Сабақтың тақырыбы: «Әлди, әлди» өлеңі. Жіңішке айтылатын сөздер

Раздел Начальные классы
Класс 1 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Начало формы

Конец формы

Күні:10.02.2015 жыл

Сабақ:сауат ашу 1 «А» сыныбы
Сабақтың тақырыбы: «Әлди, әлди» өлеңі. Жіңішке айтылатын сөздер.
Мақсаты:

-Әлди,әлди өлеңін түсіндіру, жіңішке дауысты дыбыстарды меңгерту.

-Көркем жазу, ауызекі тілдерін, жүйелі сөйлеу дағдыларын, жазу сауаттылықтарын арттыру.

-Үлкенді сыйлау, кішіге қамқор болуға тәрбиелеу.
Көрнекілік: интер белсенді тақта пайдалану, оқулық
Сабақтың түрі:жаңа білім беру
Пәнаралық байланыс: музыка, ағылшын, дүние тану


Сабақтың барысы:
I. Психологиялық дайындық.
Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз,
Барша жанды құрметтеп,
Бас иеміз біз!

Отыра қойыңдар. Бүгінгі сабағымыз ерекше өтпек. Себебі біздің сабағымызға қонақтар келіп отыр.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.Үйге берілген тапсырманы «Адасқан төлдер» ойыны сұрақтар арқылы тексеру.

Балалар біз нелердің суреттерін көріп тұрмыз? Төлдердің. Дұрыс айтасыңдар, балалар бұл төлдер адасқан төлдер екен. Бұларды біз аналарына қосуымыз керек. Ол үшін әр төлдің өз тапсырмасы бар екен.Сол тапсырманы орындайық. Дұрыс орындаған балаға гүл беріп отырамын, сабақтың соңында кімде, қанша гүл бар екенін анықтап бағалаймыз.

Ой қозғау.

1.Сиырдың төлі-бұзау. Төрт түлікті ата.

2.Жылқының төлі-құлын. Төрт түліктің пайдасы қандай?

3.Қойдың төлі-қозы. Төрт түлікті ағылшынша ата. Түйе-камел, жылқы-хос, сиыр-кау, қой-шип, ешкі-гоут.

Ешкінің төлі-лақ. Төрт түлік туралы тыйым сөздер айт.

4.Түйенің төлі- бота. Ешкі сөзіне дыбыстық талдау жаса.

Өте жақсы. Адасқан төлдерді аналарына қосып бердік. Аналары сендерге алғысын білдіріп жатыр.

Біз сонымен төрт түлік жайлы өткен болатынбыз. Төрт түліктің бізге пайдасы өте көп. Болашақта біз төрт түлік туралы көп мәліметтермен танысатын боламыз.

Сонымен балалар біз дауысты дыбыстар туралы өткен болатынбыз. Дауысты дыбыстар неше топқа бөлінеді? Екі.Жуан дауысты дыбыстар: а,о,ы,ұ және жіңішке дауысты дыбыстар:ә,е,ө,і,ү.

Ендеше біз бүгінгі сабағымызда «Әлди, әлди» өлеңі арқылы жіңішке айтылатын сөздермен танысамыз.

Қазір жылдың қай мезгілі? Қыс. Қыс мезгілінен кейін қай мезгіл? Көктем. Көктем айларын атап жіберіңдерші. Наурыз, сәуір, мамыр. Көктем мезгілінде қандай мерекелер бар? 22-наурыз, 8-наурыз аналар мерекесі.

Видео көрсету.

Не тыңдадық? Ән. Қандай ән? Бесік жыры. Бесік жырын қашан айтады? Баланы бесікке бөлегенде тынышталуы үшін, ертерек ұйықтауы үшін айтылатын жыр. Бесікке не үшін бөлейді? Дене бітімі сымбатты және өте таза болсын деп бөлейді.

Бесік жырынсыйлайтын кім бізге? Аналарымыз бен әжелеріміз . Аналары баласы үшін бәріне дайын. Кімнің анасы? Біздің анамыз. Біз анамызды жүрегімізбен сыйлаймыз.

Алдағы келе жатқан 8-наурыз аналар мерекесіне анамызға сыйлық жасаймыз. Сыйлықты қайдан аламыз? Әрине дүкеннен аламыз. Бірақ дүкенші бұл гүлдерді сендерге тегін бермейді. Сендер гүлді өз білімдерің арқылы аласыңдар. Кім көп гүл жинайды сол балалар анасына гүлді беріп, анасын қуантады. Анамызды қуантуға дайынбыз ба? Олай болса балалар құмыраға гүл жинайық.Гүлдердің өзінде тапсырмалар бар екен. Сол тапсырмаларды орындайық.

І гүлдің тапсырмасы:

41-жаттығу. 1. Өлеңді мәнерлеп оқыңдар.

Әлди, әлди

Әлди, әлди, ақ бөпем,

Ақ бесікке жат, бөпем.

Жылама, бөпем, жылама,

Жілік шағып берейін,

Жілігіңнің басына

Үкі тағып берейін.

