Тақырыбы: Ана – өмірдің шуағы

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: Ана - өмірдің шуағы.



Анам менің ардақты.

Әкем менің салмақты.

Бұл екеуі өмірде,

Бәріңнен де қымбатты.

Әр адам өз анасын сүйеді. Анасы бар адамдар ешқашан қартаймайды. Аналар туралы көптеген өлеңдер, тақпақтар. Әндер бар. Мен өз анама гүл сыйладым. Анам оны жақсы көреді.

Анамызды сыйлайық.

Жақсы оқушы болайық.

Жақсы оқып сабақты.

Кілең бестік алайық.

Мен анама өтірік айтпаймын. Менің анам сұлу, мейірімді, еңбекқор. Анасыз өмір жоқ. Дүниенің барлығы анадан жаратылған. Әр адам анасын реңжітпеуге тырысу керек. Анасы бар адам бақытты.

Сынып сағаты АРДАҚТЫ МЕНІҢ АНАШЫМ.

Мақсаты: Ана жайлы ұлағатты сөздер, өлеңдер, мақал-мәтелдер арқылы ана меірімін, махаббатын, жақсылығын түсіндіру, ананы сүю арқылы елі-жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру.

Мұғалім сөзі: Қазақ халқы ата-ананы пір тұтқан халық. Сондықтан болар тегімізді атадан, тілімізді анадан тартқан халықпыз. Халқымыз әйел-барша тілектің бастауы, көркемдік пен жылылық көзі, шуақ пен мейірім әлемі, өмірдің сәні деп қасиет тұтып, оған көңілінің төрінен орын беріп ардақтап аялаған. Өйткені әйел-ана әрбір отбасының алтын діңгегі.

Ана дейміз бәріміз де аңқылдап

Ана дейді жас сәби де жарқылдап

Ана деген-бәйтерегі өмірдің

Ана деген-алтын қазық, алтын бақ.

Дүниедегі ең ардақты асыл жан

Анам менің мәпелеген жасымнан.

Мен қуансам қуанады ол бірге,

Мен қиналсам табылады қасымнан.

Маған қымбат жан жоқ сірә анадан,

Бар жақсылық аналардан тараған.

Аяулы да алтын нұрлы анашым,

Жүрегіммен мәңгі бірге боласың.

Сен асқарсың, сен аспансың, биіксің,

Сен дарқансың, сен жомартсың, данасың.

Ән.Е.Хасанғалиев. Анаға сәлем.

Барлығы: Аналарды сүйеміз, сөзін ойға түйеміз,

Әжені де ардақтап, әдеппен бас иеміз.

Анаңды толық танисың ба? - деген сұрақтарға жауап берелік.

- Анаңның толық аты-жөні?

-Анаңның сүйіп жасайтын тағамы?

-Анаңның туған күні?

-Үйде ыдысты кім жуады?

-Үйді кім жинайды?

-Таңертең сені кім оятады?

-Анаң қандай түсті киімді ұнатады?

Сыр сандық. Бала тәрбиесіне байланысты сұрақтар.

  1. Бесік жырын білесізбе?

  2. Балаңызға ертегі айтып бересіз бе?

  3. Дастархан басында қандай ескертулер жасайсыз?

  4. Ырымдар мен тыйымдар жөнінде не айтасыз? Мәнін ашыңыз.

  5. Анамның батасы деп балаңыз мақтанардай бата сөзіңіз қандай?

  6. Балаңыз сізге сырын айта ма, қандай сырын жария етпеу керек?

  7. Ұлы тұлғалардан кімді балаңызға үлгі етесіз?

Барлығы: СЕНДЕРДЕН ӨСКЕН БАЛАЛАР; СЕНДЕРДЕН ӨСКЕН ДАНАЛАР; ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ МЕЙРАММЕН; ҚҰРМЕТТІ АПА-АНАЛАР!

© 2010-2022