ТОП ЖҰМЫСТАРЫ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫН АРТТЫРУ

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

ТОП ЖҰМЫСТАРЫ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫН АРТТЫРУ

Бисембаева Райса

«№270 орта мектебі» КММ

бастауыш сынып мұғалімі
Жұмыстың өзектілігі. Өмір сүріп отырған ғасырымыз - өркениет дамуының кезеңі, ақпараттық қоғам дәуірі, технологиялық мәдениет дамуының кезеңі. Жаңа кезеңінде жаңа білім беру жүйесі, жаңа оқыту жүйесі және білім беру үлгісі сай келуі тиіс. Сонымен бірге қазіргі білім жүйесінің негізгі міндеті - адамның ішкі жан дүниесінің, адамгершілік қасиеттерінің, жеке басының дұрыс қалыптасуына бағыттау, соған негіздеу болып табылады. Яғни қазіргі қоғам адамзат алдына, білім беру жүйесіне үлкен мәселелерді қойып отыр. Ондай мәселелердің бірі - мектеп педагогикасының күрделі де маңызды мәселесі - оқушыны оқыту, білім беру үрдісін жетілдіру, оқытудың жаңа технологияларын, жаңа үлгілерін пайдалану, жалпы білім беру реформасын жасау қажеттігі туып отыр.
Бұл бағдарламада білім беру, оқыту сапасын көтеру және нәтижеге аз уақытта жетуге бағытталған оқытудың жаңа технологияларын практикаға енгізу қажеттігі айқын көрсетілген. Соңғы кездерде мектептерде, соның ішінде бастауыш сыныптарда оқытудың әр түрлі жаңа технологиялары пайдаланылып, практикаға енгізілуде. Атап айтар болсақ, В.П.Беспалько, Н.Р.Талызиналардың бағдарламалы оқытуы, Л.В.Занков, А.С.Выготскийдің дамыта оқытуы, В.Р.Шаталовтың тірек сигналдары, Р.Штейнердің еркін таңдау идеясы, С.Н. Лысенкованың оза оқытуы, Ш.А.Аманашвили, Е.Б.Бондаревскаяның жеке бағдарлы оқытуы, В.М.Монаховтың модульдік оқытуы, т.б. Зерттеу жұмысының мақсаты. Оқытудың жаңа технологияларын, жаңа әдістерін, инновациялық технологияны қолданудың тиімділігін көрсету. Сын тұрғысынан ойлауды дамытуды ана тілі, қаза тілі, дүниетану пәндерін оқытуда қолдану және ол арқылы оқушы білімін тереңдетіп, оқушының сабақты шығармашылық ізденіспен меңгеруіне септігін тигізетіндігін дәлелдеу.
Зерттеу жұмысының міндеттері:

