Мәңгі болсын тыныштық! 3 - сынып

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:


Ұйғыр ауданы « Ақтам орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен» КММ Мукакожаева Жанна Куанышбаевна Сыныптан тыс іс - шара 3 сынып

Тақырыбы: Мәңгі болсын тыныштық!

Мақсаты: 1. Ұлы Отан соғысы, оның зардаптары, Ұлы жеңістің мін мағынасы

туралы мағлұмат беру.

2. Оқушылырдың тіл байлықтарын, ойын, мәнерлеп оқу дағдыларын

ұштау.

3. Отан үшін жан қиған аталар мен апалардың, қазіргі таңда арамызда

жүрген ардагерлеріміздің ерліктерін үлгі ете отырып, оларды

құрметтеуге тәрбиелеу.

Отансүйгіштікке, елжандылыққа, батылдыққа шыншылдыққа баулу.

Көрнекіліктер: Плакатқа жазылған нақыл сөздер, батырлардың суреттері

буклеттер, оқушылар салған суреттер.

Тәрбие сағатының барысы:

- Құрметті қонақтар, оқушылар, ұстаздар!

Әрқайсысымыз үшін жақын да қымбат мереке 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында жеңіс күніне санаулы да күндер қалды.

Жеңіске жету жолында Қазақстандықтардың асқан ерлігі мен әскери жанқиярлығы Отан соғысы тарихындағы жарқын беттерге айналды. Сондықтан жеңіс күні әрқайсымыздың жүрегімізге жақын.

1- жүргізуші: Армыздар құрметті ата- аналар, ұстаздар! Сіздерді «Мәңгі болсын

тыныштық!» атты мерекелік сазды ашық тәрбие сағатымызды

тамашалауға шақырамыз. Өкінішке орай уақыт сол Ұлы

оқиғаларға қатысушыларды біздің қатарымыздан алып кетіп

жатыр. Олар азайған үстіне азайып барады. Бірақ ешкімде

ештеңе ұмытпауы тиіс! Себебі, бұл-біздің тарихымыз, біздің

мақтанышымыз біздің даңқымыз.!

2- жүргізуші: 1941жылы маусымның 22-сінде Гитлерлік Германия Отанымызға

соғыс жарияламастан опсыздықпен шабуыл жасады. Жеңіс үшін

шыбын жандарын құрбан еткен бірнеше миллиондаған

адамдардың есімдерін есте сақтап, 1418азапты күн мен түнді

болашақ үшін ерен еңбекпен қайсар ерлікпен өткізгендерін

ешқашан ұмытуға болмайды.

1- жүргізуші: Ұлы Отан соғысының дүние жүзі үшін маңызы зор болды. 1945

жылы 8- мамырда Берлинде фашистік Германия жеңілгенін

мойындап қол қойды. 1945 жылы мамырдың 9-ында бұрын

соңды болмаған мың зеібірек 30 дүркін салют атылды. Міне жеңіс

күні осылай келген еді.

2- жүргізуші : Дүние жүзі халқы бостандық алды. Халық Отан ұғымын терең

сезіне түсті . Қаһарман ерлік пен еңбек жеңіп шықты. Зұлымдық

басқыншылық тізе бүкті. Бірлік, ерлік халықтар достығы нығая

түсті. Биыл Ұлы жеңістің 69 жылдығын атап өтеміз.

1- оқушы. Ешкімде ұмытылған жоқ еш нәрсе де ұмыт қалған жоқ. Осынау

сөздер Жеңіс күнін мерекелеу кезінде жиі айтылады, осынау сөздер

қаза тапқандар ескерткіштеріне де қашалып жазылған.

2- оқушы. Жеңіс деген жақсылықтың сыңары,

Жігер менен құштарлыұтың құралы.

Күрескердің арманы мен ұраны,

Қуаныш пен мерекенің бұлағы.

3- оқушы. Әрбір көктем біздің ойша осынау ұмытылмас, әрі көптен күткен

күнге 1945 жылдың 9-мамырына қайта оралтады.

2- жүргізуші: Жауынгер біздің саңылақтар

Жауды жеңген солдаттар.

Ардақты Отан ел үшін,

Бақытты туған жер үшін.

- Құрметті ұстаздар, оқушылар сол ағаларымыздың рухына бас иіп 1 минут еске алайық.

4- оқушы. 9- мамыр Жеңіс күні өмірді сүйер адамзаттың есінен мәңгі кете ме?

Бірақ бұл Жеңіс оңайлықпен келген жоқ.

5-оқушы. Оқ борады күні -түн,

Жатты жердң от қарып.

Алға қарай ұмтылды,

Батыр қаза оқты алып.

1- жүргізуші: Гитлершілдер соғыстың бас кезінде 190 дивизияны, 5 мыңдай

ұшақты, 3700 танкті, 50 мыңдай қару шщабуылға шығарды.

Жерімізге басып кірген жау әскерінің жалпы саны 5,5миллион

адамға жетті.

2- жүргізуші: Осы сұрапыл соғыста жауды талқандап Ұлы Жеңіске жетуге

қазақстандықтар да сүбелі үлес қосты. Жүздеген мың

қазақстандықтар қолына қару алып, өз Отанының бостандығы

үшін күресті.

