Сыныптан тыс жұмыс Армысың Әз-Наурыз!

Раздел Начальные классы
Класс 1 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

"Армысың, Әз-Наурыз"

Жүргізуші:

Наурыз той көңіл тойы, көктем тойы,

Жақсылық болса дейтін өмір тойы

Биыл да былтырғыдай ақ көбейсін,

Елдегі бақыт, байлық, бақ көбейсін.

Құрметті қонақтар, ұстаздар, оқушылар! Сіздерді Наурыз мейрамымен құттықтаймыз. Наурыз тек қуаныш, бақыт, жылылық пен молшылық әкелсін деп, бүгінгі даярлық тобының оқушыларының ұйымдастыруымен болатын "Армысың, Әз Наурыз" атты концерттік бағдарламасына қош келдіңіздер дейміз.

Армысыздар!

Ұлыс оң болсын, Ақ мол болсын,

Қайда барсаң жол болсын.

Деніміз сау, көңіліміз шат болсын.

Ежелгі салт-дәстүр бойынша қазақ халқы жаңа жылды наурыздың 22-сі күні қарсы алған. Бұл күнді "Наурыз меркесі" деп атайды. Өйткені көктем келіп, күн жылынып, жер әлем қайтадан жаңарып, шөптер мен гүлдер өсіп, ағаштар бүршік жара бастайды. барлық тіршілік иелері ұйқыдан оянады.

Наурыз мерекесіне ел-жұрт ерекше дайындық жасайды. "Наурыз" сөзінің өзі парсы тілінен аударғанда "Жаңа - күн" деген сөзінен алынып, жаңа жылдың бірінші күні деген ұғымды білдіреді.

Қане балалар айтыңдаршы. Наурыз мерекесіне қалай дайындаламыз?

- Наурыз көже пісіреміз.

- Ұлттық киімдер киеміз.

- Ағаш, гүл егеміз.

- Бата - тілектер айтылады.

- Үйді - ауланы тазалаймыз.

Ендеше тойымызды бастаймыз.

-Бүгін Самарқанның көк тасы еріген күн. Бүгін жаңару мейрамы. Бүгін жыл басы, бүгін жаңа жылү (Осы кезде сырттан айқай шу естіледі)

- Бұл не шу? Бұл не айқай? Ә, танып тұрмын. Бұл тұрғандар әлемнің екі жарығы Күн мен Ай екен. Достар біз бүгінде ұмытылыңқырап бара жатқын, ақ пен қараның, Жақсылық пен жамандықтың айтысын суреттейтін, Қар мен Күннің айтысына куә боламыз. (Сахнаға күн мен қар болып киінген балалар шығады.)

Қар: Қара жерді ақ көрпеге ораған, кең даланы боранымен бораған, қыс керемет емес пе?

Күн: Малдар төлдеп, адам аузы аққа тиген, жер бусанып мал аузы көкке тиген, жаз керемет емес пе?

Қар: Құрт-құмырсқа, бақа шаян жер бетіне шығатын, шыбын-шіркей, маса-сона ызыңдап мазаңды алатын, жаздың несі керемет?

Күн: Дүлей боран бораған, бетіңді аяз қарыған, қыстың несі керемет?

Қар.: Борандатсам қыр, сыздарды, сынағаным емес пе, қар жауғызсам жерді көкке дайындағаным емес пе?

Күн: Жылқы кетті, қой жетті, бер жолыңды қар аға!

Қар: Жолымды мақұл берейін, өз жөніме кетейін. (Сахна сыртына шығып кетеді.)

Аластау Рәсімі.

Күн: Алас, алас, мың бір пәледен алас. Жүз бір қатерден алас.

Көзі жаманның көзінен сақта, тілі жаманның тілінен сақта,

Ниеті жаманның ниетінен сақта, жер-ана күш қуат бере гөр, тәу-тәу!

Ән: "Шақырады көктем" орындайтын Ақбота.

Көрініс: Шал (қолында қамшысы бар қой жайып жүреді) Шек-шек, мына ешкілер әбден мазамды алды ғой. Ух әбден шаршадым, бір демалайыншы. (Малдас құрып жерге отырады.)

Сол кезде артынан Мыстан кемпір келіп шалды қылғындыра бастайды.

Мыстан: Ох, пәле қолға түстің бе?

Шал: Ойбай, жіберші өліп қылқынып барамын.

Мыстан: Сен маған не бересің?

Шал : Бір отар қой беремін.

мыстан: Жоқ, маған қойың керек емес. Сен маған балаңды бер, әйтпесе жібермеймін.

Шал: Жарайды. Кенжебек деген жалғыз ұлым бар еді, соны ал.

Мыстан: Жарайды. Оны қалай бересің?

Шал: Баламның жақсы көретін алтын сақасы бар, соны саған беріп кетейін. Балам алтын сақасын іздеп келгенде өзің ұстап ал. Міне алтын сақасы. (Қалтасын ақтарып, алтын сақасын алып береді. Өзі кетіп қалады. Мыстан алтын сақаның жанында отырады. Бала сақасын іздеп шығады.)

Кенжебек: Әже, әже анау сақамды алып берші.

