Заттың қимылын білдіретін сөздер. Наурыз – жыл басы

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Заттың қимылын білдіретін сөздер. Наурыз – жыл басы.Заттың қимылын білдіретін сөздер. Наурыз – жыл басы.Заттың қимылын білдіретін сөздер. Наурыз – жыл басы.Заттың қимылын білдіретін сөздер. Наурыз – жыл басы.Заттың қимылын білдіретін сөздер. Наурыз – жыл басы.Заттың қимылын білдіретін сөздер. Наурыз – жыл басы.Заттың қимылын білдіретін сөздер. Наурыз – жыл басы.Тақырыбы: Заттың қимылын білдіретін сөздер. Наурыз - жыл басы.

Мақсаты: 1) Оқушыларға заттың қимылын білдіретін сөдер туралы алғашқы түсінік беру, өткен сабақта алған білімдеріне сүйеніп, сөйлем ішінен қимылды білдіретін сөздерді таба білуге, сұрақты дұрыс қоя білуге үйрету, 12 жыл аттарын білуге, жыл басы тышқанның қалай болғандығын түсіндіру; 2) Оқушылардың ойлау қабілеттерін, сөздік қорын, қиялын дамыту, сабаққа қызығушылығын, белсенділіктерін арттыру; 3) Оқушыларды қоршаған ортаны, жануарларды қорғауға баулу, достыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілі: сұрақ-жауап, түсіндіру, ойын. Сабақтың түрі: ертегі сабақ. Пәнаралық байланыс: дүниетану, музыка, математика.

Көрнекілігі: слайдтар, С.Мұқановтың портреті, жануарлардың суреттері, ойыншықтар, парақшалар, қосымша материалдар.

Жүрісі. І. Ұйымдастыру. 1. Оқушылар назарын сабаққа аудару. 2. Психологиялық дайындық. Соғылған соң қоңырау, біз сабақты бастаймыз. Партамызға отырып, кітапқа көз тастаймыз. Жаңа білім алуға, алға қадам жасаймыз. 3. Сабақты «Күн мен Ай»ертегісі бойынша бастау. Күн мен Айды құтқару үшін айдаһардың 3 тапсырмасын орындау керектігін жеткізу. 1- тапсырма: ІІ. Үй тапсырмасын орындау. 1. Үйге «Ақын тілегі» мазмұнын айту, ереже жаттау. 2. Сөзжұмбақ шешу. Бұл сөзжұмбақты дұрыс шешкенде, жаңа сөздер ашылады.

ААбайдың шын есімі кім?

Б«Абай жолы» романының авторы кім?

  1. Абайдың ата-анасы, әжесінің аттары кімдер?

Й

АБарлас Абайға қандай бата берді?

  • Балалар, қандай жаңа сөз ашылды?

  • Заттың қимылын білдіретін сөздер.

3. Дәптермен жұмыс. Көркем жазу сәті.

ІІІ. Жаңа сабақ. «Ой ашар». Суреттерге қарап, қимылды білдіретін сөздерді тауып айту. -Найзағай не істеді? (жарқылдады, ойнады) - Жаңбыр не қылды? (жауды) - Жылқы қайтті? (шапты) - Барыс не істеді? (жүгірді) - Көбелек қайтті? (ұшты)

2-тапсырма. Оқулықпен жұмыс. 109-жаттығу. 1. Әңгімені оқып, сұрақ бойынша талдау. 2. Сурет бойынша (слайдқа қарап) мазмұнын айту. 3. Қимылды білдіретін сөздерді тауып, сұрақ қою.

«Адасқан әріптер» ойыны. Шашылған әріптерді орнына қойып, сөз құрастыру; сөздерді буынға бөліп, буын түрін анықтау.

ө с й е л м - сөйлем ; сөй - лем

с ұ т з а - ұстаз ; ұс - таз

е ж е р е - ереже ; е - ре - же

Ереже енгізу, оқыту, жаттату.

3 - тапсырма. Оқулықпен жұмыс. 110-жаттығу. 1. Мәтінді оқыту (дауыстап, теріп) «Тиін». 2. «Тиінге көмек» ойыны. Саңырауқұлақтарды жинау арқылы әрбір сөйлемдегі қимылды білдіретін сөздерді теріп жазу.

Айдаһар Айды босатады. Ай туралы білгендерін сұрау, ай аттарын айтқызу. Сергіту сәті «Айгөлек» әнімен.

ІҮ. Сабақты бекіту. 1. Әдеби мәтінмен жұмыс. «Наурыз- жыл басы» өлеңін оқып, мағынасын түсіндіру. - Наурызда күн жылынып, табиғат жанданады. Құстар жылы жақтан оралып, алғашқы гүлдер шыға бастайды. Күн мен түн теңеседі. Халқымыз жаңа жылды қарсы алады. Сондықтан наурыз - жыл басы деп айтылады. - Биыл қай жыл? - Жылан жылы.

2. Сөздік жұмысы: ділмар - сөзшең, шешен. 3. Автор туралы қысқаша мәлімет беру. С. Мұқанов (1900-1973) жазушы, қоғам қайраткері. Туған жері Жамбыл облысы Жаманшұбар ауданы. 14-15 жасынан бастап өлең шығара бастаған. 4. Жыл иелерімен таныстыру. Өлеңнің әр сөзінің бірінші әрпі жануарлар есімімен байланысты: тышқан, сиыр, барыс, қоян, ұлу, жылан, жылқы, қой, мешін, тауық, ит, доңыз. 5. Ертегі бойынша күннің шығуын күтуге хайуанаттар жиналады. Айдаһар да Күнді босатпақшы. Ендеше Күнді кім бірінші қарсы алар екен?

Оқушылар қолдарына ойыншық жануарларды ұстап, әрқайсысы бір жануар болып, пайдасы мен қасиеттерін айтады. Тышқан күннің шыққанын бірінші көріп, түйе жылдан құр қалғанын тұжырымдау. Жыл иелерінің суреттерін ретімен орналастыру.

Ү. Қорытындылау.

- Біз бүгін не туралы өттік? Биыл қай жыл? Сендер қай жылы дүниеге келдің дер? (Оқушылар пікірі тыңдалады) -Сабақ сендерге ұнады ма? Қай жері көбірек ұнады?

Ойын «Қимылды тап» Берілген парақтан оқушы сөзді ішінен оқып, оны қимылмен көрсетеді. Басқа оқушылар оны дұрыс тауып, сөзбен айтады. ҮІ. Үйге тапсырма: жыл аттары, ереже, «Наурыз- жыл басы» өлеңін жаттау. ҮІІ. Бағалау, мадақтау.

© 2010-2022