-жаңа технологиялардың қызметіне сипаттама жасау;
-жаңа технологиялардың тиімділігін айқындау;
-оқытудың жаңа технологиясын сабақта пайдалану жолдарын көрсету;
- Сын тұрғысынан ойлауды дамытуды бастауыш сыныптарда оқытуда қолдананудың тиімді жақтарын көрсету;
- Сын тұрғысынан ойлауды дамытуды бастауыш сыныптарда оқытуда қолдану арқылы қол жеткен нәтижелерді көрсету; Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Жастардың және еліміздің басты капиталы - сапалы білім» деген пікірі оның салиқалы саясатының бірі деуге болады. Сол себептен де тәуелсіз Қазақстанның білімді ұрпағын тәрбиелеу бүгінгі көкейкесті мәселелердің бірі. Мемлекетіміз қарап жатқан жоқ, Елбасы басшылығымен бірқатар іс-шаралар жүзеге асуда. 1997 жылдың соңында Президент Н.Ә. Назарбаев 2030 жылға дейінгі Қазақстанның даму стратегиясын анықтап, онымен халықты таныстырды. Президент бұл стратегияны болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілік сезіміміздің көрінісі деп бағалады. «Қазақстан - 2030» стратегиясында қоғамның ұзақ мерзімді басым мақсаттары - жеті бағыт бөле көрсетілді. Солардың бірі - Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білімі мен әл-ауқаты. Соған байланысты, білім беру мазмұнын жаңарту, үздіксіз білім беру жүйесін дамыту - бүгінгі күннің талабы. Қазіргі кезде білім берудегі мақсат - жан-жақты, білімді, өмір сүруге бейім, қиындыққа мойымайтын, өзіндік ой-талғамы бар, адамгершілігі жоғары, қабілетті жеке тұлғаны қалыптастырып дамыту. Ертеңгі еліміздің еңсесін тік ұстап, ел мерейін үстем ететін бала деп сенім артатындықтан сапалы білімді, саналы азамат тәрбиелеу ісі - білім беру саласының еншісінде. Демек білімдендірудің ошағы - мектепте. Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында «Қазіргі кезеңдегі білім беру сапасы оқушылардың түрлі қызметтер саласындағы проблемаларды өз бетінше шешу мүмкіндіктерін қамтамасыз ететін қалыптасқан негізгі құзыреттілік түріндегі білім беру нәтижелерінің жетістіктері мен түсіндіріледі», - делінген. Білім, білік, дағдыларды меңгертуден құзыреттіліктерді қалыптастыруда, құзыреттіліктер түрінде күтілетін білім беру нәтижелерін, білім сапасына бақылау жасаудың тәртібі қарастырылады. Білімнен құзыреттілік қағидасына негізделген жаңаша оқыту техналогиясы оқушылардың танымдық қызметінің заңдылықтарына оқудағы құндылық бағдарға, яғни, оқушының зерттеушілік, шығармашылық және рухани адамгершілік қызметтеріне негізделген технологияға айналуы тиіс. Жаңа технологияны оқу тәрбие үрдісінде қолдануды инновация дейді. «Инновация» деген сөз латынның «novos» жаңалық және «in» енгізу деген сөзінен шыққан. Ал оның қазақша аудармасы «жаңару», «жаңалық енгізу» деген мағынаны білдіреді. Қазақстан Республикасының он екі жылдық орта білімнің мемлекеттік жалпыға міндетті біілім беру стандартында «Құзыреттілік - әрекеттің әмбебап тәсілдерін оқушы игеруі арқылы көрінетін білім беру нәтижесі» деп көрсетілген. Педагогика ғылымындағы құзырет, құзыреттілік ұғымдары адамның жеке және қоғам талаптарын қанағаттандыру мақсатындағы табысты іс-әрекетіне қажетті білім дайындығына әлеуметтік сұраныс дегенді білдіреді. Құзыреттілік - сәйкес құзыретке ие болу негізінде іс-әрекетті жүзеге асыру қабілеті арқылы байқалатын тұлғалық қасиет. Құзырлылық - адам болмысының сапалық белгісі. Әр адамның сапалылық белгісі мен қоғамның әл ауқаты қалыптасады. Мектеп түлегінің негізгі құзырылылығы құндылықты-бағдарлы, мәдениеттанымдық, оқу-танымдық, комуникативтікғ ақрпарттық-технологиялық, әлеуметтік-еңбек және тұлғаның өзін-өзі дамыту құзыреттіліктері бойынша анықталатындығы да белгіленген. Тұлға құзырылылығын қалыптастыруға тиісті құзыреттіліктерді жүзеге асыруда оқушының жеке даралық ерекшеліктеріне айрықша мән бере отырып, білімді баланың еркін игеруді жүзеге асыру мұғалімдерден тиімді әдіс-тәсілдерді жетілдіре отырып, тың әдістемелік негіздерді қалыптастыруды қажет етеді. Бәсекеге қабілетті, өзгерістерге бейім жеке тұлға тәрбиелеу ізденіске толы шығармашылық жұмыстардың нәтижесінде ғана мүмкін екендігі белгілі. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Қазақстан - 2030» Республика халқына жолдауында айқындалған негізгі басым бағыттар мен міндеттерді жүзеге асыру үшін білім мазмұнын жаңартумен қатар оқытудың өзіндік жаңа жолын, жаңа технологиясын қалыптастыру - өмірдің талабы болып отыр, осыған сәйкес өз сабағымда Д.Б. Эльконин, В.В. Давыдовтың «Дамыта оқыту технологиясы», В.Ф. Шаталовтың «Тірек сигналдары арқылы оқыту технологиясы», Ж. Қараевтың «Деңгейлеп оқыту технологиясы», М.М. Жанпейісованың «Модульдік оқыту технологиясы» т.б. технологияларды қолданамын. ТОП ЖҰМЫСТАРЫ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫН АРТТЫРУТОП ЖҰМЫСТАРЫ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫН АРТТЫРУ

