Урок Қазақ тілінде баяндама

Раздел Начальные классы
Класс 1 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:
Баланың тілін дамыту мақсатында ауызекі сөйлеу мәдениетіне тәрбиелеу, байланыстырып сөйлеуді дамыту мен сөздік қорын дамыту үшін сабақта және сабақтан тыс уақытта ойналатын дидактикалық ойындардың маңызы зор. Ойын шарттары мен көрнекіліктерін пайдаланып ойналатын дидактикалық ойындар арқылы баланың жеке басын, ойын әрекетін дамытуға болады. Дидактикалық ойындар баланың ақыл-ойын дамытады. Өзін-өзі бақылауға үйретеді. Дидактикалық ойындарды іріктеуде баланың ойынды саналы түсініп, ол ойын шартын дұрыс орындауға тырысып, белгілі бір нәтижеге жету мақсаты көзделді. Бала ойын мақсатына сай ойын шартын орындап, ондағы сұрақтар мен тапсырмаларға жауап беруге дағдыланады. Ойын шартын, ережесін қатаң сақтау арқылы жолдастарын тыңдай білу, олардың қатесін түзетуге белсенділік көрсетуге ынталандырылады. Жолдасының қатесіне көмектесуде, оған ойын шартын түсіндіріп ойынды жалғастыруға, жаңа ойын ережесін ойлап табуға, оны басқаларға түсіндіре білуге, ойынды ұйымдастыруға жаттықтырылады. Мысалы «Жаңылма» ойыны арқылы балаларды ынтымақтастыққа, аңғарымпаздыққа үйретеді. Ойын шарты: Балалар қол ұстасып дөңгелене тұрады да, ортасына санамақ айтып бір баланы шығарады. Шыққан бала өлең, тақпақ, әңгіме айтып тұрып кез келген жерінде жата қалады немесе құлағын ұстайды, басын сипайды тағы сол сияқты іс-әрекеттерді жасайды. Оның қимылдарын тез қайталай алмаған бала айыпты болып, өзі бір өнерін көрсетеді. Дидактикалық ойындарды тіл дамыту сабақтарында пайдаланудың тиімділігін тәжірибе көрсетіп отыр. Сабақты бекіту, сабақта меңгерген материал туралы түсінігін кеңейту, баланың шығармашылығын дамыту, тіл байлығын молайту үшін дидактикалық ойындар сабақтың тақырыбына, мақсатына сай таңдалып алынады. Ұсынылып отырған дидактикалық ойындардағы тапсырмалар: сөйлеудің екі түрі: монологтық және диалогтық сөйлеуге арналған. Мысалы «Үй жануарлары» ойынында балаларды үй жануарлары мен төлдерді ажыратуға, олардың қимылын қалай дыбыстайтынын айтқызып, оларға қамқоршы болуға үйретеді. Ойын шарты: балаларға үй жануарының суреттері таратылып беріледі. Олардың қалай аталатынын, қалай дыбыстайтынын, қалай күтуге болатынын айтқызады. Сонымен бірге олардың дене мүшелерін де ататып, үй жануарлары туралы балалардың білетін жұмбақтарын шешкізеді. Антоним сөздермен таныстырғанда жануарларды хайуанаттар бағындағы торларға әкеліп, оларды жеке орындарға орналастыру тапсырмасы беріледі. Бала жануарлардың денесіне қарап, «үлкен, кіші» деп бөліп, оларды соған сәйкес үлкен торға немесе кіші торға орналастырады. Антоним сөздерді салыстыру жолымен жұмыс жүргізу баланың ой-өрісін кеңейту үшін өте пайдалы. Сондықтан антоним сөздерді өздері салыстыру үшін, қызықтыратын «Зообаққа орналастыру» тағы басқа да дидактикалық ойындарды ұйымдастыруға болады. Жалпы және жеке ұғым туралы түсініктерін тереңдету үшін «Жалпы қалай аталады?», «Жалпы атауын бер», «Жеке-жеке атын ата» деген дидактикалық ойындар ұйымдастырылады. Мысалы: кесе, қасық, тарелке, шанышқы - ыдыс аяқтар. Алма, алмұрт, шие, өрік - жемістер. Қияр, картоп, сәбіз, қызылша - көкөністер. Көлек, қамзол, тақия, бешпет - киімдер. Етік, туфли - аяқ киімдер. Үй жиһаздарын ата. Диван, төсек, үстел, орындық, теледидар. Отбасы мүшелерін ата. Әке, шеше, ата, әже, аға-іні, қарындас. Оқу құралдарын ата. Кітап, дәптер, қалам, өшіргіш, т.б. Баланың шығармашылығын дамытуда имитациялық ойындар: «Біздің көңіл күйіміз», «Қоянның көңіл күйі» т.б. арқылы ым, мимиканы әр түрлі эмоцияны білдіретін сөздерді және оларды салып, көрсетуге үйрету. Ым, мимикамен көңіл күйді салып, оны сәйкес сөздермен айту. Мысалы: қоян қорқып тұр. Қоян адасып кетті. Оны орманда тиіндер тауып алды. Барлығы қуанды. Оны дауыс ырғағымен қуану, ренжу, жылау т.б. салуға, сол арқылы адамның көңіл күйін түсінуге аяушылық сезімге қамқоршы болуға тәрбиеленеді. Ұсынылып отырған дидактикалық ойындардың мақсатына сәйкес, шарты нақты көрсетілді. Бұл ойындарды сабақта және сабақтан тыс уақытта пайдалану арқылы баланың тілін дамыту мен қатар ойынды өз шығармашылығымен жалғастыруға, ойын шартын дұрыс орындауға, онда белгілі бір нәтижеге жетуге, ұжымдық мақсатқа бағынуға, үлкендермен балалар арасында ынтымақтастық қарым-қатынас орнатуға болады.






















№240 Ғ. Мұратбаев орта мектебі.






Баланы ауызекі сөйлеу мәдениетіне тәрбиелеу мен сөздік қорын дамытуда дидактикалық ойындардың маңызы




МАД. Сынып мұғалімі Татенова Ақнұр







Қандөз ауылы 2015-2016 ж.

© 2010-2022