1- жүргізуші: Қазақстандықтар Брест қамалын қорғады, Мәскеу түбінде өлімге

бос тікті., Сталиград Курск доғасындағы шайқастарда ерекше

көзге түсті. Берлинді шабуылдады., Рейхстагқа қазақ жігіті

Рахымжан Қошқарбаев Жеңіс туын тікті. 1945 -жылы 30- сәуірде.

Ән «Ұлы Отан» (хор)

6-оқушы. Туын жықпай қолдағы

Опат болды ел үшін.

Кеудесңмен қорғады,

Азаттықтың жемісін.

2- жүргізуші: Көрініс: «Әлияның ерлігі»

Автор: Ақырын басып келе жатқан оқалы пагоны бар лейтенантты Әлияның

көзі шалып қалды. Ол қолындағы гранатаны лақтырды да сәл басын

көтерді.

Әлия: Сол керек саған! Менің жеріме менің жерімет жасырынып

кірмекшісің, ә, жоқ әрбір жау осындай сыбаға алады.

Автор: Әлияға командир кездеседі.

Бандуров: Әлия, сен бүгін түнде барлауға шықпа. Тынық!

Әлия: Менің жаным кетіп бара жатқан жолдастарынмың жанынан артық

емес қой, неге қаламын?

Автор: Осы сәтте Әлия қолына автомат ұстаған еді. Жүгіріп келе жатқан жау

солдатын көріп қалды. Автоматынан үсті үстіне оқ жаудырды

Әлия: Отан үшін, ел үшін алға, жолдастар!

Автор: Әлияның дауысы оқпен ілесе шығады. Жүгіріп шығып бара жатып

шайқалып кетеді, оқ тиеді.

1- жүргізуші: Бұл жермен сонау заман Пушкин өткен,

Желдіртіп қоңыраулы атын жеккен.

Қазақтың Әлия қызы қанын төккен.

Айтбек Ақгүлдің орындауынада ән: « Қазақ қызы»

2-жүргізуші: Иә, Әлия мен Мәншүктің есімдері ешқашан ұмытылмақ емес...

Көрініс: ( Әжесі мен немересі саябақта келе жатыр. Әлия мен Мәншүк сахына төрінде ескерткіш болып тұрады.)

Немересі: Әже, мынау Әлия мен Мәншүк апам ғой. Гүл қояйыншы. Менің

атымда Әлия емеспе? Әлия апамның құрметіне қойған ба?

Әжесі: Иә, қарағым ешқашанда ұмытпай гүл қой. Біз олардың алдында

борыштармыз. ( Немересі гүл қояды)...

7-оқушы. Біздің халқымыз қазақтың батыр қыздары Әлия Молдағұлова мен

Мәншүк Мәметованың есімдерін мақтанышпен айтады.

8- оқушы 1945 жылы Алматы қаласындағы медицина иниституында оқып

жүрген еді. Ол өз еркімен сұранып қазақ ұлттық 100-бригадасы

құрамына майданға аттанды.

Мәншүк Мәметова - Невель қаласын қорғау кезінде ақырғы оғы

қалғанша жауды қырып, ерлікпен қаза тапты. Қасындағы

жолдастарынан айрылған Мәншүк үш пулеметті қатарынан қойып,

жауды 3 сағат бойы жалғыз бөгеп тұрған. Қаһарман қызға Кеңес

Одағының Батыры атағы берілді.

9- оқушы. Даламыздың даңқысың.

Балауса гүл бал қыз.

Жанын қиып халқы үшін,

Жанып түскен ақ жұлдыз.

10-оқушы. Әлия Молдағұлова (1925-1944) Ақтөбе обылысы Қобда ауылында

дүниегеи келген. Әке-шешесінен жастайынан айырылған. Ол

ағасының тәрбиенігде болып, олармен бірге Ленинградка көшіп

келеді. Ленинградтағы балалар үйінде тәрбие алады. «Отан үшін

алға!» -деп барлық жауынгерлерді соңынан ертіп, жауға қарсы

ұмтылды. Шайқастарға қатысып, мергендігімен аты шықты. Ержүрек

мерген қыз 20-ға толмаған жасында жау оғынан көз жұмды.

1- жүргізуші: Байгерімова Ақботаның орындауында ән: « Әлия»

11- оқушы. Сілкінтіп зеңбіректер жердің жүзін,

Оқ борап снарядтар қаққан да ызың.

Қаптаған қалың жаудан тайсалмастан,

Мен көрдім пилоткалы қазақ қызын.

12-оқушы. Б. Момышұлы (1910-1982) жазушы қазақ халқының аты аңызға

айналған атақты Ұлы Отан соғысының даңқты жауынгері, гвардия

полковнигі. 1941 жылдың күзінен бастап, соғыс аяқталғанға дейінгі

барлық шайқастарға қатысқан,

14- оқушы. Жас ұрпақ асыр сап

Шырқайды Ерлікті ән қылып,

Небір заңғар таулар құлазып шөксе де,

Ерлердің бейнесі жасайды мәңгілік.

