Доклад Оқушыларды сыни тұрғыдан ойлауға үйрету

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Оқушыларды сыни тұрғыдан ойлауға үйрету
Бүгінгі заман талабына сай білім беру үрдісінде жекеленген стратегиялар мен әдіс-тәсілдерді қолданып, жаңашылдыққа талпыну - әрбір мұғалімнің басты ізденісі болып саналады. Осы тұрғыдан айтар болсам, «Сыни тұрғыдан ойлау» стратегиясын қолданудың маңызы өте зор. Оқушылардың сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін дамытуға байланысты, атап айтқанда: тыңдау мен зерттеу арқылы оқу, мәнмәтінге көңіл бөліп, шешім қабылдау үшін тиісті өлшем қолдана білу сияқты дағдылармен қоса, мұғалімдер: •білім беру бағдарламасы мен оқыту үрдісін түсіну үшін қажетті теориялық базаны; •қорытынды мен тұжырымдарды қалыптастырудың тиісті әдістері мен технологияларын дамыту керек. Осы стратегиямен жұмыс жасауда өзімнің тәжірибемнен мысалдар келтірмекпін. 2 «а» сыныбына «Атамұра» баспасынан шыққан Әдебиеттік оқу пәнінен М.Әуезовтың «Бала Абай» тақырыбын өткенде сабақ барысын үш кезеңге жоспарлап алдым. Қызығушылықты ояту, мағынаны тани білу, ой толғаныс сатысы. Сабағымның қызығушылықты ояту сатысында оқушылардың сабаққа деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында «Миға шабуыл» жасай отырып, ребус шешкіздім. Оқушылар ребус шешуде өзара талқылап, бірлесе отырып белсене шешті. Оқушыларды жан-жақты ойландыру үшін «Пікірлер ағашын» пайдалана отырып, Абай туралы сұрақтар бердім. Оқушылар Пікірлер ағашына Абай туралы білетіндерін еске түсіре отырып толтырды. «Миға шабуыл» әдісін қолдана отырып, сыни тұрғысынан ойлауды дамыту үшін берілген сұрақтардың маңызы зор. Осыны ескере отырып, төмендегідей сұрақтар тудырдым. -Абай кім? -Қайда туған? -Қандай өлең жазған? -Әкесінің аты кім? -Абай туралы роман жазған жазушы кім? -Оның тағы қандай әңгімесін оқыдыңдар? -Тақырып неге «Бала Абай» деп беріліп тұр деп ойлайсыңдар? Бала Абай деп кімді айтып тұр деп ойлайсыңдар? Осындай ой қозғау сұрақтары арқылы оқушыларға бүгінгі сабақтың мақсаты мен критерийлерін анықтатып алдым. Мағынаны тани білу сатысында мәтінмен жұмыс жасау кезінде «Түртіп алу» стратегиясы бойынша оқушылар мәтіннен түсініксіз сөздерді тапты. Шағын топтарға ресурстар беруде оқушылардың сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін дамыта түсуді көздей отырып, 1-топқа мәтіндегі кейіпкерлерге мінездеме беруді, 2-топқа мәтіннен Абай бейнесі суреттелген тұсты таба отырып, «Ассоциация» құруды ұсындым. Екі топта берілген жұмыстарын постер арқылы қорғап, белсенділік таныта отырып орындады. Ой толғаныс сатысында «Тірек сөздер арқылы әңгіме» әдісі бойынша суретпен жұмыс жүргіздім. Оқушылар мәтін бойынша түсінгендерін қорытындылай келе, сурет бойынша түйінді әңгіме құрады. Белсенділігі төмен оқушыларды алға тарту үшін сыни тұрғыдан ойлауға арналған сұрақтар беріп, олардың ойлануына мүмкіндік туғыздым. Соның нәтижесінде, белсенділігі төмен оқушым сурет бойынша әңгіме құрауға жетелейтін сұрақтарға жауап беріп, сабаққа тартылып отырды. Келесі өткізген Т. Жұртбайдың «Бала Мұхтар мен Абай» атты тақырыбына арналған сабағымның ой қозғау сатысында оқушылардың сын тұрғысынан ойлау қабілеттерін дамыту үшін төмендегідей сұрақтар бердім.

  • Міне, осындай әдемі көктемде бала Мұхтар қайда келіп еді?
  • Әрі қарай не болды деп ойлайсыңдар?
  • Әңгімені кім жазған еді?
Берілген сұрақтарды оқушыларға әуелі жұп болып талқылауға бағыт бердім. Жұптасып талқылауға уақыт беріліп, олардан ортақ жауап берулерін сұрадым. Оқушылар жұптасып берілген сұрақты талқылап, ортақ жауап берді. Ой қозғау сатысында «Миға шабуыл» әдісінің тиімділігін, оқушылардың жұптық әңгіме барысында өздерінің пікірлерін жеткізуге, жұптармен әңгімелесу оқушылардың сабақтың негізгі идеясына байланысты не ойлайтындарын түсінуге көмектесті. Сабағымның мағынаны тани білу сатысында «Сиқырлы сұрақтар» әдісі бойынша тапсырмалар бердім. «Абай ауылының дәмі» ретінде шашылған шашуларды теріп, ондағы үлестірмелі қағаздарда жазылған сұрақтарға жауап берді. Оқушылар бұл тапсырманы аса қызығушылықпен жарыса орындады. Олар шашылған шашуларды теріп алуға талпынды. Ондағы қойылған сұрақтарға ойлана жауап берді. Кейбір оқушының жауап берудегі қиналған тұсында сұрақты қайта бағыттау арқылы бір-біріне көмек көрсете алды. «Соңғы сөзді мен айтайын...» әдісін пайдалана отырып, мәтінді өз сөздерімен аяқтауға «Менің ойымша...» ұсыныс білдірдім. Оқушылар өз пікірлерін ортаға салып, мәтіннің қалай аяқталғаны туралы өз ойын бір сөйлеммен білдірді. Осы кезеңде әрқайсысы ойларын айтып, ортада пікірталас туындады. Қорыта айтқанда, сыни тұрғыдан ойлау стратегиясын тиімді пайдалана білу-мұғалім оқушының сыни ойлауын қалыптастыруға жетелейтін құралы іспептес. Сабақтарда оқушының сыни тұрғыдан ойлауын дамыту үшін берілген сұрақтардың маңызы өте зор. Осы айтылғандарды мұғалім назарында ұстап, осы тұрғыдан көрінуіне жағдай туғызуы керек екендігі белгілі. Сонда ғана оқушылардың сыни тұрғыдан ойлануға белсенді болатыны сөзсіз.
Пайдаланылған әдебиеттер: 1.Мұғалімге арналған нұсқаулық (үшінші деңгей); 2.Әдебиеттік оқу. 2-сынып Б.Т. Қабатай, С.Р.Рахметова «Атамұра» баспасы, 2013ж. 3.А. Әлімов «Интербелсенді әдістемені ЖОО-да қолдану» 2013ж.



© 2010-2022