Есеп. Математика

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы, Ақшұқыр ауылы
М.Әбдіхалықов атындағы орта мектебінің
Бастауыш сынып мұғалімі Бекоа Қалбибі Саутовна

Тақырыбы: Есеп.

Мақсаты: Қазақтың ұлттық ойындарын қолдана отырып, математика пәнінен білім беруді қызықты және ұтымды қылып атқару. Білімдерін қайталап, толықтыру.

Дамытушылық: Оқушыларды математикалық тілде сөйлету, пәнге деген қызығушылығын арттыру. Оқушылардың ауызша және жазбаша қосу, азайту дағдысын, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелілік: Тапсырмаларды орындау арқылы өзіндік ізденістерін қалыптастыру. Оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп, топпен жұмыс істеуге, алған білімін өмірде қолдана білуге баулу.

Көрнекіліктер: проектор, экран, суреттер, ойындар.

Сабақтың түрі: Топтық сайыс.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылардың сабаққа даярлығын, қатысуын шолып өту, оқу құралдарын түгелдеу. Оқушы ережесіне сай түзу отырғызу.

Сабаққа назарын аудару.

- Балалар бүгінгі математика сабағымыз жарыс түрінде өтеді. Сондықтанда екі топқа бөлінеміз

I топ «Алғырлар»

II топ «Тапқырлар»

Әр топ өздерінің топ аттарын, топ ұрандарын айтып өтеді.

Топ аты: «Алғырлар»

Ұраны: Жарыс десе жанамыз,

Бүгінгі күн жарыста алғырлықпен аламыз.

Топ аты: «Тапқырлар»

Ұраны:Қандай сынақ болса дағы беріспе

Әрқашанда үміткерміз жеңіске.

Қызығушылықтарын ояту. Ой қозғау.

Өрнектерді, теңдіктерді, тура және тура емес теңдіктерді ажыратып жаз.

(екі топтан бір оқушыдан шығару).

Сайыстың өту кезеңдері:

1 кезең: Біліміңді байқа.

2 кезең «Бәйге».

3 кезең Сен білесің бе?

4 кезең Ойлан, тап!

6 кезең Қорытындылау.

5 кезең Шығармашылық тапсырма.

1 кезең: Біліміңді байқа.

1 есеп. Есептерді салыстыр және шығар.

Ағасы 10 жаста, ал қарындасы 4 жаста. Ағасы қарындасынан неше жас үлкен?

Нені табуымыз керек?

Ағасы қарындасынан неше жас үлкенін.

Шешуі: 10-4=6

Жауабы:6 жас үлкен.

Қарындасы 4 жаста, ал ағасы одан 6 жас үлкен. Ағасы неше жаста?

Не белгісіз?

Шешуі: 4+6=10

Жауабы: 10 жаста.

2 кезең: «Бәйге».

Екі топқа да есептер беріліеді. Қай топ дұрыс, әрі бірінші шешеді?
2- есеп.Есеп. Математика

Мәні 5-ке тең болатын қосындыларды жаз.

0+5=5 3+2=5

4+1=5 1+4=5

2+3=5 5+0=5

Сергіту сәті.

Есеп. Математика

Орнымыздан тұрамыз

Мойнымызды бұрамыз.

Қолымызды көтеріп,

Саусақты ашып жұмамыз.

Содан соң төмен түсіріп,

Алақанды соғамыз.

3 кезең: Сен білесің бе?

Ұзындығы 4 сантиметрден артық, бірақ 8 сантиметрден кем кесінді сыз. Неше кесінді сызуға болады?

Жауабы: 5см,6см,7 см кесінді сызу.

4 кезең:

Есеп. Математика


-Балалар,мына жәндіктің аты қалай аталады?

-Өрмекші.

-Ол не істейді?

-Өрмек тоқиды.

-Ендеше, балалар, өрмекшінің өрмегіне түсіп қалған өрнектерді құтқарайық.

Ол үшін оқулықтағы 4 тапсырманы орындаймыз. Өрнектерді салыстыру.

Ойын: «Орамал тастау» ойыны.

Екі топ бір-бірлеріне орамал тастау арқылы ауызша есептерден сұрақ қойып, мәндерін тауып айту керек.

5 кезең: Шығармашылық тапсырма.

Себетте 4 алма бар. Оны 4 адамға
бір-бірден және себетте 1 алма қалатындай етіп бөлуге бола ма?

Жауабы: 1 адамда алма себетімен қалады.

Бекіту. Ойын: « Кім жылдам?»

Өрнектің мәнін табу. «Сурет бойынша орындалады).

6 кезең: Қорытындылау.

Бүгінгі жарыс сабақ сендерге ұнады ма?

Неліктен.

Қандай тапсырмалар орындадыңдар ?

Бүгінгі сабаққа жақсы қатыстындарды мадақтау.Бағалау.








© 2010-2022