Әдебиеттік оқу тақырыбы: Астана - арман қала

Раздел Начальные классы
Класс 3 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Пән: әдебиеттік оқу.

Сынып: 3 «А»

Тақырыбы: «Астана - арман қала».
Мақсаты:
Бас қаламыз Астана туралы білу. Өлеңді түсініп оқуға төселу. Өз желісінде мазмұндауға машықтану.
Күтілетін нәтиже:
- Өлеңді түсініп оқуға төселеді.
- Өз желісінде мазмұндауға машықтанады.
- Жаңа жас Астана мен бұрынғы астанамыз Алматы қаласын салыстырады.
Керекті жабдықтар: интерактивті тақта, постер, оқулық.
Кіріспе
Психологиялық дайындық
«Жүректен жүрекке» деп аталады. Оқушылар бір біріне тілектерін тілейді.

Топқа бөліну.
1 топ: «Байтерек» тобы

Астана қаласының сол жағалауында «Астана-Бәйтерек» монументі орналасқан.Мұнда Өмір ағашы-Бәйтеректің көк аспанға қарай самғауы көрініс тапқан. Бәйтерек ғимаратының биіктігі-97 метр. «Астана-Бәйтерек» монументі кешенін салу идеясының авторы- Қ.Р Президенті Н.Ә.Назарбаев.

2 топ: «Пирамида» тобы

Бейбітшілік пен келісім сарайы 2006 жылы көрнекті британдық сәулетші Норман Фостер салған ерекше пирамида. Оның биіктігі 62 метр. Пирамиданың табанында 1,5 мың орынға арналған опера залы,жоғары бөлігінде ғимараттың негізгі бөлмесі бар. Онда Қазақстан ассамблеясының кеңселері, мұражайлар, көрме залдары орналасқан.

Үй тапсырмасын сұрау.
Топпен жұмыс

Әр топ шығып өлеңді тізбектеп айтады.

Семантикалық карта арқылы үй тапсырмасын қорытындылау.

Авторлары

Рәміздер

Шота Уалиханов,

Жандарбек Мәлібеков

Шәкен Оңласынұлы Ниязбеков

Ж.Нәжімеденов,

Н. Назарбаев,

Ш.Қалдаяқов

Әнұран

+

Елтаңба

+

Ту

+

Жаңа сабақ.

Жаңаа сабақтың тақырыбын ашу үшін мен сендерге сөзжұмбақ беремін. Сөзжұмбақты дұрыс шешкенде жаңа тақырыбымыз шығады.

Сөзжұмбақ арқылы сабақтың тақырыбын ашады. (Астана)

Еліміздің астанасы қай қала? (Астана)

Астана қай өзеннің бойында орналасқан? (Есіл)

Астананыі символы не? (Бәйтерек)

Астананың бұрынғы атауы қалай аталады? (Ақмола)

Еліміздің басшысы кім? (Нұрсұлтан)

Мемлекеттік рәміздеріміздің бірі ?(елтаңба)

Сонымен балалар қандай сөз шықты?

Астана.

Жарайсыңдар! Бүгінгі біздің тақырыбымыз Астана арман қала» деп аталынады. Жақсы, балалар, осы «Астана -арман қала» өлеңінің авторы кім? Ендеше ақын өмірбаянымен өзбетімізбен танысайық.
Ресурспен жұмыс
1-топ Ақын өмірбаянын топтастыру.
Махмұтбай Әміреұлы 1942 жылы 20 ақпанда Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы Жаңаталап ауылында туған - ақын.
Қызылорда педагогикалық институтын бітірген Оңтүстік Қазақстан облысында мұғалім, 1967 - 71 жылдары аудандық "Сырдария" газетінде бөлім меңгерушісі, жауапты хатшы қызметін атқарған. 1985 - 88 жылдары орта мектептің директоры қызметін де атқарған. 1998 жылдан облыстық «Сыр мектебі» газетінің бас редакторы. Шығармалары:
«Жүзім бағы» «Қызыл жыңғыл» ,«Ақ сәуле»,«Сыр әндері» ,«Сыр жырлары» (2000жыл), тағы басқа жыр жинақтары жарық көрген.
• 1990жылы Қазақстан Жазушылар одағының
мүшесі болды.
• «Еңбектегі ерлігі үшін» медалімен марапатталған.
• Сырдария ауданының құрметті азаматы.

Өлеңді:

Дауыстап оқу,

Мәнерлеп оқу,

Тізбектей оқу әдістері бойынша өлеңмен танысады.

Топпен жұмыс.

«Бәйтерек» тобы Астана туралы интернеттен ақпарат іздейді.

«Пирамида тобы» Астана тақырыбы бойынша постер қорғайды.

Сергіту сәті:

«Ойлан тап» деп аталады. Бұл тапсырмада «Бәйтерек» тобы Астана туралы 5 жолды өлең жазады.

«Пирамида» тобы «Астана арман қала» тақырыбы бойынша шағын эссе жазады.

Қорытынды.

Бүгінгі сабақта біз қай қаламен таныстық?

Өлеңнің авторы кім?

Астана қаласы неліктен арман қала деп аталады?

Астана туралы тағы да қандай қосымша мәлімет білдіңдер?

Білмін

Білдім

Білгім келеді

Үйге тапсырма:

Өлеңді жаттап келу.

«Астана - арман қала» шағын эссе жазу.

Бағалау.

Сабаққа белсене қатысқан оқушылар бағаланады.

© 2010-2022