Ағайынбыз бәріміз. (2 класс)

Раздел Начальные классы
Класс 2 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Батыс Қазақсан облысы, Бөкей ордасы ауданы, Муратсай ауылы

А.Құсайынов атындағы жалпа орта білім беретін мектеп-балабақшасы

ІІІ деңгей сертификатталған, І санатты бастауыш сынып мұғалімі Сугралиева Гулбагида Таубаевна

Сабақтың тақырыбы: Ағайынбыз бәріміз. Тасымал.
Сабақтың мақсаты: Өлеңді мәнерлеп оқуға дағдыландыру, оқушыларды сөздерді дұрыс тасымалдауға төселдіру.
- жаңа тақырыпты меңгерту.
- сөздік қорын, ой - өрісін, дүниетанымын дамыту.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ.
Сабақтың әдіс - тәсілі: көрнекілік, критерийлі бағалау.
Сабақтың көрнекілігі: критерийлер, өлшемдер жазылған плакат, бағалау парағы.
Күтілетін нәтиже: Өлеңді мәнерлеп оқиды, сөздерді буынға бөледі, сөздерді тасымалдайды, көрнекі, ұқыпты жазады, сәйкестікті табады.

Сабақтың барысы:
I. Сабақтың басталуын ұйымдастыру.
Психологиялық дайындық.

Күлім қағып қолымды

1,2,3 деп ұрамын.

Қарап тұрған көршіме,

Қолымды мен бұлғайын.

Жылы-жылы жүзбенен,

Маңдайыңнан сыйпайын.

Жылы-жылы жүзбенен,

Жүрегімді сыйлайын.

Ыстық алақаныммен,

Қолыңды бер қысайын.

Амандасып өзіңмен,

Құшақтасып алайын.
Оқушылар 2 топқа бөлінеді.
1 - топ: Аққала.
2 - топ: Ақшақар .
Топтың ережесімен таныстыру.

«Бәйге» ойыны. Ойын мақсаты: Өткен тақырыптар бойынша оқушылардың білімдерін пысықтау.
1. Дыбыс дегеніміз не?
2. Әріп дегеніміз не?
3. Жуан дауыстыларды ата!
4. Жіңішке дауыстыларды ата!
5. Жуан және жіңішке жұп дауыстыларды ата.
6. Буын дегеніміз не?
7.Алматы мәтінінің түсінігін әңгімелеу .
II. Жаңа тақырыпты хабарлау.
- Балалар, бүгінгі өтетін жаңа тақырыбымыз -«Ағайынбыз бәріміз» өлеңі. Өлеңді жазған автор - Әнуарбек Дүйсенбиев.
Қазір өлеңді өз бетімізбен оқимыз. Өлеңді оқымастан бұрын тақтадағы сұрақтарға назар аударыңдар. Осы өлеңнен мына сұрақтарға жауап беретіндей түсініп оқимыз.
1. Өлеңде не туралы айтылған?
2. Өлеңнің авторы кім?
3. «Ақпыз, қара, сарымыз» деп автор кімдерді айтқан?
4. «Бала біткен дос, бауыр» дегенді қалай түсінесің?
5. «Ағайынбыз бәріміз» дегенді қалай түсінесің?
- Тақтаға мәнерлеп оқудың критерийі ілінеді.
- Оқушыларға бағалау парағы таратылып беріледі.
Әр топ бір шумақтан мәнерлеп оқиды. (Дұрыс - 3, орташа - 2, нашар - 1шапалақ соғу).
Мұғалімнің мәнерлеп оқуы.

Сұрақ - жауап. Әр топтан бір оқушы тұрып, жауап береді.
Дәптермен жұмыс. 96 - жаттығу. Мақал - мәтелдерді оқы. Ішінен өлең мазмұнына сай келетіндерін таңдап жаз.
1. Татулық - табылмас байлық.
2. Бірлік болмай, тірлік болмас.

ІІІ. Рефлекциялық бағалау кезеңі.
1) «Жоғалған буын» ойыны.
Ас - _ _ _- нам. Оқу -_ _ - лар.
Бәй -_ _ - рек ел -_ _ _- ба.
Ке -_ _ - ге.
2) Орны ауыстырылып берілген әріптерден сөз құрастыру.
1 ә, і, р, п ________
2 б, ы, у, н ________
3 т, с, м, а, л, а _________
4 д, б, ы, с, ы _________


Қосымша тапсырма: Берілген сөздерді буынға бөліп жазу және тасымал түрін көрсету.
1 - топ: Желтоқсан, қарлығаш, арыстан
2 - топ: Қыркүйек, отандастар, жолбарыс
IV. Қорытынды.
1. Буын дегеніміз не?
2. Тасымал дегеніміз не?
3. Сәйкестікті тап.
Отан------------Буын
Оқушы--------Тасымал
Ана
От
Жақсылық
(Дұрыс болса 3 рет шапалақтау).
.



А.Құсайынов атындағы орта жалпы білім беретін мектеп-балабақшасы



Ағайынбыз бәріміз

(Ана тілі)

1а сынып



















Өткізген: Г.Т.Сугралиева

© 2010-2022