2. Қарамен жазылған сөзде неше дауысты дыбыс бар? Олар жуан ба, жіңішке ме?

Бұл сөздер неге дауысты дыбыстар?

Ереже: сөздегі дауысты дыбыстар жіңішке болса, сөз жіңішке айтылады. Қандай сөздер балалар? Мысалы: жілік, үкі, дәптер, терезе, киік, өзен, күрек.

Өте жақсы. Гүл құмыраға салынды.

ІІ гүлдің тапсырмасы:

Суретпен жұмыс

Суретке назар аударайықшы. Суретте үйдің ішінде кімдер отыр? Ата-әже, ана-әке, ұл бала, қыз бала.

Сөйлем құрату.

Балалар сендердің аналарыңның әкесі мен анасы сендерге кім болады? Нағашы ата. Нағашы әже. Өте жақсы. Бәрі бір үйде тұрса қалай атаймыз? Отбасы.

Сендер ағылшын тілінен де өттіңдер маған ағылшынша бұл сөздер қалай аталатынын айтып беріңдерші. Ата-гранд фазе, әже-гран мазе, ана-мазе, әке-фазе, ұл бала-сан, қыз бала-дотә, нәресте-бейби.

Сендер бұл сөздердің орысшасын білесіңдер ме?

Ата-дедушка, әже-бабушка, әке-папа, ана-мама. Жарайсыңдар балалар!

Шығармашылық тапсырма:

Оқушылар өз отбасылары туралы таныстырып өту.

Олай болса келесі гүлдің тапсырмасын орындайық.

ІІІ гүлдің тапсырмасы:

«Ойлан тап» ойыны.

Берілген сөздер: сәбіз, қарбыз, қоян, шар, доп, гүл.

Жарайсыңдар! Келесі гүлді құмыраға салайық енді. Гүл құмыраға салынды. Балалар санап көрейікші неше гүл болды?

ІV гүлдің тапсырмасы:

Суретпен жұмыс.

Мұқағали Мақатаев Алматы облысы Нарынқол ауданында дүниеге келген. Қазақтың ақиық ақыны. Балалар ақиық дегеніміз не? Ақиық-мықты ақын.

Тапсырмасы 42-жаттығу

«Құттықтаймын, мама, туған күніңмен» өлеңін жаттап алыңдар. Біз бұл өлеңді музыка сабағынан жаттаған болатынбыз. Сергіту сәті ретінде осы өлеңді қонақтарға айтып берейік.

Осы өлең шумақтарындағы

Мен тілеймін саған

Ұзақ өмірді!

Жіңішке айтылған сөздерді атаңдар. Олардың құрамындағы дауысты дыбыстар жуан ба, жіңішке ме?

V гүлдің тапсырмасы:Дәптермен жұмыс.

Терме диктант.Тек жіңішке дауысты дыбыстар тұрған сөздерді теріп жазу.

Дәптерімізді көлбеу қойып, тап-таза әдемі етіп жазайық.

Ата, әже, ана, әке, аға, әпке, көке.

Тақтамен жұмыс.

Әже, әке, әпке, көке.

VI Құмыраның тапсырмасы:

Соңғы анамызға беретін құмырамыздың тапсырмасы:

Кімнің суретін көріп тұрсыңдар? Әжесі мен немересінің суреті.

Немере дегеніміз кім? Ұлдың баласы.

Олай болатын болса, өлеңді түсініп оқыңдар.

Оқулықпен жұмыс.

  1. Мұғалімнің оқуы

  2. Жеке оқушының оқуы

  3. Рөлге бөліп оқуы

Әжесі мен немересі

-Жүрегім кім менің?

-Мен!

-Тірегім кім менің?

-Мен!

-Жаным кім менің?

-Мен!

-Ботақаным, бағлан қозым,

Не деген тәтті баласың өзің!

-Қасыңда боп әрдайым,

Мен ешқайда бармаймын.

Қ.Ыдырысов

Бекіту.Сұрақ қою арқылы

  1. Жуан дауысты дыбыстарды ата.

  2. Жіңішке дауысты дыбыстарды ата.

  3. Сөздегі дауысты дыбыстар жіңішке болса, сөз қалай айтылады? Жіңішке айтылады.

  4. Әлди, әлди өлеңін кім айтады?

Қорытынды

-Бүгінгі сабақ сендерге ұнады ма?

-Анамызға өз біліміміз арқылы гүл жинадық. Аналарың мен әжелерің қуанатын болды. Әр уақытта ұстаздарды, үлкендерді ренжітпей, сыйлап, ақылды бала болып өсейік. Осы гүлді анамызға апарып қуантамыз. Келесі сабақтарда қолдан өзіміз гүл жасаймыз.

Сабақты бағалау. Бүгінгі сабаққа өте жақсы қатысқан оқушыларды гүлдерін саната және мадақтай отырып бағалау.

Үйге тапсырма: Әркім өз отбасы жайлы суреттер көрмесін жасап келу. 45-бет «Әлди, әлди» өлеңі жаттап келу.



© 2010-2022