Қазақ тілінен ашық сабақ Қайталама қос сөздер

Раздел Начальные классы
Класс 4 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Қайталама қос сөздер

Сабақтың мақсаты:

Білімділік : Сөйлем ішінен қайталама қос сөздерді табуға, түрлерін ажырата білуге үйрету .

Дамытушылық : Ауызша жазбаша тілдерін дамыту,логиаклық ой-өріс дамыту

Тәрбиелік: Бір- біріне әрқашан көмекке дайын болуға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Жарыс сабақ

Пән аралық байланыс:

Ана тілі, дүниетану пәндерімен байланыстыра өткізу

Сабақтың көрнекілігі: сызба,кесте,оқулық,дәптер

Сабақтың әдісі: топтық жұмыс,жеке жұмыс, сұрақ-жауап, түсіндіру,

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық көніл-күй, оқушылар бір-біріне жақсы тілек білдіру

Топқа бөлу

Поэзия минуты.

Қазақ тілім-өз тілім,ана тілім

Абай,Мұхтар сөйлеген дана тілім

Қастерлейді ұл,қызың мәңгі сені

Болошағым,бақытым,дара тілім

-Міне балалар,кемеңгер,ғұлама ақын-жазушыларымыздың тілі-туған тіліміз-қазақ тілі сабағы екен

II . Үй тапсырмасын тексеру

А) Жаттығуды тексеру

Б) Ереже сұрау

1) Қос сөз дегеніміз не?

2) Қос сөздер қалай жасалады?

3) Сызбамен жұмыс

2. Жаңа сабақты түсіндіру..

Өлеңді оқы

Қора-қора қой жатыр,

Қарын-қарын май жатыр,

Түйе-түйе жүк жатыр,

Ауыл-ауыл ел жатыр

Қос сөздерді ата. Олар қалай жасалған?

Мағынаны тану

Оқулықпен жұмыс

1-жаттығу. Өлеңді оқып,көшіріп жаз.

Сылдыр-сылдыр-бұлақтар,

Сыбдыр-сыбдыр құрақтар,

Күрт-күрт орып құр аттар,

Сырт-сырт ойнап лақтар.

Қос сөздердің астын сызып,олардың екі сыңарын бір-бірімен салыстыр.

Логикалық тапсырма.

а)Ұршық сөзіндегі әріптерді ауыстырып, қайталама қос сөздер жаз

ә) Кезек сөзін бір рет жазып,екінші рет оқып,қалай қос сөз жасауға болады?

Сергіту сәті

Орнымыздан тұрайық,

Алақанды ұрайық,

Бір отырып бір тұрып,

Біз тынығып, алайық.

2-жаттығу. Екі бағандағы сөз тіркестері мен қос сөздердің мағынысын салыстыр. Олардың мағынасының өзгеруі неге байланысты?

3-жаттығу.

Мағынасы бір-біріне ұқсас қос сөздерді теріп жаз.

Алуан-алуан , Жолақ-жолақ

Кір-кір, өрім-өрім

Ала-ала, жиі-жиі

Оқтын-оқтын, түрлі-түрлі

Тоз-тоз, лас-лас

4-жаттығу

Сурет бойынша қос сөздерді пайдаланып қыс көрінісін суретте немесе бір шумақ өлең құрастырып көр.

6-жаттығу екі бағандағы сөздерден сөйлем құрастыру.

Ой толғаныс.

Топтарға тапсырма беру. Плакатпен жұмыс.

1-топ. Қайталама қос сөздер туралы кесте құру

2-топ. Біріккен сөздер туралы кесте құру

1)Біріккен сөздер мен қос сөздердің айырмашылығы неде?

2)Қос сөздердің қайталама қос сөздерден айырмашылығы неде?

3. Сабақты қорытындылау

Бағалау Үй тапсырмасы: 109- бет 5 -жаттығу

© 2010-2022