Открытый урок по әдебиеттік оқу Халыққа жеткіз күйімді /3-сынып/

Раздел Начальные классы
Класс 3 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Пәні : Әдебиеттік оқу, 3-сынып

Тақырыбы : Халыққа жеткіз күйімді. Әбу Сәрсенбаев

Мақсаты : 1. Қазақтың күйшілік өнеріне өшпес із қалдырған күй атасы - Құрманғазы

мен оның талантты шәкірті Динаның өмірі мен шығармашылығын таныту.

2. Сөздік қорларын, шығармашылық ойлау, жүйелі сөйлеу қабілеттерін

дамыту.

3. Өнер адамдарын қадірлеуге, ұлттық өнерді насихаттауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі : Аралас .

Сабақтың барысы :

І. Қызығушылықты ояту кезеңі.

1.Ұйымдастыру.

2. Психологиялық дайындық.

Сыныптағы балалар өз атының бастапқы әрпіне басталатын бір жақсы қаситетін айтады.

-Мен -талапты Тоғжанмын.

-Мен әдепті Әлішермін

-Мен ақылды Араймын

-Мен мейірімді Мәдимін

3. Үй тапсырмасын тексеру.

  • «Ақ шаш » Василий Александрович Сухомлинский - мәтін бойынша мазмұндау.

- Мишаның байқампаздығын қалай аңғардық?
- Анасының алғашқы жауабы қандай болды?
- Мишаның сенгіштігін мәтіннің қай бөлігінен білуге болады?
- Анасының екінші жауабын тауып оқы
- Соңғы сұраққа анасы не деп жауап береді деп ойлайсыңдар?

  • Мәтіндегі негізгі ой қандай ?

  • «Ананың көңілі балада,

Баланың көңілі далада » мақалының мәнін ашу.

  • Ғали Ормановтың «Ана » өлеңін жатқа айту.

  • Анасына, апасына, әжесіне деген ақ тілектерін білдірген хаттарын оқу.

  • Сөзжұмбақ шешу. «Жақсыдан үйрен » тарауы бойынша

А

Ф

А

Р

К

И«Бір кесе меруерт » әңгімесінде керуен

қай елдің шөлінде келе жатады ?

Ү

Т

Й

ЕҒалым мен жылан неге келіп жолықты?

Ы

Й

А

Л

С

АЫ. Алтынсариннің әңгімесі «Баланың …»

І

Ш

І

Е

М

Й

Р

І

Б

ӘАбайдың баласы

МШоқан туралы әңгіме қалай аталады ?

Тігінен шыққан сөзді оқиық ( Күйші )

  • Күйші деген кім ? Ол қандай музыкалық шығарманы орындайды ?

  • Қандай күйшілерді білесіңдер?

Мұғалім : Өз жанынан күй шығаратын адамды күйші дейміз. Ал сол күйді халыққа жеткізуші адамды домбырашы дейді. Күй өнері арқылы әділетсіздікке,теңсіздікке, зорлық-зомбылыққа қарсы күрескен дара тұлға күй атасы - Құрманғазы мен оның талантты шәкірті Дина туралы мәтінмен таныс боламыз.

Өзін-өзі бағалау парақшасына үй тапсырмасының ұпайын қою.

ІІ. Мағынаны тану

Жаңа сабақ

1. Автор туралы мәлімет. Әбу Сәрсенбаев туралы мағлұмат беру.

2. Мәтінмен жұмыс

а. Мұғалім түсіндіреді

ә. Мәтінді оқушыларға іштей оқыту, тізбектей оқыту.

3. Ой қозғау (Сұрақтарға жауап алу.)

- Бұл мәтінде кімдер туралы әңгімеленіп отыр?

- Бұл адамдардың есімдері таныс па ?

- Құрманғазы мен Дина қай жылы кездесті ?

-Құрманғазы неге налыды, неге қуанды ?

- Динаның Құрманғазы атасының алдында ойнап берген күйі қалай аталады?

