Жердің ішкі құрылымы

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Бақытты балалық шақ»

Бағдарламаның мақсаты: 1 маусым Балаларды қорғау мерекесін сезіну, балалық шақтарын бақытты өткізуге, елінің білімді де тәрбиелі азамаиы болуға баулу. Балалардың бір-біріне деген қамқор пейілдерін арттыра отырып, достыққа бірлікке тәрбиелеу.

Көрнекілігі: шарлар, нақыл сөздер, жалаушылар. Суреттер, үнтаспа.

Өтілу барысы:

Жүргізуші: Құрметті ата-аналар. Балғын балдырғандар!

1 маусым Балаларды қорғау күні - ең алғашқы халықаралық мерекелердің бірі.

Сіздерді 1 маусым Әлем балаларын қорғау күні мерекесімен құттықтаймыз. Өздеріңе қуаныш, шаттық сыйлайтын мейрамдарын құтты болсын, жас достар!

Жүргізуші: Жас бөбектер сендерге арналады,

Бүгінгі мерекенің салтанаты.

Жас бөбектер, сендерге сыйланады,

Өмірдің ең керемет мархабаты.

Жүргізуші: Бұл күн - балалардың шулы да көңілді мерекесі ғана емес, сондай-ақ балалардың құқығын есіне салатын, иманды да әділетті, бақуат қоғамның қалыптасуына жағдай туғызатын мереке. Осы мерекеге орай ұйымдастырылып отырған «бақытты балалық шақ» атты әдеби-сазды бағдарламамызға қош келдіңіздер!

Жүргізуші: Балаларға қамқор болып жүретін

Бала десе бар байылғын төгетін

Жас бөбектер болашағым көркейтер

Тыңдайықшы ел ағасы жүрегін - деп осы бөбектерге жүрек жарды тілегін тілку үшін Достық ауылдық округінің әкіміне сөз береміз.

Жүргізуші: Болашақтың, барша ұлттың тағдыры,

Балалардың бақыты тек уайымы

Ел қамқоры, халықтың ол сенері

Бар шығар оның да сенері - деп балаларға қамқор болып жүретін Достық жалпы негізгі білім беретін мектебінің директоры Сембаев серікқазы Оразалыұлына сөз береміз.

Жүргізуші: Бүлдіршіндер болашақ ой тұлғалар,

Әрқашан көк аспанда шарықтаңдар

Ата ананың ақ батасы қабыл болып,

Тілек сөзі өздеріңе арналар - деп құттықтау сөз кезегін зейнеткер анамызға Темиргалиева Рая апаға берейік.

Жас жүректі толғатып, тербеткендер,

Жырлатып, думандатып әндеткендер

Бүгінгі күн сендерге арналады

Айналайын жарқын жүз бүлдіршіндер!

Жүргізуші: Жаздың алғашқы күні келетін балаларды қорғау күні мерекесімен қатар мектеп жанында ұйымдастырылатын «Балдәурен» демалыс лагері өз жұмысын бастайды. Жазғы демалыс лагері екі кезеңде сағат 9:00 - 12: 00 аралығында жұмыс жасайды.

Жүргізуші: «Балдәурен» демалыс лагері қызықты да тартымды өтпек. Олай дейтін себебіміз, балалардың қызығушылығын арттыра түсетін жоспарда түрлі спорттық жарыстар, мәдени шаралар, табиғат аясында демалу, аудандық мұражайға, саябақтарға саяхаттау, экскурсиялар ұйымдастырылып отыр.

Келесі кезекте біздің жас әншіміз Абылханова Айсананың орындауындағы ән . Қарсы алыңыздар!

Жүргізуші: сүйкімділер, періштелер сендерсіңдер,

Қандай бейне өздеріңе тең келсін

Ақын да, жыршы да, мың бұралған биші де,

Ең алдымен балалықты меңгерсін.

Мың бұралған жас бишілердің биін қарсы алайық.

Жүргізуші: маусым айы жаз айы,

Маусым айы нұр айы,

Маусым айда балалар,

Құлпыра түсер шырайлы

Алдарыңызда мектебіміздің оқушыларының орындауында «Қазақ биін» қошеметтеп қарсы алайық,

Жүргізуші: Жүрейік бүлдіршіндер күліп жиі,

Шарықтасын өнердің әсем күйі,

Көрермендер қошеметтеп қарсы алайық

Ортада қыздарымыздың «Попурри» биән қарсы алыңыздар!

Жүргізуші: Күнің жаңа нұры бар,

Мұның ғажап сыры бар,

Балалар сүйген мейрам бұл

Жайнатамыз гүл гүлді, демекші Достық мектебінің оқушыларының орындауында «Инь янь» биін тамашалайық.

Жүргізуші: басты қоссақ бәріміз

Елдің сәніміз дей келе

Кішкентай бүлдіршіндеріміздің орындауында «Ертегілер» әнімен ортаға шақырап тамашалайық!

2013-2014 оқу жылында ұйымдастырлып отырған жазғы демалыс «Балдәурен» демалыс лагерінің аға жетекшісі Белгибаева Нұргүл Сапарғалиқызы бүлдіршіндерге жылы лебізін айтады.

Би: «Испан биі»

Жүргізуші:

Тойға шашу шашылсын

Бимен көркі ашылсын

Уа халайық, қарсы ал

Қазақтың қара жорғасын

Би: «Қара жорға»

Жүргізуші: Бүгінгі күні балалар шексіз шаттық пен қуанышқа бөленді, жарқын да, кемел Қазақстанның көркейіп, өркендеуіне үлес қосып, жарық жұлдызына айналатын сендерсіңдер, бүлдіршіндер!

Өздеріңе шаттық қуаныш сыйлайтын мерекелеріңіз тағы да құтты болсын, жас достар!

Осымен сіздерге арналған «Бақытты балалық шақ» атты әдеьи сазды бағдарламамыз аяқталды.

© 2010-2022