Ойын арқылы оқыту

Дамыта оқыту

СТО

Тірек сигналдар арқылы оқытуТОП ЖҰМЫСТАРЫ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫН АРТТЫРУТОП ЖҰМЫСТАРЫ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫН АРТТЫРУТОП ЖҰМЫСТАРЫ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫН АРТТЫРУ ТОП ЖҰМЫСТАРЫ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫН АРТТЫРУТОП ЖҰМЫСТАРЫ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫН АРТТЫРУ

Деңгейлік сралап оқытуТОП ЖҰМЫСТАРЫ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫН АРТТЫРУ

МодульдікТОП ЖҰМЫСТАРЫ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫН АРТТЫРУТОП ЖҰМЫСТАРЫ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫН АРТТЫРУ

Оқытудың компьютерлік технологиясы




«Қазіргі заманғы жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай, мүдделі жаңа білім беру өте қажет», - деп Елбасы атап көрсеткендей, жаңа технологиялық әдіс-тәсілдерді мектеп өміріне енгізу, оны әр пән мұғалімінің тиімді пайдалана білуі бүгінгі таңда білім сапасын арттырудың бірден-бір жолы. Әдіс дегеніміз - мұғалімнің белгілі бір мақсатқа жетудегі іс-әрекеті, тәсілі, ал технология дегеніміз - көптеген әдістердің жиынтығы. Қазіргі оқыту барысында қолданылып жүрген көптеген технологиялар жеке тұлғаның жетілуіне оқыту тиімділігінің негізін құруға бағытталған. Соның ішінде соңғы жылдары өз сабақтарымда қолданып жүрген «Сын тұрғысынан ойлауды дамыту» технологиясының түрлі стратегиялары оқушының жеке тұлға ретінде қалыптасуына өз ықпалын тигізеді. Оның мақсаты - оқушыларды ойын ашық айта алуға, пікір алмаса білуге үйрету, мәселені сын тұрғысынан шешуге дағдыландырады. Ұжымда өз ойын ашық айтып қана қоймай, оны дәлелдей білуге, бір-біріне сыйластықпен қарап, пікірін құрметтеуге баулу. Мұғалімнің сабақтарда бұл жобаның әдістерін орынды, тиімді қолдана білуі, сол әріптестеріне үйретуі қажет. Сыни тұрғыдан ойлау дегеніміз не? «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту» бағдарламасы бойынша ол - шыңдалған ойлау, кез келген даму деңгейіне байланысты мәселелерге сыни көзбен қарау;

  • күрделі мәселелерді шешуге, аса маңызды, жауапты шешімдер қабылдауға құштарлық;
  • үйрету мен үйрену бірлігінен, үйренудің қызығушылығынан тұратын, үйренушінің сеніміне негізделген құрылым;
«Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлау» бағдарламасы бойынша біраз уақыт жұмыс жасағаннан кейін мен қандай да болмасын жетістіктерге, қомақты нәтижелерге қол жеткіздім деп айта аламын. Ал төменгі кестеде өз оқушыларымның қолдары жеткен жетістіктерін келтірдім:

