Дүниетану пәнінен сабақ жоспары

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:
Тақырыбы: Жердің Күнді өз білігінен айналуы .

Мақсаты:

Білімділік мақсаты: Оқушыларға Жердің өз білігінен айналуы туралы түсінікті ұғындыру. Глобус туралы алған білімдерін бекіту ;

Дамытушылық мақсаты: Танымдық қызығушылықтарын , бақылу, талдау, қорытынды жасау дағдыларын дамыту;

Тәрбиелік мақсаты: Ғаламшарымызда тіршіліктің жойылмауына , табиғатты қорғауға тәрбиелеу. тәрбиелеу.

Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту.

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, топтастыру.

Сабақтың типі: жаңа білім беру

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың ұйымдастыру формасы: жекелей, жұптық және ұжымдық оқу

Көрнекіліктері: белсенді тақта, карта , глобус, суреті , тест тапсырмалары

Әдіс-тәсілдері: ойын, сұрақ-жауап, талдау, түсіндіру, жұптық жұмыс, ой қозғау

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық дайындық

Айнала қандай тамаша,

Зер салып оған қарағын.

Орман, өзен, көк майса,

Жер-Ана бұл, қарағым!

II. Үй тапсырмасын пысықтау

Өткен тақырып бойынша топтастыру жасау жұппен жұмыс

Дүниетану пәнінен сабақ жоспары

III. Өткен тақырыпты бекіту

Тест тапсырмалары арқылы/слайд бойынша/

(Тесті орындау, жұптағы бала тексеру , ұпай белгілеу)

1.Глобус сөзі қандай тілден шыққан, қандай ұғымды білдіреді?

а/ латын, шар в/ грек, дөңгелек с/араб, домалақ

2. Глобуста қандай түс басым?

а/ көк в/жасыл с/ сары д/қоңыр

3. Жердің дөңгелек екенін алғаш зерттеген саяхатшы кім?

а/ Ұлықбек в/Магеллан с/ Колумб д/білмеймін

4. Жер шарының қанша бөлігін су алып жатыр?

а/ 4/3 в/ 3/2 с/жартысын

5. Глобусқа байланысты ұғымдардың астын сыз

экватор, диаметр, меридиан, ені, параллель, ұзындық, градус торы, шаршы, полюс, плюс.

6.Жер шарындағы шексіз созылып жатқан су қоймаларын қалай атайды?

а/ теңіз в/ өзен с/ мұхит

7.Сумен қоршалып жатқан құрылықтар қалай аталады?

а/ облыстар в/ материктер с/республикалар

8. Глобусты екіге бөліп қарғанда қалай атауға болады?

а/ оң жартысы, сол жартысы

в/ батыс жарты шар, шығыс жарты шар

9.Глобус не үшін керек ?

а/ бақылау, зерттеу в/ жерді тамашалау с/ ойнау

10.Қазақстан қай материкте орналасқан ?

а/ Еуразия в/ Африка с/Антарктида д/Америка

1. а 2. а 3. в 4. а 5. экватор, меридиан, параллель, градус торы, полюс.

6. с 7. в 8. в 9. а 10. а

IV . Жаңа сабақ

Қызығушылығын ояту

Жасыл желек жамылған,

Жер дөңгелек бір әлем

Асқар-асқар таулары,

Сылдырап аққан сулары.

Сан алуан гүлдері

Жан -жануар бәрі бар

Бұндай планета қайда бар?

Сөзжұмбақ шешу.

  1. Күннің шығу уақыты

  2. Ғарыш сөзінің синонимі

  3. Ең үлкен материк

  4. Аспан денелері

  5. Жерде не бар ?

  6. Жер бетінің қағаз бетінде бейнеленуі не?









V. Мағынаны тану

Оқулықпен жұмыс

Оқулықтағы мәтінді оқушылар іштей оқиды, бір -бірімен мағлұматтарымен алмасады

Қосымша мағлұматтармен жұмыс

Түртіп алу (оқулықпен , дәптермен жұмыс.)

Жердің осі - жердің кіндігі не жердің білігі деп аталады.

Жер өз білігінен батыстан шығысқа қарай айналады .

Жердің өз білігінен бір рет айналып шығуына кететін уақыт тәулік деп аталады . Тәулік деп 24 сағатты айтамыз.

VІ.Қорытындылау Картамен жұмыс (Тәжірибе көрсету)

Игерген білім - білік дағдыларын әртүрлі тапсырмалармен қорытындылау (слайдтармен жұмыс)

VІІ.Үйге тапсырма

  1. Мәтінді оқу, сұрақ дайындау

  2. Сөзжұмбақ құрау

VIІІ.Рефлексия 5 жол өлең

1жол : 1 зат есім

2жол:2сын есім:

3жол: 3 етістік:

4 жол: 4 сөзден құралған сөйлем:

5 жол: сөз тіркесі :

ІХ. Бағалау/бағалау парағы бойынша оқушылардың бағалауы/


© 2010-2022