Сабақ 9 санының құрамы

Раздел Начальные классы
Класс 1 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: «9 санының құрамы»
Сабақтың мақсаты: а) Оқушыларды 9 санының құрамын ажыратуға, әр түрлі текшелермен жұмыс жасауға дағдыландыру.
ә) Алған білімдерін саралау. Санды санға қосуға, саннан санды азайтуға үйрету. Белгісіз санды табуға төселдіру. Ойлау, есте сақтау қабілеттерін, ауызша есептеу дағдыларын, ойын арқылы танымдық қабілеттерін және логикалық ой-өрісін дамыту.
б) Еңбекқорлыққа, достыққа, мейірімділікке тәрбиелеу.
Көрнекілік: «Мақта қыз бен мысық» ертегісінің кейіпкерлерінің суреттері,қарындаштар, сандар, киндер сюрприз жұмыртқалары.

Сабақтың түрі: Ертегі сабақ
Әдісі: Сұрақ-жауап, түсіндіру, шығармашылық жұмыс
Сабақтың барысы:
1 . Ұйымдастыру кезеңі

Арайланып таң атты,

Алтын сәуле таратты.

Жарқырайды күніміз,

Жарқырайды даламыз.

Қайырлы күн балалар!

Қайырлы күн қонақтар!

Бір, екі, үш

Сынып іші тып-тыныш

Жалқаулықты тастаймыз

Сабақты біз бастаймыз.

2. Ой қозғау

Мақта қыз бен мысық ертегісі.

Мақта қыз және мысық екеуі дос болып жүреді. Мақта қыз үйін жинап жүріп, бір мейіз тауып алады да, мысықты шақырады. Мысық келмейді. Қыз: Келмесең келме-деп,мейізді өзі жеп қояды. Жеп болған соң мысық келіп: - Неге шақырдың? - деп сұрайды. Мақта қыз айтпайды. Сонан соң мысық: - Ендеше қатығыңды төгем-дейді.Мақта қыз: - Мен құйрығыңды кесіп аламын-дейді. Мысық қатықты төгеді. Мақта қыз мысықтың құйрығың кесіп алады. - Мақта қыз құйрығымды берші-дейді. Қатығымды қайтарған соң, құйрығыңды беремін дейді. Енді мысық бізден көмек сұрап тұр.

Мысыққа құйрығын қайта алуға көмектесеміз бе?

Ол үшін біз тапсырмаларды орындауға көмектесейік. Сәт сапар, достар!

Ертегіні жалғастыру.

3. Миға шабуыл

Тышқанның тапсырмасы:сандарды ретімен теріп бер

2 4 9 1 5 7 3 6 0 8

Логикалық тапсырмалар:

1. Бір кг темір ауыр ма, әлде бір кг мақта ауыр ма?

2. 1 жұмыртқа 5 минут піссе, 4 жұмыртқа неше минут піседі?

3. 2 сиырдың неше мүйізі бар?

4. Үйдің 4 бұрышында 4мысық отыр, әр мысықтың алдында 3 мысық отыр. Үйде неше мысық отыр?

4. Жаңа сабақ

Тауықтың тапсырмасы (Киндер сюрприз жұмыртқаларын пайдалануға болады).

Берілген жұмыртқаны екі қорабқа бөліп салу, нешеден келеді екен?

9 санның құрамын табу.

2+7

5+4

0+9

3+6

1+8

Дүкеншінің тапсырмасы.

№2 77 бет

5. Сергіту сәті. Қыздар сендерді ойын ойнауға шақырады.

Қар лақтыру. Музыка ойнайды. Балалар қағазға тілек жазады. 1 минут. Әр адам алған қарды ашып тілекті оқиды. Шапшаң орындалады. 2 минут.

Ағаштың тапсырмасы 9 санының құрамын жаз (жұптық жұмыс).

Әр партаға тапсырмалары бар альбом таратылады.

6. Бекіту кезеңі

Сиырдың тапсырмасы. Өрнектер құрастыр

0+9=9 1+8=9 3+6=9

Әр қатардан 1 баладан шығып жазады.

7. Қорытынды. Топтастыру

Мақта қыз бен мысықтың татуласуы.

Балалар бүгінгі сабақта біз қай ертегі туралы әңгімелестік? Мысықпен Мақта қыздың татуласуына кім көмектесті? Ол үшін біз не істедік? Бүгін біз нені білдік? Нені үйрендік?

«Достық» әні орындалады

8. Бағалау

9. Үйге тапсырма № 4 78 бет.




© 2010-2022