Балуан

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: Балуан.Әуелбек Қоңыратбаев 4-сынып

Мақсаты:

1. Білімділік: Қазақ ұлтында спорттың ертеден дамығаны жайлы,оның ішінде ұлтымыздың мақтанышы болған,өнермен даңқы дүниежүзіне жайылған Қажымұқан атамыздың өмірлерінің сырларымен таныстыру.

2. Дамытушылық: Сөздік қорын молайту.Жас ұрпақтың бойына спортқа деген қызушылығын арттыру.

3. Тәрбиелік: Балуан атаның бойындағы ұлтжандылық,елін,жерін сүю,қайырымдылық қасиетінен үлгі алуға баулу.

Көрнекілігі: «Күш атасын танымас» атты Қажымұқанға , «Аудан мақтаныштары» спортшылар арналған көрме,мақал-мәтелдер. С.Мұратбековтың портреті, Әдісі: Топпен жұмыс, сұрақ-жауап,әңгімелеу. Пәнаралық байланыс: дүниетану, бейнелеу, математика.

Сабақтың барысы: I.Ұйымдастыру кезеңі.

Психологиялық дайындық.

II.Үй тапсырмасын тексеру.

«Жусан иісі»С.Мұратбеков

-Бұл қай кезде болған оқиға?

-Егер сен автор болсаң,осы оқиғаны қалай аяқтар едің?

-С.Мұратбеков туралы не білеміз?

С.Мұратбеков 1936 жылы 15 қазанда Алматы облысының Қапал ауданындағы Қоңыр ауылында туған. Аса көрнекті жазушы, қоғам қайраткері, Мемлекеттік сыйлықтың, Тәуелсіз «Тарлан» сыйлығының лауреаты, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері. «Жабайы алма», «Жусан иісі», «Ауыл оты», «Қалың қар» т.б. кітаптары жарық көрген.

Қазақ әдебиеті мен мәдениеті орны толмас ауыр қазаға душар болды.
71 жасқа қараған шағында Сайын Мұратбеков ұзаққа созылған науқастан дүние салды.


III.Жаңа сабақ. Кіріспе:

Осы сұрапыл соғыс жылдары Отан үшін ,халқы үшін ерлік көрсетіп жатқан ұшқыштарға ұшақ сыйлаған Қажымұқан аталарың туралы Әуелбек Қоңыратбаевтың естелігімен танысамыз.Ә.Қоңыратбаев.1905 жылы 10 қыркүйекте бұрынғы Сырдария губ.

Ақмешіт уезінде дүниеге келген . Әуелбек Қоңыратбаев- ғалым, түріктанушы филология ғылымының докторы.Ол «Қазақ фольклорының тарихы», «Қорқыт ата кітабы» атты еңбектерінің авторы. Қазақтың тұңғыш балуаны, дүниежүзінің бірнеше дүркін жүлдегері Қажымұқан Мұңайтпасов 1871 жылы Ақмола облысында дүниеге келген. 14 жасында жалшылықта жүріп, атты шананың үстіне салып, сүйреп келген. (Кітапшадан көрсету). Теңдесіз балуандылығымен жер шарын аралап, 28 мемлекетте күресе түсіп, 56 медаль олжалаған. Қажымұқан сынды мықты ХХ ғасырдың басында түрік халықтарының ішінде қазақта ғана болды. Балуандығына тәнті болғаны сондай түріктер «Қажы» деген атақ берді. Қажымұқан кеңес өкіметі тұсында балуандық шеберлігін одан әрі жетілдіреді. Осы елдің атынан көптеген балуандық шеберлігін одан әрі жетілдіреді. Осы елдің атынан көптеген жарыстарға қатысып үлкен жеңіспен оралды. Сондықтан оған Қазақстан өкіметі «Қазақ даласының батыры» атағын береді. Тамаша цирк әртісі де болады. Ұлы Отан соғысы жылдарында өнер көрсетіп жинаған қаржысына ұшақ сатып алып, оны майдандағы қазақстандықтарға сыйлайды. Бұдан балуанның өз Отанын сүйетіндігін көреміз. Ұрпақ - тіршілік көзі (дүниетану). Ұрпақтары бар. 1940 жылы туған Айдархан деген ұлынан Шаттық деген немересі ата жолын жалғап жүрген ұрпақтарының бірі. Ол 25 жасына каратэ - спортынан халықаралық дәрежедегі спорт шебері болды. 2002 жылы Оңтүстік Кореяда өткен Азия ойындарында күміс жүлдегер атанды.

Балуан


Қажымұқанның айтқан сөзі бар. «Арқада Есіл жағасында туып - өстім. Сырда Арыс жағасында дүниеден өтермін. Жөргекке ораған жер мен кебінге оранған жердің арасы алыс болды, өкінбеймін, Қазақ жерінің алыстығы жоқ» Қажымұқан барлық қазақ даласына ортақ. 1948 жылы Шымкент облысының Арыс ауданындағы «Ленин туы» кольхозында қайтыс болады.

IV.Оқулықпен жұмыс.

А )Оқушылардың оқуы.

Ә)Мазмұнын ашу сұрақтары:

1.Әңгіме кім туралы?

2.Балуан өзінің қай елдегі сайысын еске алады?

3.Поддубный кім?

4.Қажымұқанның белдескен балуаны кім?

5.Сайыс қалай аяқталды?

6.Қажымұқан атамыз туралы қандай әңгімелер оқыдық? («Алып бала» 2-сынып т.б)

V.Сөздік жұмыс.Бейхабар-хабарсыз

-Мәтінен Қажымұқанның медальдары туралы тұсты тауып оқы.

-Қажымұқанның жапон балуанымен белдескен сәті суреттелген жолдарды тауып оқы.

-Мәтінге сүйеніп,Қажымұқанға достары білдірген ризашылық сезімдері мен көрсеткен қамқорлықтары жөнінде әңгімеле.

- Кәне өзіміз қандай достық туралы мақал-мәтел білеміз?

VI.Топтық жұмыс.

-Сендер қандай спорт түрлерін білесіңдер?

«Тіршілік көзі - салауатты болашақ» екенін дәлелдегіміз келеді. Қажымұқан атамыздың көп жасауы спротпен шұғылдану себептерінен.

(Әр топ оқушыларын күннің шуағына өздері білетін спорт түрін жазады.)

VI.Дәптермен жұмыс.

«Маған ұнайтын спорт түрі.» шағын шығарма жаздыру.

VIII. «Ойлы болсаң, озып көр»

(Әр топ берілген тақырыпқа мақал-мәтел айту)

1-топ: Достық.

2-топ.Денсаулық.

3-топ.Ерлік.

ІХ.Қорытынды:

-Осы Қажымұқан атамыздың іздерін жалғастырушы қандай спортшыларды білеміз?

34 мемлекет арасында Чехияда болған күресте ердің, елдің намысын қорғаған жерлестеріміз Ержан Жүсіпов және біздің мектептің түлегі

Мақсат Ибрагимов. Олар 3-орынды иеленіп, яғни
қола медальмен оралды. (10.11.2007ж)

-Кәне , өздерін білетін қазақстандық спортшыларды атаңдар.

IХ.Үйге. "Балуан" әңгімесін мазмұндау.

  • Қажымұқан туралы мағұлмат іздестіру.

    • Өздері қалаған спортшылар туралы қысқаша деректер мен суреттер жинастыру.


  • Х.Бағалау.Оқушыларды медальдармен бағалау.


© 2010-2022