Тәрбие сағаты Әлемнің жеті кереметі

Раздел Начальные классы
Класс 4 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Әлемнің жеті кереметі

Сабақтың мақсаты: Әлемнің мәдени-тарихи мұрасы-әлемнің жеті кереметімен таныстыру.

Сабақтың міндеттері:

1.Даңқы әлемге жайылған сәулет ескерткіштерімен таныстыру.Бұл кереметтердің бәрі адам қолынан шыққандығын,яғни адамның ақыл-ойының дамып,қол шеберлігінен туындаған әлемдік құндылықтардың маңызын ұғындыру.

2.Сұлулықты сезіне білуге баулу.

3.Эстетикалық тәрбие беру.Оқушы санасына тарихи құнды ескерткіш- терді сақтау керектігін ұғындыру.

Көрнекілігі: «Әлемнің жеті кереметі»суреттер,слайдтар

Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі.

2.Оқушыларды сабақтың тақырыбымен,мақсатымен таныстыру

Салеметсіздерме оқушылар ,ұстаздар,ата-аналар.Бүгінгі «Әлемнің жеті кереметі »атты тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер.

Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы туралы не білеміз?

Адамзат тарихында әлем кереметтерінің саны жетеу ғана. Неге жетеу? Кездейсоқ алынды ма бұл сан? Бұл сұрақтарға жауап беру үшін өткенді еске алған артық емес. Кереметтер туралы қысқаша айтып кетейік.«Жеті» деген санды қадірлеу көне заманнан басталады,қасиетті сан болып есептеледі. Ай күнтізбесін негізге алған есеп бойынша-бір аптада жеті күн бар, демек, Ай фазалары жеті күнде бір өзгеріп отырады. Аспан әлемінде жеті шырақ: Күн, Ай, Меркурий, Сатурн, Марс, Юпитер, Шолпан- жеті құдайы атымен байланысты болып, олардың құрметіне Вавилонда жеті сатылы күмбез орнатылды. Ежелгі гректер де жеті деген санға табынды.

Көне заманда адамның шебер қолдарымен көптеген керемет туындылар салынған.Кереметтерді жасау не үшін қажет болды? Ерте замандарда ұлы адамдар өздерінің шексіз биліктерін және мықты ықпалын көзге көрінер- ліктей дәлелдеу мақсатында айбынды ғимараттар мен мүсіндер жасатты.Бұл кереметтерді жасаушы шеберлердің өнеріне таңғалмау мүмкін емес еді,олар жергілікті тұрғындардың мақтаныш сезімдерін тудырды.Бұл кереметтердің көпшілігі діни наным-сенімдерден туындады,барлық жеті керемет те саяхатшыларды өте қызықтырды.Грекияның тарихшылары әлемнің жеті кереметі деп Александр Македонский билік құрған аймақтарға жақын орналасқан құрылыстарды атады.

Слайд

Гизадағы Хеопс пирамидасы - ерте замандағы шеберлердің қолдарынан шығып,бізге дейін жеткен жалғыз жәдігер. 4 мың жыл бойы адамдарды таңғалдырып келген әлемдегі биіктігі 147 метрге жететін ең биік ғимарат. Пирамиданы Ніл өзенінің батыс жағалауын басқарушы перғауын Хуфу өзінің моласы есебінде салғызған.Оған дейін де,одан кейін де бірнеше пирамидалар салынған.Бірақ бірде-біреуі Хеопс пирамидасы сияқты өзінің кереметтігімен 4 мың жыл бойы адамзат санасын жаулап ала алмады.Қазіргі таңда пирамидалар көптеген туристердің назарын аударып отыр.

Археолог:Хеопс пирамидасының жалпы салмағы 5млн тоннадан тұрады.Хеопс пирамидасы орналасқан жерге Римдегі (Италия) Әулие Петрдің екі шіркеуін орналастыруға болады.

Б.э.д.433 жылы мүсінші Фидий гректердің ежелгі құдайы Зевстің таңғаларлық мүсінін аяқтады.Оның биіктігі қазіргі төрт қабатты үйден де биік.Биіктігі 13 метр болды. Мүсін құрылысына бір тонна піл сүйегі және одан да көп мөлшерде алтын жұмсалды.Фидий Зевсті тақта отырған кейіпте бейне- леді және оның бойына адамгершілік қасиеттерді енгізуі көптеген келушілерді нағыз тірі құдайды көргендей сезімде қалдырды. Мүсін шіркеуде бірнеше ғасырлар бойы сақталып, кейіннен өрт кезінде құрып кетті.

Археолог: Фидий мүсінді 8 жыл салған.Мүсінді жасаған материалдар-пілдің бивендері мен бегемоттардың тістері. Материалдар су өтпеу және күннің ыстығынан жарылып кетпеуі үшін майланған.Егер мүсінге қаптаған алтынның құнын қазіргі ақшаға аударсақ,10 млн.доллар болады екен.

Өзінің керемет сәулеттілігі және ұлылығы үйлесімін тапқан Галикарнас- тағы Мавзолей бір кезде керемет адамдар тамашалайтын орындардың бірі болған. Ол б.э.д 4-ғасырда Түркияның патшасы Мавсолдың моласы ретінде жасалған. Оның құрылысы Мавсолдың тірі уақытында басталған.Мола- ның жобасын грек сәулетшісі Пифей жасады.Ақырында мемориал қирап, археологтар Мавзолейдің көптеген құпияларын ашқан.Галикарнас аты кейіннен Бодрумға өзгертіліп,моланың қалдықтары осы қаладағы мұражайда сақталған.

