БІЛІМ САПАСЫН АРТТЫРУДА ДЕҢГЕЙЛЕП ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫН ПАЙДАЛАНУ ЖОЛДАРЫ

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Семей қаласы "№27 жалпы орта білім беретін мектеп"КММ

бастауыш сынып мұғалімдері

Пушпакбаева Қарлығаш Капанқызы,

Тулеутаева Жанар Берыккановна



БІЛІМ САПАСЫН АРТТЫРУДА ДЕҢГЕЙЛЕП ОҚЫТУ

ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫН ПАЙДАЛАНУ ЖОЛДАРЫ Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Қазақстан-2030» стратегиялық бағдарламасында білім беру жүйесінің ең басты мақсаттарының бірі - жоғары интеллектуалды жастарды жан-жақты тәрбиелеу, олардың әлеуеттік деңгейінің көтеру керектігін атап көрсеткен болатын. Қоғамымыздың қазіргі даму кезеңі мектептегі білім беру жүйесінің алдына оқыту үрдісін технологияландыру мәселесін қойып отыр. Оқытудың әр түрлі технологиялары жасалып, білім беру мекемелерінің тәжірибесіне енуде. Жаңа технологияны меңгеру оқытушының интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және де басқа көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді. Өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі. Бүгінде Қазақстанның білім беру мекемелеріндегі жеткіншек ұрпақтарды оқыту мен тәрбиелеу олардың бойында жеке тұлғалық қасиеттерінің жан-жақты қалыптасуымен тығыз байланысты. Бұл мәселе дүниежүзілік қауымдастықта әлеуметтік-экономикалық, мәдени және рухани дамудың басты факторы ретінде жариялануда. Білім берудің жалпы мақсаты- оқушыны дамыту, сапалы білім беру. Білім беру үрдісін ақпараттандыру және жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы дамыта оқыту, дара тұлғаны бағыттап оқыту мақсаттарын жүзеге асыра отырып, оқу-тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерінің тиімділігі мен сапасын жоғарлату бүгінгі күннің басты талабы болып саналады. Қазіргі кезең дамудың ақпараттық кезеңі, яғни компьютерлік техника мен оған байланысты барлық ақпараттық коммуникациялық технологиялар педагогтар қызметінің барлық салаларына кірігіп, оның табиғи ортасына айналып отыр. Оқушы қызметін активтендіру негізінде педагогикалық технологияларының бірі-деңгейлік саралау технологиясы [1]. Деңгейлеп оқыту технологиясының мақсаты: әрбір оқушы өзінің даму дең гейінде оқу материалын меңгергенін қамтамасыз етеді. Бұл технология бойынша жұмыс істеудің тиімді жақтарын айтатын болсақ: 1) әр оқушы өздігінен жұмыс істеуге дағдыланады; 2) оқушының жеке қабілеті айқындалады; 3) іштей бір-бірінен қалмауға тырысып, талпынғанын көріп риза боласыз; 4) тапсырманың күрделену деңгейіне сәйкес оқушының ойлау қабілеті артады; 5) әр бала өз деңгейіне, қабілетіне қарай бағаланады; 6) сынып оқушылары толық бағаланады және әр оқушы өзінің алатын бағасын біліп отырады (1 деңгей - "3", 2 деңгей - "4", 3 деңгей - "5"); 7) жұмыс дәптерінің соңына әр деңгейді орындағаны жайлы белгі қойып, жинаған ұпай санын оқушылар өздері жазып отырады; 8) даму мониторинге құрып, оқушының дамуын қадағалауға және ата-анасымен байланыс жасауға жеңілдік туғызады; 9) бір ғана сабақта есептің бірнеше түрін шығарады; 10) жаңа оқулықтағы тапсырмалар осы технологияға негізделіп берілген. Деңгейлік тапсырмаларды орындау окушының білік деңгейінің, оқу белсенділігі мен білімді сапалы игеруінін көрінісі. Деңгейлік тапсырмаға койылатын дидактикалық талап: Бірінші деңгей (міндетті) - окушы белгілі бір объектіге ұқсас объектіні таниды, біледі анықтайды, оны суреттей алады. Екінші деңгей - оқушы менгерген ақпаратына сүйене отырып белгілі бір жаттығуларды орындайды. Үшінші деңгей - оқушы өздігінше білім алуға кабілетті, алған білімін кез келген практикалық жұмыста колдана алады. 1) Деңгейлеп оқыту әр оқушыға өз мүмкіндіктерін пайдалана отырып, білім алуына жағдай жасауға мүмкіндік береді.
2) әр түрлі категориядағы балаларға, олармен саралай жұмыс істеуге Көп септігін тигізеді. 3) Деңгейлеп- саралап оқыту құрылымында білімді игерудің үш деңгейі қарастырылады: ең төменгі деңгей (базалық), бағдарламалық, күрделенген деңгей сондықтан әрбір оқушы меңгеруі тиіс. Деңгейліп оқыту технологиясы тиімді нәтижелі болу үшін:

  • жеке тұлға ерекшеліктеріне;
  • психологиялық даму ерекшеліктеріне;
  • пән бойынша білімді игеру деңгейіне көңіл бөлу;
Сабақ өткізу нысандарын және түсіндіру әдістерінің жаңа тәсілдерін күнделікті сабаққа қолдану;
  • сабақтың мазмұны;
  • сабақты өткізудегі тәсілдері мен әдістерін таңдау;
  • сабақтың нәтижелігі.
Қазіргі мектепке шығармашылық ізденіс қабілеті дамыған, жаңа педагогикалық технологияларды жете меңгерген мамандық шеберлігі қалыптасқан мұғалім қажет. Бір уақытта педагог, психолог және оқу-процесін ұйымдастырушы технолог бола білуі керек. Сонымен қатар оқушының шектеусіз қабілетін дамыта алатындай білім берудің әлемдік кеңістігін құруға қабілетті бола білуі шарт. Бұдан мұғалімнің мамандық шеберлігі анықталады. Басқаша айтқанда, білім беруді ақпараттандыру процесі мұғалімнің дайындық деңгейі мен мамандық сапасына үлкен талап қояды. Ол мұғалімнің өзін-өзі дамуына, өзіндік білім алуына және шығармашылық түрде өздігінен қызметтерін іске асыруға мүмкіндік береді. Оқушыларға сапалы да, тиянақты білім берудің негізі - пәнді жан-жақты игеру, оқушы санасына жеткізе білу, шығармашылық ойлауын қалыптастыру, оқытудың белсенді әдістерін қолдану. Ендеше бүгінгі күні білім беру саласында оқытудың озық технологияларын меңгермейінше сауатты, жан-жақты маман болу мүмкін емес. Сонымен қоса, жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің интелектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани азаматтық т.б қабілеттерінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді. Танымның қиын жолындағы балалар жетістігі мұғалімнің әрбір оқушы мүмкіндігіне сенім артуына оның табандылығы мен шыдамдылығына шәкірттеріне дер кезінде көмекке келе білуіне тікелей байланысты. Қазіргі заманның оқушысы - ақпаратпен қаруланған, жан-жақты дамыған тұлға. Оның білімдік қабілеттерін дамыту үшін, жаңа технологияларды енгізу арқылы, оқу процесінің деңгейін көтеру, қазіргі заман талабына сай дамыған тұлға тәрбиелеу міндеті тұр. Білім беру жүйесінде жаңа бағдарламалар, технологиялар пайдаланылып жүр. Бүгінгі күні білім беру әлеуметтік құрылымның маңызды элементтерінің біріне айналды. Дүние жүзінде білімнің әлеуметтік рөлі артты. Адамның болашағы, оның қазіргі алған білімнің сапасына, көлеміне, ойлау деңгейіне байланысты.[2] Педагогикалық технология - мұғалімнің сабақтың мақсатына жету барысында қолданатын әдіс-тәсілі деп қысқаша түсінік беруге болады. Ол технологиялар заман талабына сай өзгеріп, жаңаланып отырады. Педагогикалық технологияларды, әдіс-тәсілдерді шебер меңгерген мұғалім ғана білім беруде жоғары жетістіктерге жете отырып, бүгінгі күннің талабынан шыға алады. Қазіргі уақытта педагогикалық технологиялардың алуан түрлері бар .Әрбір оқытушы оларды сабақтың қай бөлігіне пайдаланған тиімді екенін анықтап барып, қолданған дұрыс. Қазіргі уақытта оқу үрдісінде интерактивті тақта мүмкіндіктерін кеңінен қолдану сипат алуда. Мектептер заманауи технологиялармен жабдықталу үстінде. Осы орайда интерактивті тақталардың алатын орны ерекше. Activstudio бағдарламасымен қамтамасыз ету арқылы интерактивті тақтамен оқыту технологиясы - оқу үрдісін белсенді, қарқынды етудің бірден-бір жолы. Білім беру үрдісін ақпараттандыру - жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы дамыта оқыту, дара тұлғаны бағыттап оқыту мақсаттарын жүзеге асыра отырып, оқу-тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерінің тиімділігі мен сапасын жоғарлатуды көздейді. [3] Ақпараттандыру технологиясы арқылы заман талабынан сай сабақ берідің тиімділігі өте көп. Күнделікті сабаққа видео, аудио қондырғыларды мен теледидарды, компьютерді, интерактивтік тақта мен мультимедиалық проекторларды пайдалану үлкен нәтижелер беретініне әр мұғалім өзі көз жеткізіп отыр. Жаңа ақпараттық технологияның ерекшелігі мұғалімдер мен оқушылардың бірлесіп, шығармашылықпен жұмыс істеуіне ықпал етеді.

© 2010-2022