматы қаласы туралы түсінік қалыптастыру.
Күтілетін нәтиже: Оқушылар сөздерді буынға бөліп, тасымалдай біледі. Алматы қаласы туралы түсінік алады.
Қолданылатын модульдер: Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер, Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету, Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу, Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау.

Сабақтың көрнекілігі: телефон, оқулық, дәптер, магниттер.
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ - жауап, ойын, жұптық, топтық жұмыс
Сабақтың барысы: І. Психологиялық дайындық.

Оқушыларды бір -бірінің артына тұрғызып, би билету. Әуен тоқтағанда қолындағы стикерді алдындағы оқушының арқасына қойып, қаламмен кез келген сыйлықтың суретін салғызу.Тағы би билету. Әуен тоқтағанда жұп болып тұра қалу. Қолындағы сыйлық бейнеленген стикерді бір - біріне сыйлау.

ІІ. Ой қозғау

Тақтаға 3 түсті алмаларды қою. Не көріп тұрсыңдар? Алма .

Алмалар туралы не айтасыңдар? Апорт алма қай қалада өседі?

Тақтамен жұмыс: Алматы деген сөзге дыбыстық талдау жасау. Көркем жазғызу

Ондағы дауысты дыбыс қанша? Неше буынды сөз? Алматы сөзін тасымалдау түрлерін көрсет.

ІІІ. Мағынаны тану

Оқулықпен жұмыс.

Мәтінді мәнерлеп оқып беру. Сұрақ - жауап.

ІҮ. Сергіту сәті.

Алма баққа барайық
Алма теріп алайық
Ең үлкенін дәмдісін
Анамызға сыйлайық

Ү. Дәптермен жұмыс.

№1 ана тілі жұмыс дәптеріндегі тапсырмаларды орындау.

Топтық жұмысы. 94 - жаттығу.

ҮІ. Қорытынды: Себетке алма жинау

  1. Ел ордамыз қай қала?

  2. Ең көрікті, сәулетті қала?

  3. Астана сөзінде неше буын бар?

  4. Алматы сөзіне сөйлем құра.

  5. Тасымал дегеніміз не?

  6. Сөздің тасымалдануы неге байланысты?

  7. Буынға бөлу неге байланысты?

ҮІІ. Үйге тапсырма: 61 - 62 бет оқу, маз. 93 - жаттығу

ҮІІІ. Бағалау. Жетондарды санау арқылы бағалау.


© 2010-2022