Галикарнас мавзолейі Хеопс пирамидасынан басқа әлемнің кейбір кереметтеріне қарағанда ең ұзақ сақталды. Мавзолей жер сілкінуі салдарынан бүлінген,бірақ оны біржола 1522 ж крес жорығының жауынгерлері жойып жіберді.Олар оның материалдарын түріктерден қорғану мақсатында өзде- рінің бекінісін нығайтуға пайдаланды.

Вавилонның аспалы бағы 2 мың жылдан астам уақыт бойы адамдарды таңғалдырып келді.Патша II Навуходоносор Вавилон (қазіргі Ирак) империясын құрып,кейін Вавилон қаласының атағын шығарған.Бұл дүние жүзіндегі ең үлкен қала болды.Аңыздарда ол Аспалы бақты өзінің әйелі Амитис патшайымның құрметіне салғызған.Бақтарды күту,егу,суару, жерді қопсыту-жүздеген құлдарға жұмыс тауып берді.Қала парсылар жаулап алғаннан кейін қаңырап бос қалған,бақтар жөнінде тек тамаша аңыздар ғана сақталып қалған.

Құдіретті жаулап алушы Навуходоносор Iiпатшалық құрған кезінде Вавилон дүние жүзіндегі ең үлкен қала болды. Навуходоносор әскери жорықтарда көп тұтқындарды қолға түсіріп,олардың күшін ғылым мен дін орталығына айналған Вавилонның құрылыс жобаларын іске асыруға пайдаланған.

Слайд

Родос -Грекияның Додеканез аралдарының ішіндегі ең үлкені бол- ған.Родос аралының тұрғындары биіктігі 32 метр Алып деп аталатын қола мүсінді 12 жыл бойы салған. Мүсін қаланың кеме тоқтайтын айла- ғында мәрмәр тұғырда тұрған. Ол қола табақтардан және қаңқасы темірден жасалып, оған қоладан құйылған бөлшектер бекітілген.Мүсін небәрі 60-ақ жыл тұрған.Ол қатты жер сілкінісінің нәтижесінде жерге құлап қираған.Кейіннен Родосты жаулап алған арабтар,қоладан жасалған бөлшектерін Сирия көпесіне сатып,ол оларды 900 түйеге артып алып кеткен.Қазір алыптың ізі де қалмаған.

Бұрын «алып» деген сөз барлық мүсіндерге тән болатын. Родостағы мүсін жасалғаннан бері ол «алып мүсін» деген мағынаны берді.Алыптың биіктігі 32 м болған.Аңызда былай делінген:мүсінші

Хареске мүсіндегі жіберген аздаған ақауын көрсеткен кезде ол өзіне қол жұмсап,өмірін қиған.

Биіктігі 124 м Александрия маягы жүз жылдар бойы түнде жарық шашып,теңізшілерге жол көрсетіп,кемелерді су астындағы жартастарға соғылып қалмауларынан сақтанды- рып тұрды. Ол әрі бекініс,әрі қарауыл мұнарасы болды.Бұл маяктың құрылысы 20 жыл мерзімге созылды.Жүз жылдар бойы Фарос әлемдегі адамдар тұратын ең биік құрылыс қатарына жатты. 1700 жыл бойы тұрған ол осы кезге дейін салынған маяктардың ішіндегі ең биігі болып табылады. Александрияны арабтар басып алғаннан кейін,қала құлдырап, кеме тоқтайтын жерді батпақ басып,Фаростың енді қажеті де болмай қалды.Жер сілкінісінің салдарынан ғимарат қирап, біртіндеп теңізге құлаған.

Фарос кереметтердің қатарына шамамен біздің эрамыздың 6 ғасырында енгізілген.Бір ғажабы ол қазіргі кездегі Йокогамадағы (Япония) биіктігі 106 м маяктан да биік болған.Фарос өзінен кейінгі дүние жүзінде салынған маяктар үшін үлгі және сөз жоқ ежелгі замандағы ең ауқымды инженерлік жетістік болды.

Әйгілі әлемнің жеті кереметініңқатарына енген Артемида ғибадатханасы Эфестегі бірінші ғибадатхана емес,бірақ басқаларынан әдемі бол- ған.Ежелгі қала Эфес сол аймақтағы ең бай қаланың бірі еді.Ұлы ғибадат- хана салынған уақытта Эфест 200 мың халқы бар,құдайға құлшылық ететін маңызды орталық болатын. Сол кездегі құралдар мен көліктер көмегімен Артемида сияқты ғибадат- хана салу үлкен жетістік еді.Оны салу үшін бірнеше жылдар бойы сәулетші- лер,тас қалаушылар,құлдар армиясы еңбек еткен.Олар діни орын болған- дықтан құрылыс жұмысын керемет құлшыныспен істеп,нәтижесі адам таңғаларлықтай болған.Кейіннен басқыншылардың шабуылынан ғибадатхана қираған.

Эфес бір кездерде Кіші Азиядағы ең бай қала болған.Әулие ғибадатханасының маңайынан табылған. Ғибадатхана діни орын болғандықтан,адамдар өздерін жазалаудан немесе соттаудан құтқаратын жер ретінде паналаған.

Енді Қазақтың жеті кереметі жайында айта кеткім келіп тұр.Олай болса тақтаға қарайық.

Слайд

Оқушыларға тапсырма.Берілген сөздерді сәйкестендіреді.

Гиза Артемида ғибадатханасы

Олимпия Семирамиданың аспалы бағы

Галикарнас маягы

Вавилон алып мүсін

Колосс Родосский Хеопс пирамидалары

Александрия Зевстың статуясы

Эфес мавзолейі

7санына байланысты деректерді айтып өтейікші.

Аптаның жеті күні

Кемпірқосақтың жеті түсі

Жеті қазына

Жарайсыңдар балалар! Осымен біздің тәрбие сағатымыз аяқталды назарларыңызға рахмет!

© 2010-2022