Сабақтың тақырыбы: Қысқа бәрі дайын ба? 2-сынып

Раздел Начальные классы
Класс 2 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Әдебиеттік оқу 2 сынып Сабақтың тақырыбы: Қысқа бәрі дайын ба?
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: мәтінді түсініп , мәнерлеп дұрыс оқуын жетілдіру..

Дамытушылығы: өз ойын жеткізе білуге үйрету, өз тіліне арттыру. Ой-өрісін, сөздік қорын ,сөйлеу тілін дамыту.
Тәрбиелігі: оқушыларды сауаттылыққа, табиғатты аялауға , елін,жерін сүюге тәрбиелеу.
Түрі: жаңа сабақ.
Әдісі: түсіндіру,көрсету, ойын, сұрақ - жауап.
Көрнекілігі: оқулық, сөздік.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі...Психологиялық дайындық.

II. Өткен сабақты еске түсіру.Сұрақ- жауап.

1.Құстар қайда көшіп барады?

2.Жылы жаққа жеткенге дейін құстардың жолында қандай қиындықтар болуы мүмкін деп ойлайсың?

III. Қысқа бәрін дайын ба?

Ертегілер - халық ауыз әдебиетінен мол орын алатын күрделі шығармалардың бір түрі. Ертегілер көбіне қара сөзбен айтылатын болғандықтан, оны ерте замандағы ауызша шығарылып айтылатын көркем әңгіме деуге де болады. Ертегілер адам баласының еңбек кәсібі, тұрмыс- тіршілігіне байланысты туған. Онда халықтың ой-арманы, әдеп-ғұрпы, мұн- шері, арман- мұраты баяндалады. Ертегілер Қиял- ғажайып. Тұрмыс- салт. Хайуанаттар туралы.

"Жолбарыс пен тышқан" ертегісі.

Кітаптан окып;мазмұнын ашу. Ерте заманда бір жолбарыс тоғайдың калың бадалында ұйыктап жатыр еді.Үстіне бір тышқан мініп кетеді.Жолбарыс ренжіп өлтірмек болады. Бірақ тышқан кешірім өтініп,тірі жүрсем менде бір кәдеңізге жарармын дейді.Сен маған қызметке жарамайсың деп,бірақ босатып жібереді.Бір күндері жолбарыс торға түсіп қалады.Тышқаннан көмек сұрайды.Тышқан жүгіріп келіп,тұзақты қажап,қиып кеп жібереді.Жолбарыс риза болып,рахмет айтады. Осындай себептер біреумен­ біреудің арасында болмай қалған емес.Тарих , халық ауызында мынадай мақалдар бар

Ханның ісі қараға түсер,

Батырдың ісі балаға түсер,

Байдың ісі кедейге түсер,

Жолбарыстың ісі тышқанға түсер,

Ердің ісі баз - базында дұшпанға түсер....

Оқулықпен жұмыс. Мәтінді оқып, түсіндіру. Оқушыларға оқыту.

Сұраққа жауап алу.

Дәптермен жұмыс.

. IY.Сергіту.Ойын:»Кім жылдам оқиды?

Y. Бекіту. Сұрақ - жауап:

1. Жазушы күз мезгіліндегі құстар тіршілігін қалай суреттеген?

2. Табиғатты қысқа не дайындайды?

3.Құстар өз жеріне неліктен қайта ұшып келеді?

4. Жазушы құстар өмірін зерттеушілер туралы не жазған?

5.Жыл құстарын ата?

6. Тақсырет деген сөзді қалай түсінесің?

YI. Оқушыларды бағалау.Үйге тапсырма: Мәтінді мәнерлеп оқып, мазмұнын айту.



© 2010-2022