Қызығушылықты ояту Мағынаны ажырату Ой-толғаныс Оқушыларым енді сабақта өзін еркін сезінеді
Сабаққа қызығады, тез бейімделеді Ынталы болды Танымдық белсенділігі артты Оқуышыларым енді кез-келген тақырыптың мазмұнын ашады Өз бетінше ізденеді Ойын жеткізуге дағдыланады Талдау жасай алады Ғылыми түсініктер қалыптасады. Сөйлеу дағдысы жетіледі Оқушыларым енді ойын өз сөзімен жеткізе алады қорытынды жасай алады Ақпарат қорларын ұлғайтады Білімі берік болады Білім сапасы көтеріледі Нәтижеге қол жеткізеді
Өз сабақтарымда көбінесе оқушылардың бірлесіп, ұйымдасып, топтасып жұмыс істеуіне көп көңіл бөлемін. Оқушылар бірлесіп ортақ мәселелерді талқылағанда жаңа пікірге шығармашылық пен қарау тұрғысында, жаңалықтар ашу барысында жұмыс жасайды. Бұл оқушының коммуникативті-құзырлығының дамуына әсер етері сөзсіз. Топ мүшелері өз ойларын ортаға салып, оларды кесте арқылы көрсетеді. Бірлесіп жұмыс жасағанда мына жайттарды есте ұстаймын:
  • Сыйластық қарым-қатынас;
  • Жауапкершілік;
  • Топтың барлық мүшелерінің кезекпен сөйлеу дағдысын үйрету;
  • Топта ұтымды жұмыс жасау;
Осындай топта жұмыс жасап үйренген оқушылардың іс-әрекеті нәтижелі болады, білімдері шыңдалады. Сыни тұрғыдан ойлауын шыңдау жеңіл міндет емес. Дегенмен сын тұрғысынан ойлауды дамытатын оқыту жағдайлары мен әдістері бар. Сын тұрғысынан ойлау тәжірибесі болу үшін мүмкіндік пен уақыттың қажеттілігі, оқушылардың ойлауына рұқсат ету, оқу үрдісіне белсенді қатысқан оқушыларды мадақтау, пікірлерін дұрыс қалыптастыруға көмектесу, сын тұрғысынан қарастырылған мәселелердің құндылығын білдіреді. Оқушыларды біртіндеп сыни пікірлерін дұрыс айтуға, мәселені нақтылы шешуге үйрету. Сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасы бойынша стратегиялардың құрылымы сабаққа дайындық, оқыту барысында қолданылатын, үй жұмысы ретінде берілетін стратегияларға бөлінеді. «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту» технологиясын қолдану арқылы оқушылар тыңдаушылардан белсенді, ізденуші, ойланушы дәрежесіне дейін көтеріледі. Мұғалім осы әрекетті ұйымдастырушы, бағыттаушы. Ой салу- ұстаз тарапынан, ойлану- шәкірт тарапынан, ойланту- (ойлауы жетіспей жатқан оқушыға түрткі жасап, ойлантуға, ізденіс жолына алып келу) ұстаз тарапынан, бір шешімге келу- оқушы тарапынан жүзеге асады. Бастауышта қушылардың коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастыруда СТО технологиясының маңызы зор. Себебі, оқушылар әр түрлі ақпарат көздерімен сусындап, өз түйінін айта білуі керек. Кез келген тақырыпты талдау барысында өз тобымен ұйымдасып, пікірлесіп, ең ұтымды жауапты іздеуі қажет. СТО технологиясының стратегияларын пайдалана отырып, өткізген сабақтардың берер әсері мол. Оқушылардың белсенділігі артып, келесі сабақты асыға күтеді. Олардың сабақты оқуға деген қызығушылығы мен қажеттілігі қалыптасады. Өз пікірін айта алатын, өз көзқарасын дәлелдей алатын, ұлтын сүйетін оқушы ертеңгі өмірдің ағымына да төтеп бере алатын азамат бола алатынына мен кәміл сенемін. Сондықтан да болашақ мамандарға бұл жобаның жеке тұлға ретінде дамуына тигізетін әсері мол. Іздену жолында бастауыш сыныпта оқытуда келесі әдіс-тәсілдерді қолданамын:
Ақпараттық құзіреттілік Деректік, құжаттық, түпдеректік материалдармен жұмыс істей отырып, бастауыш сынып пәндерінде электронды оқулықтарды кеңінен пайдалану; Коммуникативті құзіреттілік Дөңгелек стол, дебат, конференция түрлерін ұйымдастыру; Зерттеушілік құзіреттілік Ғылыми- жоба жұмыстарына қызығушылықты ояту;
Пікір сайыста оқушыға өз ойын қысылмай, еркін жеткізе білуіне, коммуникативтік құзыреттіліктің көпшілік алдында сөз сөйлеу аспектісін қалыптастыруға мүмкіндік жасайды. Ендеше оқушының оқу-танымдық коммуникативтік, ақпаратты технологиялық және өзін-өзі дамыту құзырылылықтарын қалыптастыруда бастауыш сыныпта іске асырылатын оқу әрекетінің түрлерін ары қарай дамыту ісі үздіксіз жүргізіле бермек. Бұл - қоғам талабынан туындайтын қажеттілік. Осы технология бойынша сабақ үлгісін беріп отырмын.