Мыстан: Ой, мен отырсам тұра алмаймын, тұрсам отыра алмаймын. Өзің алшы. (Бала еңкейіп ала бергенде мыстан оны шап беріп, ұстап алады. Осы кезде қыздар баланы іздеп шығады.)

Қыздар: Кенжебек, Кенжебек қайдасың? Біз сені іздеп жүрміз. (Осы кезде ортаға мыстан шығып, қыздарды қорқытады. Қыздар бірінің артына бірі тығылады.)

Мыстан: Сендерге Кенжебек керек босла, менің шарттарымды орындайтын боласыңдар.

Қыздар: Орындаймыз әрине.

мыстан: Ендеше маған өз өнерлеріңді көрсетіңдер.

Қыздар ; Балалар бізге көмекке келесіңдер ме?

Балалар: Әрине көмектесеміз.

Жүргізуші: Би билейміз бәріміз, егін өңін толқытқан.

Елдің көңілін шалқытқан, бас иеміз Наурыз.- деп "Қара жорға" биіне кезек береміз.

Ән: Наурыз. Орындайтын Назым.

Би: "Көктем гүлдері."

Ән: "Ата мекен" Орындайтын Нұрасыл.

Мыстан: Ой рахмет, көңілім көтеріліп қалды ғой.

Қыздар: Енді Кенжебекті жібересізбе?

Мыстан: Жоқ. Енді сендер маған Наурыз туралы тақпақ айтып беріңдер.

Балала: - Күн, күн сен неге күркірейсің? - Наурыз келді.

- Жаңбыр, жаңбыр сен неге күркірейсің? - Наурыз келді.

- Бұлақ, бұлақ сен неге сылдырайсың? - Наруз келді.

- Құлын,құлын сен неге құлдырайсың? - Наурыз келді.

- Гүлдер, гүлдер сендер неге жайнайсыңдар? - Наурыз келді.

- Құстар, құстар сендер неге айрайсыңдар? - Наруыз келді.

1 оқушы - Қош келіпсі, Наурыз. Арман тойы халықтың,

Қуанышы халықтың, құтты болсын қадамың.

Наурыз тойы-береке, наурыз тойы жыр аңыз,

Қызып дулы мереке, қызық думан құрамыз.

2 оқушы - Тамаша, тамаша, Наурыз келді жараса,

Бұл Наурыз, бұл Наурыз, қуаныш баршаға.

Наурыз келді далама, наурыз келді қалама,

Наурыз құтты болсын, Ақ мол болсын.

3 оқушы - Наурыз тойы-елдің тойы, көктем тойы-төлдің тойы.

Ән айтамын күні бойы, Жақсы көркем Наурыз тойын.

Төгіліп шуақ жайдары, Құбылтып құстар сайрады.

Жамағат түгел жиылып, Наурыздың тойын тойлады.

4 оқушы - Уа жарандар, жарандар. Көңілі бар алаңдар,

атаң менен анаң бар, үлкен кіші ағаң бар.

Наурыз тойы басталды, бәрің бері қараңдар.

5 оқушы - Ұлыс бақты болсын, төрт түлік ақты болсын,

Ұлыс береке берсін, бәле-жала жерге енсін.

ұлыс күні қазан толса, ол жылы ақ мол болар,

Ұлы кісіден бата алса, сонда олжалы жол болар.

Ұлыс оң болсын. Ақ мол болсын.

мыстан: Жарайсыңдар балалар!

Қыздар: Әже енді Кенжебекті жібересіз бе?

Мыстан; Жоқ енді мен сендердің күштеріңді сынаймын. (Мыстан ұлттық ойындар ойнатады.)

Мыстан: Қандай күшті балалар. Мен енді қорқайын дедім. Бірақ Кенжебекті жібере алмаймын. Менің қарным ашты. (Қыздар өзара ақылдасады)

Қыздар: Әже, мынау ұялы телефон деп аталады. Бұнымен барлық туыстарыңызбен сөйлесе аласыз. Қайрат Нұртастың әндерін тыңдайсыз.

Мыстан: Қане, Қайрат Нұртастың әндері барма? Шын айтасыңдар ма? (Мыстан телефонды алып қарай бастайды. Қыздар сол кезде Кенжебекті алып қашып кетеді.)

МЫСТАН: Қап қу қыздар-ай. алдап соқты ғой мен. Қазір қуып жетемін сендерге. (Сыртқа шығып кетеді. Сол кезде сахнаға Қызыр Ата шығады.)

Қызыр Ата: Жастарың ұзақ болсын, Ұлыс береке берсін. Бәле жәле жерге енсін. Аумин.

Жүргізуші: Қыс өтіп қар кетіп, шырайлы жаз жетіп,

Шаруанын кенелген. Мейрамы ежелден. Құтты болсын Наурыз.

Ұлыс күні кәрі жас, құшақтасып көріскен, жаңа ағытқан қозыдай, жамырасып өрістен.

Би: Өзбек биі. Орындайтын Фатима.

Жүргізуші: Осымен сіздерге арналған "Армысың, Әз-Наурыз" концерттік бағдарламамыз аяқталды.Тағы да Наурыз құтты болсын. Барлықтарыңызды Наурыз көжеден дәм татуға дастарханға шақырамыз.

© 2010-2022