Жол және біз! тақырыбында тәрбие сағаты

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Жол және біз!

Сабақтың мақсаты: 1.Оқушыларды жолда жүру ережесімен таныстыру .

2. Жол қауіпсіздігін есте сақтауға, білуге жол ережесінің белгілерімен таныстыру

3.Оқушыларды көшеде дұрыс жүріп, жол ережесін сақтауға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Бағдаршам , жол белгілері салынған суреттер , жол ережесіне арналған кітаптар.

Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі :

Кіріспе : «Жол травматизмінің алдын алу» атты тәрбие сағатын бастағалы отырмыз.

Жол заңы дұрыс жүріп , абай болуды талап етеді. Жол тәртібін бұзба , ол қатер тудырады. Жолдың қалыпты қозғалысы көбінесе балалардың жол бойында қалай болса солай жүріп, доп қуалайтыны , шаңғы тебетіні , жүріп бара жатқан машинаға жабысатыны ,қалтарыстан жолға шығып келетін салдарынан бұзылады. Жол тәртібін бұзғандықтан кейбіреулер машина дөңгелегіне ілініп қаза тауып , кейбіреулері жарақат алады . Ал кейбіреулері өмірлік мүгедек болып қалады.

Сондықтан әрбір оқушы мектепте оқылатын » Жолда жүру ережесі » тақырыбындағы сабақты мұқият тыңдап, әр сабақтан қорытынды жасап отыруға міндетті .Үлгілі , тәртіпті оқушы көшеде, жолда жүру ережесін ,заңын бұзбайды.

Сонымен қандай бала жол ережесін бұзбайды ?

Балалар : Үлгілі , тәртіпті бала .

Мұғалім : Ал енді » Жолда жүру ережесін сақтаймыз! » атты тәрбие сағатымызды ашық деп жариялаймын .

ІІ. Негізгі бөлім:

Тақтадағы жұмбақтарды шешу:

Жұмбақтар

1.Ала таяқ ұстаған,

Жол тәртібін нұсқаған

Өміріңді күзеткен,

Ысқырықпен түзеткен. (Милиционер)

2.Көше бойлап аяңдайды,

Адам тасып аялайды. (Автобус)

3.Көліктің қаншасын үстінен өткізген ,

Іргеден басталып , алысқа жеткізген. (Жол)

4. Жоқ өзінде бас та , ауызда да , құлақ та ,

Бақырайған үш көзі бар бірақ та.(Бағдаршам)

5.Арқаным бар тым ұзын,

Ала-алмайсың бір үзім.

Табыңдаршы, балалар,

Бұл жұмбақтың шешуін. (Жол)

6.Өзі сөйлей білмейді,

Бірақ «Тоқта, жүр !» дейді. «Бағдаршам»

Мұғалім : Бағдаршам өмірімізді жазымнан сақтандыратын көмекшіміз . Оның сырын біліп , тіліп алу баршамызға керек.

1.Неге ?

Біздің қаламызда , сол сияқты біздің еліміздің қала , ауылдарына бәріне ортақ көше қатынас ережесі енгізілген. Бұл ережені оқушылар да , үлкендер де , яғни барлық жүргізушілер , көлік жүргізетін жүргізушілер де бұлжытпай орындауы керек.

2. Балалар, сендер көшеде жүру ережесін білесіңдер ме екен , көрейік . Мынадай сұрақтарға жауап беріңдерші.

3.Жиек жол деген не ? Адамдар жаяу жүретін көше жиегіндегі тар жол .

4.Жаяу адамға қай жермен жүруге болмайды ? Көлік жүретін көшенің ортасымен жүруге рұқсат етілмейді.

Тақтада

Қызыл - Тоқта !

Сары - Сақтан !

Жасыл - Жол ашық!

Қызыл көзін ашқанда ,

Сынық сүйем баспа алға !

Сары көзін ашқанда ,

Қарап қалма аспанға !

Жасыл көзін ашқанда ,

Өте бергін , жасқанба !

Оқушылар бағдаршам сигналдарын қолдарына ұстап , кезегі келгенде көрсетіп тұрады.

Ән: Бағдаршам

1. Көшеде біз сақ болайық ,

Қаймықпасын ата - ана .

Жолда сен бол лайық,

Жас ұлан деген атқа

Қ- сы :

Әрқашан күн сөнбесін,

Аспаннан бұлт төнбесін .

Қасымда болсын анам,

Болайын мен де аман !

2. Жолда жүру әліппесін

Білген жөн бес саусақтай.

Сонда ғана жүре аласың ,

Сен өзіңді сау сақтап

Қорытындылау :

Мұғалім : Балалар, бүгінгі сабақты қорыта келе «Жас дәуірдің балалары» әнін айтайық. Деніміз сау, еліміз тыныш, жол тәртібін сақтап, аман - есен жүрелік. Қорыта келе:

Ирек - ирек көшелер,

Көше деген мың ирек.

Қиындыққа әйтсе де,

Үйренесің біртіндеп.

Барар жерге асықпа,

Бәйге алмайсың бұрын кеп.


© 2010-2022