Пәні: Дүниетану

Сыныбы: 3 сынып

Сабақтың тақырыбы: Өсімдіктер әлемі адамның қамқорлығына мұқтаж.

Мақсаты: а) білімділік: Табиғатты қорғау, адам қамқорлығына мұқтаждық

туралы түсініктерін қалыптастыру, экологиялық тәрбие

негіздерін түсіндіру.

ә) дамытушылық: оқушылардың ой-өрісін кеңейту, сын

тұрғысынан тұжырымдауға, танымдық белсенділігін арттыру.

б) тәрбиелік: табиғатты қорғауға, еңбексүйгіштікке, әдептілікке,

топтастарының ой-пікірін тыңдауға, сыйлауға үйрету.

Әдісі: Ой қозғау, топтастыру, аквариум, инсерт, рафт, дөңгелек үстел, істі білгірлер жүргізеді.

Көрнекілігі: дидактикалық ойын: «Өз үлесіңді қос», табиғат көріністері бейнеленген суреттер, әдіс-тәсілдер жазылған плакаттар, 38-бап жазылған плакат, «Есіңде болсын», «Оқушы міндеті».

Сабақ құрылымы

Сабақта қолданылатын стратегиялар әдістер

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушылардың іс-әрекеті

І. Қызықтыру



ІІ. Мағынаны ажырату.





ІІІ. Қорытындылау.

Ой толғау

Қызықтырушы-лықты ояту

Топта тақырыпқа байланысты ой қозғау.

INSERT

Аквариум


RAФТ

Істі білгірлер жүргізеді.


Соңғы сөзді мен айтайын.

  1. Әр топқа тапсырма беріледі.

1-т. Өсімдіктер әлемі

2-т. Қамқорлық.

3-т. Мұқтаждық, қажет

  1. Адам өмірінде өсімдіктер өте қажет, әр затқа қамқорлық, мұқтажздық туралы түсінік беріледі.

Б. өсімдіктер туралы не білесің әсерінен кестеге оқушылар айтқан мәлімет тізімін жазамын

Б- дән қалай көбейеді қалай пайда болады

Ү+ табиғи құбылыс гүлден

Оқулықтан: «Өсімдіктер адам қамқорлығына мұқтаж» деген тақырыпта 3 топқа бөліктерге бөліп береді.

Үйрендім бөлігіндегі кесте толтырылады.

R-өсімдік

А-адамдарға

Ф-өтініш

Т-экология

Әр топ алдына табиғат көрінісі бейнеленген сурет беріледі.

Биыл 2002 жыл - Денсаулық сақтау жылы. Егер сен ғалым, экономист, эколог болсаң не істер едің?

