П дыбысы мен әрпі 1-сынып

Раздел Начальные классы
Класс 1 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Пәні: Әліппе

Сабақтың тақырыбы: П дыбысы мен әрпі.

Сабақтың мақсаты:

1.Оқушыларға П дыбысы мен әрпін таныстыру,сөздегі орны туралы

түсінік беру,берілген сөздерді дұрыс оқу мен жазуға үйрету

2. П дыбысына қатысты жаңа сөздер ойлау,сөйлемдер

құрату.Танымдық іс-әрекеттер арқылы ой-өрісін,тілін дамыту

3.Оқушыларды сауаттылыққа,ұйымшылдыққа тәрбиелеу

Сабақ түрі: аралас сабақ

Сабақ әдісі: түсіндіру,сұрақ-жауап,әңгімелеу,көрнекілік

Көрнекілігі: П дыбысы мен әрпіне арналған кестелер, суреттер

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылардың сабаққа зейіндерін аударамын.

Сабаққа қажетті оқу-құралдарын дайындатамын.

Баланың партада дұрыс отыруын қадағалаймын.

Психологиялық дайындық:

-Күлімсіреп жүрейік жылы жүзбен,

Бізге келсін қуаныш нұр іздеген.

Шуақ толған жанымыз, жүрегіміз,

Үлгі алсын көрген жан мына бізден. Осындай мейірімді, ақылды, өмірге, білімге құштар оқушыларымның барына қуанышытымын. Сендермен бірге болғаныма тек мен ғана емес, шуақты күн де қуанып тұрғандай. Бүгінгі күніміз көңілді, әрі сәтті аяқталуы үшін өзімізге және келген қонақтарға жақсылық, көтеріңкі көңіл күй тілей отырып, бүгінгі сабағымызды бастаймыз.

ІІ.Өткенді қайталау: Балалар қараңдаршы күннің бетін бұлт жауып қалыпты. Күннің бетін бұлттардан тазартайық. Ол үшін бұлттардың артындағы сұрақтарға дұрыс жауап беруіміз керек. - Дыбыс дегеніміз не? - Дыбысты біз естиміз , айтамыз. - Дыбыс нешеге бөлінеді? - Дыбыс екіге бөлінеді. Дауысты және дауыссыз деп. Оқушылардың алдыңғы сабақтан алған ұғымдарын,түсініктерін пысықтау. -Пп дыбысы қандай дыбыс? - Пп дыбысынан келетін сөздер құрау,сөздерден сөйлем құрау. -Қандай дыбыстарды дауысты дыбыстар дейміз? -Қандай дыбыстарды дауыссыз дыбыстар дейміз? - Үйге қандай тапсырма берілді? - «Кітап»мәтінін оқып келуге -Оқушыларға оқыту тізбектей, дауыстап «Балықты аула» ойыны: « Балықты аулап ал, жауабын тауып ал» Балалар қағаздан жасалған балықты аулайды. Балықтың сыртында сұрақтар бар. Сол сұрақтарға жауап береді. -Кітапты неден жасайды? (Кітапты қағаздан жасайды) - Қағазды неден жасайды? (Қағазды ағаштан жасайды?) -Кітап қайдан шығады? (Кітап баспадан шығады) -Кітаптың қандай пайдасы бар? (Біз оқимыз, білім аламыз) ІІІ.Мақсат қою:Сабақтын тақырыбын,мақсатын хабарлау Енді балалар мен сендерге жұмбақ жасырайын кім жылдам екенін көрейік. (Сабақ тақырыбын жұмбақ жасыру арқылы ашу) - Ызақор бұғып жатыр, Сақалын тығып жатыр (пияз) - Өте жақсы ! Пияз жеміс пе, көкөніс пе?(көкөніс) - Пияз деген сөз қандай дыбыстан басталады? -П дыбысы - Дауысты дыбыс па, дауыссыз ба? -Дауыссыз өйткені еріннің кедергісіне ұшырайды. Ендеше , П дыбысын бәріміз бірге айтып көрейікші. Бүгін біз сендермен П дыбысы мен әрпін өтеміз. (П дыбысының баспа және жазба түрімен таныстыру) Енді балалар П дыбысы бар құлпынай сөзін буынға бөліп көрейікші қанша буын бар? Құл - пы - най . Үш буын. Себебі , әр буында бір дауысты дыбыстан бар. Мектеп сөзінде қанша буын бар? Мек - теп.Екі буын. Доп сөзінде ше? Бір буын бар.Себебі бір ғана дауысты дыбыс бар. Буынға бөлінбейді.

