Урок по родному речь

Раздел Начальные классы
Класс 2 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Әдебиеттік оқу.

Сабақтың тақырыбы:О.Әубәкіров. Сүт қалай ұйықтады?

Сабақтың мақсаты:

1).Қазақтың белгілі сатирик ақыны О.Әубәкіровтың өмірбаянымен таныстыру.Ертегі мазмұнын ашу,сүт тағамдарымен таныстырып,ертегідегі негізгі ойды,мағынаны ашу.

2.Өз беттерімен жұмыс істеу,ой-өрісін дамыту.Білім іскерлік дағдыларын қалыптастыру.

3.Ертегі арқылы еңбексүйгіштікке,сергек,алғыр болуға тәрбиелеу.

Әдісі:әңгімелеу,талдау,сұрақ-жауап,топпен жұмыс.

Көрнекілігі:сызбалар,суреттер,интерактивті тақта.

Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру бөлімі.

Психологиялық дайындық..

-Көңіл-күйлеріңіз қалай?

-Керемет!(қолдарын көтереді)

-Сабаққа дайындықтарың қалай?

-Тамаша! (алақандарын шапалақтайды)

-Ынталарыңыз қалай?

-Ғажап! (қолдарын көтереді)

-Ендеше сабағымызды бастайық!

-О, о, о(бас бармағын көтереді)

Ұранымыз:

Мақсатымыз-білім алу,

Міндетіміз -еңбектену.

Еңбектену арқасында,

Білімге қол жеткізу.

ІІ.Үй тапсырмасы. «Өткенді шолу». Ы.Алтынсарин «Салақтық».

Қыс айларына байланысты топқа бөлу.

І топ. Желтоқсан

1.Мәтіннің авторы кім?Ы.Алтынсарин туралы не білеміз?

2.Автор кімнің басынан өткен жағдайды баяндайды?

ІІ топ.Қаңтар

1.Керім қандай жігіт?

2.Керім қандай жұмысқа жалданыпты?Қайда жатып емделеді?

ІІІ топ.Ақпан

1.Қолын жумай не жейді?

2.Қандай күйге түседі?

Салақтық сөзіне жуық сөздерді табу.

Салақтыққа сөзіне қарама-қарсы сөздерді табу. Тазалық.

Таза бала мұнтаздай,

Сүйсінеді қараған.

Ұқыпты деп бұл қандай?

Жақсы көрер бар адам. Таза болып жүреміз.

«Сөзжұмбақ».

1.Сүт қандай?

2.Сүтті пісіріп,ашытқы қосып әдейі ашытып жасалатын тағам.

3.Тұз қосып кептірілген,сүттен жасалған тағам.

4.Сиыр туғандағы алғашқы сүт.

5.Сүтке сары су қосып,ұзақ уақыт қайнатып жасалған жұмсақ,сарғыш тағам.

6.Айранды сүзіп, ..... жасайды.

7.Сиырдың сүтін қандай ыдысқа сауып аламыз. (ҰЙҚЫШЫЛ)

-Тағы да міне, осындай жаман әдеттердің бірі-ұйқышыл.

Жаңылтпаш оқу.

Ұйқышыл кісіні ұйқы қысты,
Ұйқышыл кісінің ұйқысы күшті.

ІІІ.Жаңа сабақ.. О.Әубәкіров.Сүт қалай ұйықтады?

«Мәселені болжау». О.Әубәкіров.

Өмірбаяны шығармалары.

ІҮ.Оқулықпен жұмыс:

-Ертегіні оқу,тізбектей оқу.

-Суретпен жұмыс.

І топ: Ертегідегі нақыл сөзді табу.

ІІ топ:Ертегідегі елдің сөзін табу.

ІІІ топ.Ертегідегі ненің әрекеті берілген.

Ертегідегі қорытынды ойды оқу. Суретке сәйкес ертегіде берілген жолдарын тауып оқу,әңгімелеу.

Мәтінмен жұмыс:

Мазмұны

Ақиқат па?

Жалған ба?

Сүт ұйып қапты

Ұйықтап қапты

Айқайлап жатса да оянбапты

Бықырып тұрып ашыпты

Бұл сүтке ұйқы ұя сапты

Әжем дорбаға құя сапты

«Ой ашар» «Сүттің пайдасы».

Сүт - барлық жастағы адамдар үшін жұғымдылығы жоғары оңай сіңетін өнім.Құрамында оңай сіңетін май, көптеген мөлшерде кальций мен фосфор қосындылары болады.

Қымыз - биенің сауылған сүтін ашытып, күбіде пісіп, дайындайды. Өте шипалы, адам жанына күш-қуат беретін сусын. Ешкінің сүтін емге ішеді.Қазақта қымыз, шұбат, айран, қатық сияқты өнімдерін бір сөзбен "ақ" деп атайды.

Сүт және одан жасалатын тағамдардың сапасы да, құнары да, нәрі де өте жоғары болады. Сондықтан да қазақ халқы ақтың орнын басқамен айырбастамайды. Сүт - бағалы тағамдық өнім.

Топпен жұмыс:

І топ:Берілген буындардан сөздер құрап жазу.Сүттен жасалатын өнімдер.

Урок по родному речь

ІІ топ:Адам бойындағы жақсы қасиеттерді атау.

ІІІ топ:Жұмбақтар шешу.

1.Сылдыр сұйық су емес, 2.Күбіге құйып піскен не? (қымыз)

Ішсең сусын қанады. 3.Ұйытып қойып іштім мен. (айран)

Ақ болса да қар емес, 4.Кілегей шайқады апам менің (май)

Шешуін кім табады? (Сүт) 5.Сөреге кептіріп,жайды әжем. (құрт)

Ой толғаныс: Бес жолды өлең.

1.Не?

2.Қандай?

3.Не істеді?

4.Не үшін?

5.Ой түйіні. Өлең.

Топтастыру:

Сусындар. Тағамдар.

Айран Құрт

Шұбат Май

Қымыз Ірімшік

Шалап Балқаймақ

Қаймақ Уыз Сүзбе


«Қарама-қарсы пікірлер».

Ұйқының пайдасы. Ұйқының зияны.

Ұйқы адамның күш-қайратын Көп ұйықтаған адам енжар болады.Еріншек

қалпына келтіреді. жалқау болады.

Сергек болады.

Мақал мәтел

1.Сиырдың сүті - тілінде

2.Малды теппе, сүтті төкпе

Сабақты қорыту: Блиц турнир. Кім жақсы меңгерді?

-Ертегінің негізгі ойы?

- Автор сендерге қандай ой тастап отыр.

-Ертегі сендерге ұнады ма?

-Көп ұйқы адамға қажет пе?

-Өлең неліктен ертегіге жатады деп ойлайсыңдар.

Шығарманың аты:

Сүт қалай ұйықтады?

Авторы:

Оспанхан Әубәкіров

Жанры:

Ертегі

Жақсы қасиеттер:

Ұйқышылдықтан қашу,еңбекті сүйе білу.

Жаман қасиеттер:

Ұйқының зияны

Негізгі ой:

Жаман әдеттен аулақ болу.

Қорыту:

Сүт өнімдерінен жасалатын тағам түрлерін білу.

Білдім. Білемін. Білгім келеді?

Бағалау.

Талпын жақсы болуға

Күндей сәуле шашатын.

Білім іздеп,өнер тап.

Түнді күндей ашатын.

-Білімді,тәртіпті,тәрбиелі боламыз-деп сабақты аяқтаймыз.


© 2010-2022