Оқушыларды түгел дөңгелене тұрғызып «бүгін не үйрендік?» бір сөйлемін айтып шығады. Әр топтан топ жарған лидерге келешек туымызды жоғары ұстайтын азамат бол - деген алғыспен «Топ лидері» деген төс белгі беріледі.

Бағалау

1.Жеке-жеке мәлімет айтады, параққа жазады.

2.Топпен жұмыс, жинақтап ортақ тізім жасайды.

3.Әр топ ойларын ортаға салады, ой алмасады.


1.Әр топ берілген бөліктерді оқиды.

2.Топтағы оқушылар өзара пікір алмасады.

3.Әр топтан 1 лидер мазмұнын айтады.

Бұрынғы білімдерін, жаңа түсініктерін қорытындылайды, топпен, жұппен талқылап қағазға жазады, дәлеледейді.

Әр топ оқушылары жазбаша дәлелдеу арқылы өзін-өзі көрсетеді, өз ойын айтады. Әр оқушының дұрыс жауабы бір тал ағашқа немесе гүлгетолып көркейіп отырады.

1-т.ғалымдар

2-т.экономистер

3-т.экологтар

а) білгірлер топта өз ойларын айтып талқылайды.

ә) әр топтан бір лидер шығып өз ойларын айтады.

Оқушылар бүгінгі сабақ барысында үйренгенін 1 сөзбен немесе сөйлеммен айтып шығады. Қорыта келе айтарым, мұғалім жаңалықтан қашпауы тиіс, қайта әдісті көп білуге тырысқаны жөн, одан ұтпаса, ұтылмайды. А. Байтұрсыновтың «Мектептің жаны - мұғалім. Мұғалім қандай болса, мектебі де hәм сондай болмақшы», «Баланы ұлша тәрбиелесең, ұл болмақшы, құлша тәрбиелесең құл болмақшы», - деген сөздері бар. Демек жаңа технологиямен қаруланған мұғалім ғана, өркениетті ел болашағын тәрбиелей алады. Қазаққа құлдық қажеті жоқ, керісінше, құлдық санадан құтқару үшін мұғалімдер қолдан келген бар өнерін, әдісін жұмсауы керек, ешкімнен кем еместігін дәлелдей алатын білім ғана одан құтқара алады. ХХІ ғасыр - білімділер ғасыры. Ендеше бізге ой өрісі жоғары дамыған, зерделі, жан-жақты дамыған, парасатты ұрпақ керек екенін бір сәтте естен шығармағанымыз жөн. ӘДЕБИЕТ 1. Қазақстан - 2030 // Егеменді Қазақстан. - 1997, қазан - 11. 2. Қазақтың тәлімдік ойлар антологиясы. - Алматы: Сөздік-словарь баспасы, 2009. - 6 т. - 400 б. 3. Қ.Р. «2005-2010 жылдарға арналған білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы»,-Алматы,2004 ж. 4. Дауыс пен көрініс. Оқу мен жазу арқылы сыни тұрғыдан ойлау туралы ұлттық журнал.Алматы қаласы, 2001ж.








«Білім беру қызметкерлерінің кәсіби өсуі - білім берудің жаңа сапасын қамтамасыз етудің шарты» Бірінші Республикалық педагогикалық

оқуларға қатысуға сұраныс

Автордың/ авторлардың бірлестіктегі адамдардың тегі, аты-жөні (толық)

Қыстаубаева Ақмарал Амангелдіқызы

Жұмыс орны

Қызылорда облысы, Шиелі кенті, №45 «Ақ Орда» мектеп-гимназиясы

Қызметі

Мұғалім

Ғылыми дәрежесі, лауазымы

Ғылыми дәрежесі: жоқ, лауазымы: бастауыш сынып мұғалімі

Жұмыс бағыты

Мақаланың атауы

Топ жұмыстары арқылы оқушы шығармашылығын арттыру

Жинақты жіберетін почталық мекен-жай (индекс көрсетілген)

Алушының аты-жөні

Байланыс телефоны

87022336000

Е-mail

-

Жинақтың қосымша даналарының саны





© 2010-2022