Дыбыстар мен әріптер еліне саяхат

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сауат ашу сабағы: «Дыбыстар мен әріптер»

Сабақтың мақсаты:

-балалардың дыбыстар туралы білімдерін қорыту;

-сөз, сөйлем, буын туралы ойларын қалыптастыру;

-оларды жеке талдап, жұмыспен дәлелдеп көрсету;

-балалардың ой-өрісін, сөздік қорын, тіл байлығын, тілін дамыту;

-топпен жұмыс істеуге, ұғымталдыққа, әдептілікке тәрбиелеу;

-сөйлем құрастырып, оны талдай білуге дағдыландыру.

Сабақтың түрі: Аралас

Көрнекіліктер: Кеспе әріптер, буындар,сөз, сөйлемге арналған қиылған карточкалар.

Әдіс-тәсілдер: Ойын-тапсырмалар, сұрақ-жауап, әңгіме, түсіндіру.

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезені:

Сәлемдесу. Үлкенге де сіз,

Кішіге де сіз.

Баршаңызды құрметтеп,

Бас иеміз біз.

Отырған қонақтарға қолымызды кеудемізге қойып ,басымызды иіп амандасамыз.

2.Өткен сабақтарды қайталау:

-әріп деген не? /дыбыстың таңбасы/

-дыбыс пен әріптің айырмашылығы неде?

-дыбысты естиміз,әріпті жазамыз, көреміз.

Әріп деген не десең?

Ол - дыбыстың таңбасы. Оқып, біліп үйренсең, боласың сен сауатты

Д/ойын «Сөз ойла, тез ойла», - доп лақтыру арқылы өткен дыбыстарға сөз ойлау.

«Ә» , «Ө», «Ұ», «І», т.б.

-Осы дыбыстарға байланысты тақпақ айтайық.

«Ә»--ал «Әліппе»,шырағым,әріптерден тұрады.

«І»--жалғыз таяқ боп тұр, төбесінде доп тұр.

«Ө»--кететіндей еріп, пісіп-ақ тұр өрік.

«Ұ»--тау басында ұлар, әдемі құс бұлар.

Ал қазір, балалар, мен сендерге сөз тізбек айтамын, ол неге қатысты екенін сендер табындар.

-Оқушы,қалам,тақта,кітап,бор - неге байланысты? (мектеп-білім).

-Аурухана,мұражай, мәдениет үйі- ол (ғимараттар).

-Жаңбыр, бәйшешек, күн, аспан,бүршік-(ауа райы,көктем мезгілі).

Балалар, әр бір тіршілік иесінің өздерінің тұратын жері, мекені болады екен.Мысалы: адамдар үйлерінде, құстар ұясында, малдар қорасында, ал аңдар өз апандарында өмір сүреді екен.

Ал, дыбыстар қайда өмір сүреді екен ?

Сол тұралы мен сендерге ертегі айтып берейін.

Әлде қандай патшалықта емес,мемлекетте емес, тұра өзіміздің аузымызда өмір сүріпті. Олардың үйі осы аузымыз болыпты. Үйдің төбесі - таңдай, еден дегеніміз - төмендегі таңдай, үйдің екі қабырғасы - екі жағы болыпты.Ал үйдің есігі - екі ерін, оның ішінде есік бекем болу үшін қойылған сүйек шарбақтар бар екен ,ол - тістер.

Бір күні осы үйге, яғни ауызға жылан кіріп орнығып алады,сөйтіп ол зұлымдық істерін жасай бастайды.

Көңіл-күйі жақсы болғанда , ол дыбыстарды емін-еркін өткізіп жібереді, мысалы былай: А,О,И,Е,У,Ы. Бұл дыбыстар үстіне қызыл көйлек киіп,есіктен емін-еркін өтіп, шығып жатады.

Ал кейбір дыбыстардың жолына сұр жылан түрлі кедергілер жасап, шығуына бөгет болады, не есікті жауып қояды. Мысалы: Б-б-б,З-з-з,. Т-дыбысы шығар кезде тіпті таңдайға жабысып қалады . (Балалармен дыбыстарды қайталап, айту.Бұл дыбыстар есіктен сыртқа өте алмай тұр)

Сөйтіп сұр жылан дыбыстарды ысылдауға, шырылдауға, қырылдауға мәжбүр етеді. Біресе сұр жылан дыбыстарды құйрығымен ұрады (р-р-р). Бұл дыбыстар ауыздан емін-еркін шыға алмайды, сондықтан олар көк көйлек киіп шығады.

Сонымен , емін-еркін шыққан дыбыстар - дауысты,

қысылып шыққан дыбыстар - дауыссыз болып екіге бөлініп қалады.

Қызыл көйлек киген дауысты дыбыстар өз-өздерімен, көк көйлек киген дауыссыздар өз-өздерімен жүріп жатады.

Оларды жекелей ешкім түсінбейді, сондықтан олар бәрі бірігіп буын құрайды, жеке буын да түсініксіз болады, сөз құралады, жалғыз сөздің де мәнісі болмайды, сонымен бәрі ақылдасып, сөзден бір ойды білдіретін сөйлем жасайды.

Содан бері дыбыстардың адамға пайдасы тиіп, әлі күнге дейін тіл құралы болып келе жатыр екен.

Балалар, сендерге ертегі ұнады ма?Не тұралы айтылған екен?

Ал, онда балалар, біз қазір дауысты , дауыссыздар болып екі топқа бөлінейік. Дауыстылар - бірінші қатарға,дауыссыздар - екінші қатарға отырайық.

Ертегіде айтылған дыбыс , буын, сөз, сөйлем тұралы біз қазір жұмыс істейміз.

1тапсырма:

Неге дауысты дыбыс дейміз?(дауысты дыбыстар тобы мысал келтіріп , айтып береді).

2 тапсырма:

Екі топқа әр түрлі буындарды беремін ,сол буындардан сөз құрайды, қай топ тез және көп құрайды сол жеңіске жетеді.

3 кезең. «Сергіту жаттығуы».

Буындармен қосылып ән салу: до-ре-ми-фа-соль-ля-си-до,

до-си-ля-соль-фа-ми-ре-до.

3 тапсырма:

Енді мен сендерге екі сөз дайындап қойдым.Сендер сол сөзге дыбыстық талдау жасайсыңдар.Сөзді буынға бөлесіңдер, әрі қанша дауысты, дауыссыз, барлығы неше дыбыс болғаның ажыратамыз.

4 тапсырма:

Екі топтан екі бала шығып,ауада нұсқағыштың көмегімен кезек-кезек жазады, дауыстылар тобы дауыссыздардың жазғаның , ал дауыссыздар дауыстылардың ауада жазған әріптерін табады.

4 кезең. Сергіту сәті.

5 тапсырма:

Сурет бойынша әңгіме құра.

6 тапсырма:

Диктант жазу: ана, ата, аға, күн.

7 тапсырма:

Ойын «Кішкене әліппе»

Бұзау «М»-ны «Ө» -ге қосып, не дейді? МӨ

Бота «Б»-ні «Ө»-ға қосып не дейді? БӨ

Қозы «М»-ны «Е»-ге қосып не дейді? МЕ Ал сендер «А»-ны «На»-ға қосып не дейсіңдер? АНА 8 - тапсырма: Жұмбақ шешу.

Білезікке қарайық, ұқсайды оған қай әріп? (С).

Көрмеде бар- өрмеде жоқ, әкеде бар - әжеде жоқ. (К)

Ғарышта бар,жұлдызда жоқ, ғалымда бар ,менде жоқ. (Ғ)

5 кезең.

Бағалау.

© 2010-2022