2-жүргізуші: Қазақ биі «Ақжайнақ»

15-оқушы. Талғат Бегилдинов ұшқыш болуды жастайынан армандап аэроклубта

оқыды, кейін авиация училищесінде білім алып шығады. 1943-1945

жылдары аралығында Ұлы Отан соғысына қатысқан.1944 жылы

Кеңес Одағының Батыры атағын алса, соғыстан кейін екінші рет

Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.

16-оқушы. Қасым Қайсенов (1909-2003) Соғысқа 1941 жылы шақырылды.

«Отан соғысы» орденімен марапатталған.

17-оқушы. Төлген Тоқтаров Қатардағы жауынгер. 1942 жылдан бастап 1943

жылға дейін Сталинград майданында соғысқан. « Герменияны

жеңгені үшін» медалімен марапаттталған.

18-оқушы. Қасарысты жиырма сегіз,

Тынбай атты гранатты

«Отан» деген отты лебіз-

Жандарынан жалын атты.

19- оқушы. Кетпес олар естен мәңгі,

Кектері тұр кеудемізде.

Ерлік даңқы - жеңіс таңы

Жарқыратып келді бізге.

Хор: «Отан» 2 а сынып ұлдарының орындауында

20-оқушы. Орыс, қазақ, қырғыздан,

Құрылған бұл шағын топ.

Жауға үрей туғызған,

Жайпап түсер жалын боп.

21-оқушы. Жиырма сегіз, жиырма сегіз - бір ғалам,

Анау жаудың танктері лаулаған.

Ресей кең, Отан кең, артымызда Москва,

Шегінуге хақымыз жоқ, хақымыз жоқ бір қадам.

1-жүргізуші: Батырлардың құрметіне тақпақ өлеңдер айтайық.

1- оқушы. Қыр қызы орындады берген антты,

Халқына адал болу ердің салты.

Елі үшін қасық қанын аямаған,

Жүректе мәігі қшпейді Мәншүк аты.

2-оқушы. Іздейді оны әр ұя,

Ерлігі оның жария.

Батыры байтақ Отанның,

Халықтың гүлі -Әлия.

3-оқушы. Нақты сол кез естідім мен ер дүбірін,

Атағы алдын алыр кеді бұрын.

Үстінде туған елдің тұрды толқып,

«Бауыржан Момышұлы» деген бір үн.

Жуманов Бекарыс пен Жандыбай Нұрлының орындауында ән: « Жаса Қазақ»

4-оқушы. Тастар көкке атылды.

Орман шулап тау құлап,

Жиырма сегіз батырды,

Жеңе алмайды жау бірақ.

2-жүргізуші: Хор: « Ақ көгершін»

5-оқушы. Жеңіс келді далама

Жеңіс келді қалама.

Жеңіс келді әке боп,

Елдегі бар балаға.

6- оқушы. Уа, туған ел - анамыз,

Жалындаймыз жанамыз.

Өжет батыр ерлердің,

Өнегесін аламыз.

Құрманбек Рамазанның орындауында ән: Қазағым

1-жүргізуші: Иә, бұл жеңіс оңайлықпен келген жоқ. Ұлы Отан соғысына

қатысып, ерлік көрсеткен Қасым Қайсенов, Нүркен Әбдіров,

Бауыржан Момышұлы, Талғат Бегилдинов, Рахымжан

Қошқарбаев, Мәншүк Мәметова, Әлия Молдағұлова, сияқты

есімдері аңызға айналған аталарымыз бен апалырмызды тарих

бетінде «Батыр» деп жазып кетті.

2- жүргізуші: 1945 жылдың 9 мамыры Герман фашизімінің күйрей жеңілген

күні. Жеңіс! Ұлы Жеңіс!

Сүйінші, халқым сүйінші,

Сүйіншіге сүйінші!

Шаттан ата-анамыз!

Шаттан ата-бабамыз!

1- жүргіуші: Кек қайтарып фашистен,

Соғыс бітті жеңіспен.

Жеңдік жауды күресте,

Жасалсын той мереке!

Ғаниұлы Нұрсұлтан мен Насыролллаұлы Амантайдың орындауында ән:

«Көк тудың желбірегені»

2- жүргізуші: Жеңістің туы жалтылдап,

Жығылмай мәңгі тұрады.

Сол тумен оскен жалтылдап,

Ерлердің бізбіз ұланы.

Хор: «Атамекен» .

1-жүргізуші : Осымен 2а сынып оқушыларының « Мәңгі болсын тыныштық!»

атты ашық тәрбие сағаты аяқталды. Зейін қойып

тамашалағандарыңызға рахмет!

Мұғалімнің қорытынды сөзі: Халқымыз тыныштық үшін, біздің бақытты

өміріміз үшін күресті. Отан үшін от кешкен ер

азаматтарымыздың ерлігі ешқашан ұмытылмайды,

ұмыт та болмайды да! Ел басына қатер төне қалса,

біз Отанымызды қорғауға дайынбыз. Елімізде

әрқашан мәңгі тыныштық, бейбіт заман болсын!


© 2010-2022