- Құрманғазы Динаға қандай бата берді?

- Дина атасына қандай ант берді? Ол антын қалай орындады?

- Құрманғазы мен Динаның қандай күйлерін сүйіп тыңдайсыңдар?

4. Жоспар бойынша әңгімелеу.

1. Жар жиегіндегі қария

2. Арындаған асау күй

3. Домбыра ұстаған жас қыз.

4. Күйші назы

5. Кек күйі «Көбік шашқан »

6. Антқа адалдық.

ІІІ. Ой толғаныс.

1. « Ұлы күйшілер - мақтанышымыз » бөлімі ( Зерттеушілік жұмыс )

- Мен сіздерге Құрманғазы мен Дина туралы ізденіп келуді тапсырған болатынмын. Қазір ұлдарымыз «Құрманғазы » тобы болып, қыздар жағы «Дина» тобы болып, білімдерімізді сарапқа саламыз.

Венн диаграммасын қолдану

Құрманғазы кім? Дина кім?

Дина

Құрманғазы


Толықтыру : Құрманғазы Сағырбайұлы күй өнері арқылы әділетсіздікке, теңсіздікке, зорлық-зомбылыққа қарсы күрескен дара тұлға. Ол 1823 жылы Бөкей Ордасының Жиделі ауылында кедей - шаруа отбасында дүниеге келді. Оның әкесі - Сағырбай бүкіл өмірін байдың жалшылығында өткізген момын адам болса, ал анасы Алқа бірбеткейлеу, мінезді кісі болған екен. Алқа тойларда күреске шығып, палуан әйел атанған екен. Алқаның ағалары төкпе ақын, әнші, күйші болған екен. Құрманғазы да нағашыларына тартып, өнерге жақын өскен. Құрманғазының алғашқы ұстазы-Ұзақ күйші. Құрманғазы -теңдесі жоқ ұлы күйші. Оның 60-тан астам күйлері бар. Әр күйінің тарихы әр түрлі. Халық арасына кең тараған "Балбырауын", "Сарыарқа", "Кішкентай", "Көбік шашқан","Серпер","Алатау" және тағы басқа күйлері бар.1896 жылы қайтыс болып, Астрахань қаласына жерленді. Дина Нұрпейісова - (1861-1955 )- домбырашы, күйші, композитор, Қазақстанның халық артисі ,қазақ мәдениетінің көрнекті қайраткері. Әкесі Кенже белгілі домбырашы болған. Динаның Құрманғазымен кездесуі (1870) болашақ өнер жолында шешуші рөл атқарған. Құрманғазы Динаның дарынына тәнті болып, одан үлкен үміт күтеді, ақыл-кеңес беріп, күй үйретеді, оны өзіне шәкірт тұтады. Ол өз жанынан күй шығара бастайды. Динаның тырнақалды туындысы - «Бұлбұл» күйі.

2. «Күй ойнайды қазағымның қанында »

«Құрманғазы» тобына «Көбік шашқан » күйін тыңдату.

«Дина » тобына «Бұлбұл » күйін тыңдату.

- Күйді тыңдау арқылы көз алдарыңа не елестеді ?

- Күй қандай екпінмен орындалып тұр ?

- Күйден қандай әсер алдыңыздар?

V. Рефлексия кезеңі.

-Бүгінгі сабақ сендерге ұнады ма?/Сабақ ұнағандар күлімдеп тұрған баланың суретін, ұнамағандар ренжіп тұрған баланың суреттін көрсетеді/

Қорытындылау ,бағалау, үйге тапсырма.

«Кубизм» стратегиясы

1.Біздер қандай шығармамен таныс болдық ?

2.Құрманғазы Динаны неге өзіне шәкірт санады ?

3.Дина Құрманғазыға берген антын адал орындады ма ?

4.Құрманғазы кім?

5.Динаның алғашқы туыныдысын ата.

6.Құрманғазының күйлерін ата.




© 2010-2022