ІІІ.Жаңа сабақ: «Күш - білімде, білім- кітапта» ендеше жаңа сөздерді оқып үйренейік. Кітабымыздың 104 бетіндегі буындық сөздерге қарайық. доп - добы көп - көбі тап - табу топ - тобы шөп - шөбі шап - шабу Доп деген сөзге ы дыбысын қоссақ «добы» деген өзгеріске енеді екен. Тақтадағы кірпінің суретін көрсету. - Кірпі немен қоректенеді? Оның қандай пайдасы бар? Ол қайда мекен етеді? (Балалар кірпі жайлы өз түсініктерін айтады.) ІҮ.Кітаппен жұмыс: Кітаптағы «Кірпі» мәтінін оқу (Мәтінді дауыстап оқып беремін) Екі адамның бір- бірімен кезектесіп сөйлесуін диалог дейді. Ендеше рөлге бөліп осы мәтінді оқып көрейікші. (Оқушыларға диалогпен оқыту) Дәптермен жұмыс: Дәптермен жұмыс жүргізбес бұрын П әрпін ауада және тақтаға жазып көрсету. П дыбысын енді дәптерге әдемі етіп жазайық. Жазып шаршадық па? Сергіту сәті: Орнымыздан тұрамыз, Қолды белге қоямыз. Бұрыламыз оңға бір, Бұрыламыз солға бір. Біз бақытты баламыз, Гүл - гүл жайнап жанамыз. Жаттығулар жасасақ, Жақсы сергіп қаламыз. Ү. Бекіту: Бүгін біз сендермен қандай дыбыспен таныстық? Не білдік? Не үйрендік? Не істедік?
ҮІ.Сабақты қорыту: Қазір мен сендерге тапсырма беремін. Соны жарыса бәріміз орындайық. Ы әріпін қоссақ қап сөзі қандай өзгеріске ұшырайды? Кәне кім жылдам? Доп сөзі ше? ҮІІ.Үйге тапсырма: Суреттермен жұмыс жасау. Кірпі мәтінін оқып келуге. ҮІІІ.Бағалау-мадақтау: Тексерілді: Н.Н.Қырғызбаева


«Бекітемін»

Мектеп директоры

_______К.К.Карбузов




Әліппеден үлгілі сабақ

Сабақтың тақырыбы: П дыбысы мен әрпі.

Сабақтың мақсаты:

1.Оқушыларға П дыбысы мен әрпін таныстыру, сөздегі орны туралы

түсінік беру, берілген сөздерді дұрыс оқу мен жазуға үйрету

2.П дыбысына қатысты жаңа сөздер ойлау,сөйлемдер

құрату.Танымдық іс-әрекеттер арқылы ой-өрісін, тілін дамыту

3.Оқушыларды сауаттылыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу

Сабақ түрі:

аралас сабақ

Сабақ әдісі:

түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелеу, көрнекілік

Көрнекілігі:

П дыбысы мен әрпіне арналған кестелер, суреттер

Күні: 21.11.2014 жыл

Уақыты: 09.25


П дыбысы мен әрпі 1-сынып

Кашаганова Гүлжахан Махамбетқызы Таутүрген орталау мектебінің бастауыш сынып мұғалімі


© 2010-2022