Бақытты сәт 4 сынып

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Кайырова Жания Орынбаевна

М.Жүнісов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі


«Бақытты сәт» математикалық ойын сабағы


Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушылардың ойлау қабілетін, ой ұшқыр-лығын, оқуға ынтасын арттыру.
Дамытушылық: Ұйымдастырушылық қабілетін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды ұйымшылдыққа, нақты пәнге қызығушылыққа, жауапкершілікке, өзін-өзі тәрбиелеуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Безендірілген зал, нақыл сөздер, карточкалық тапсырмалар, логи-калық есептер, әр топқа даярланған үстел.
Түрі: Топтық сайыс сағаты.
Типі: Ойын түрінде
Жоспары:

1. Топтың өзін таныстыруы,

2. Тапқырлық сайысы (логикалық есептер)
3. Біліктілік сайысы (есептер шығару)
4. Математикалық сұрақтар
5. Ойымды жалғастыр (мақал-мәтелдер)
6. Сөзжұмбақ сайысы (карточка арқылы топқа беріледі)
7. «Қас қағым сәт» сайысы (топқа сұрақ)
Қолданылған нақыл сөздер:. Арифметика математиканың, ал математика ғылымдардың патшасы.
(К.Гаусс)
2. Ақыл-ойды тәртіпке келтіретін математика.
(М.В.Ломоносов)
3. Математика - барлық ғылымдардың тұңғышы және оларға пайдалы да, қажет те. (Р.Бэкон)

Жүргізуші: Қайырлы күн қадірменді көрермендер! «Бақытты сәт» ойынына қош келдіңіздер.
Бүгінгі ойын топтық сайыс түрінде өтеді. Ортаға «Үшбұрыш», «Шаршы», «Шеңбер» топтарын шақырамыз.
Математика сырлары,
Қызықтырды біздерді.
Ойынға бірге қатысуға,
Шақырамыз сіздерді, - дей отырып сайыскерлеріміздің білімі мен баға беретін әділ қазылар алқасын ортаға шақырамыз.
1. Кезекте амандасу рәсімі І топ «Үшбұрыш» тобы.
Ұраны: Білікті бірді жығар.
Білімді мыңды жығар.
Сәлемдесуі: Біз дайынбыз бұл сайысқа достарым,
Көрсетеміз бізде қандай күш барын.
Алға қойған мақсатымыз бір екен.
Сәтті болсын сапарымыз әрдайым.
«Үшбұрыш» тобынан қарсылас топтарға сәлем.
ІІ топ. «Шаршы» тобы.
Ұраны: Қандай сынақ болса дағы беріспе,
Әрқашанда үміткерміз жеңіске.
Сәлемдесуі: Армандарға қол созумен келеміз,
Өмір теңіз жүзіп келеді кемеміз.
Білімменен қаруланған тобымыз,
Қарсыласты қалай да біз жеңеміз.
ІІІ топ. «Шеңбер» тобы.
Ұраны: Жарыс десе жанамыз,
Бүгінгі күн жарыста алғырлықпен аламыз.
Сәлемдесуі: Қиындықтан сірәда біз қашпаймыз,
Алғырлық пен тапқырлықты ұштаймыз.
Қияларға самғап ұшқан құстаймыз,
Шегінбейміз жеңістерге бастаймыз.
«Шеңбер» тобынан қарсыластарға сәлем!
Жүргізуші: Әділқазы алқасынан І-сайыстың қорытындысын сұраймыз.
2. Тапқырлық сайысы (әр топқа логикалық есептер беріледі).
«Ұшбұрыш» тобына.
1. Егер тырна бір аяғымен тұрса 3 кг болады, ал екі аяғымен тұрса оның салмағы қанша?(3 кг)
2. Үстел беті төртбұрышты, оның бір бұрышын арамен кесіп алсақ, неше бұрыш қалады? (5 бұрыш)
3. Төрт қойдың неше аяғы бар? (16 аяқ)


«Шаршы» тобына.
1. Аулада жүрген бұзаулар мен тауықтардың аяқтарының саны - он. Аулада неше тауық, неше бұзау болуы мүмкін?
2. 1 жұмыртқа 3 минутта піссе, 4 жұмыртқа қанша минутта піседі? (3 минут)

3. 1 т мақта ауыр ма, 10ц темір ауыр ма?(тең)


«Шеңбер»тобына.
1. Екі адам шахматты 2 сағат ойнады. Бір адам неше сағат ойнайды?

2. Сенбіден кейін 2 күннен кейін қай күн келеді?
3. Ұзындығы 10 метр жіпті әр бөлігі 2 метр болу үшін неше рет қию керек?


Әділқазылар алқасынан ІІ сайыстың қорытындысын сұраймыз.
ІІІ. «Біліктілік» сайысы. (тапсырма карточка бойынша беріледі).
«Үшбұрыш» тобына..
«Квадрат» тобына.
Тең бүйірлі үшбұрыштың периметрі 16 см, ал бүйір қабырғасы табанынан 2 см ұзын. Бүйір қабырғасын табыңдар.
«Трапеция» тобына.
Егер А = 420 болса, онда АВСД параллелограмының бұрыштарын табыңдар.
IV. Математикалық сұрақтар. (әр топқа бес сұрақтан)
V. «Ойымды жалғастыр» сайысы. (әр команда шапшаң жауап беру керек)
1. Жеті жұрттың тілін біл, (жеті түрлі білім іл)
2. Білекті бірді жығар, (білімді мыңды жығар)
3. Екі жақсы қас болмас, (екі жаман дос болмас)
4. Досыңды үш күн сынама, (үш жыл сына)
5. Бір елі ауызға - (екі елі қақпақ)
6. Жүз сомың болғанша, (жүз досың болсын)
7. Отызтістен шыққан сөз, (отыз елге тарайды)
8. Білгенің бір тоғыз, (білмегенің тоқсан тоғыз)
9. Бір кісі қазған құдықтан, (мың кісі су ішеді)
(Әділқазы алқасынан ұпай саны сұралады)


VІ. «Сөз жұмбақ» сайысы. (әр топқа бірдей тапсырма, карточка арқылы беріледі)
Есептердің жауабына сәйкес кестені толтырса, ұлы ғалымдардың аты шығады.
18,147 64 5 22,804 -56,7 47,498 13

VІІ. «Қас-қағым сәт» сайысы (әр команда тез тұрып жауап беру арқылы балл жинайды)
1. Бұрышты өлшейтін құрал. (транспортир)
2. Бойы екі қарыс, сиып тұр 25 арыс. (сызғыш)
3. Қиылыспайтын екі түзу. (параллель)
4. Ұзындықтың өлшем бірлігі (метр)
5. Екі нүктенің арасындағы түзу. (кесінді)

6. Барлық қабырғалары тең тіктөртбұрыш. (шаршы)
Әділқазы алқасынан жалпы сайыстың қорытындысы сұралады.
Кеш аяқталып, ойынға белсене қатысқан оқушылар марапатталады.


© 2010-2022