Әдебиеттік оқу Аңқау арыстан2-сынып

Раздел Начальные классы
Класс 2 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақ № 1


Тақырып:

Аңқау арыстан

Күні

05.10.2015

Мұғалімнің аты-жөні: Нурджауова Н.А.


Сынып

2 «Б»

Қатысып отырғандар:23


Келмегендер саны:0

Қамтылатын модульдер:


Модуль 1-оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер

Модуль 2-сыни тұрғыдан ойлауға үйрету

Модуль 3-оқу үшін бағалау және оқуды бағалау

Модуль 4-Оқыту мен оқуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды (АКТ) пайдалану

Модуль 5-оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу


Осы сабаққа арналған оқу мақсаты

«Атадан қалған асыл мұра»тарауы бойынша алғашқы түсінік қалыптастырады.Ертегілер түрлерін ажыратады. Ертегіні түсініп,мәнерлеп оқу дағдылары қалыптаса отырып,ой-пікірлерін қорытындылап айту шеберліктерін,сөйлеу әрекеттерін жетілдіре түсіп,сөз байлықтарын дамытады.Ертегі мағынасын толық түсінеді,әңгімелейді,кейіпкерлерді сипаттайды, мінездеме береді.


Сабақтың мақсаттары

Барлық оқушылар істей алады:

Ертегінің мағынасын мұғалімнің көмегімен түсінеді, оқиды.

Оқушылардың көпшілігі істей алады:

Ертегінің мағынасын түсінеді, ертегіні әңгімелейді.

Кейбір оқушылар істей алады:

Өз бетінше тыңдалған ертегіні оқиды,әңгімелейді,кейіпкерлерге мінездеме береді,салыстырады,сипаттайды.

Жоспар

Жоспарланған мерзімдер

Жоспарланған шаралар

Ресурстар

1.Ұйымдастыру

Біз бақытты баламыз,

Ойнап ,күліп аламыз.

Жетілсін деп санамыз,

Оқып білім аламыз. (экраннан оқу)

1.Топқа бөлу

-Қазақ халқының ауыз әдебиетінде көп кездесетін «Ерте,ерте,ертеде»деп басталатын қандай шығарма деп ойлайсыңдар?

-Ертегі мағынасы үнемі бір бағытта бола ма?

-Неге?

-Халқымыздың ертеден бері келе жатқан мәдени мұраларының бірі ертегілер қалай бөлінеді?

- Ендеше мазмұнына қарай,ерекшелігіне қарай неше түрге бөлуге болады деп ойлайсыңдар?

-жануарлар (І топ)

-қиял-ғажайып (ІІ топ)

-шыншыл (ІІІ топ)

2.Ойлану баспалдағы

Ертегінің үш түрі бойынша үш топ түсінік беру.

1.Неліктен жануарлар туралы ертегі деп аталады?

2. Неліктен қиял-ғажайып ертегі деп аталады?

3. Неліктен шыншыл ертегі деп аталады?(Оқушылар пікірі)

(Мұғалімнің толықтыруы)

3.Алтын ережемен танысу

а)Басқаның пікірін сыйлаймыз

ә)Тапсырмаларды тиянақты орындаймыз

б)Уақытты үнемдейміз

в)Сыныпта,топта тәртіп сақтаймыз

г)Шынайы түрде формативті бағалаймыз

4.Ой қозғау

Ертегі кейіпкерлеріне байланысты жұмбақ жасыру.Жаңа сабақты ашу.

5.Өзара оқыту

Ертегіні үш топ бөліп оқиды.

а)Оқушылар жеке-жеке оқиды.

ә)Топта талқылайды.

б) Топ болып түсінігін айтады,қорғайды.

Ф.Бағалау

6.Түртіп алу

Сөздікпен жұмыс

Қулығына басады-қулық жасайды,алдайды

Мұңын шағады-мұңыни айтады

7.Сергіту сәті

«Көңілді күн»әнімен сергіту сәтін өткізу

8.Жеке жұмыс.Сәйкестендіру

Жануарларға тән әртүрлі мінез түрлерін сәйкестендіру.

Түлкі аңқау

Қоян өжет

Қасқыр айлакер

Арыстан қорқақ

9.Қайта қарап өңдеу

Топтық жұмыс

Әр топ бағандағы сөздерді оқиды.Қай кейіпкерге тиісті екенін айтады.Артық сөзді табады.

1-топқа

2-топқа

3-топқа

Мұңын шағады.

Хал-жайын сұрайды.(артық)

Соңынан ереді.

Қулығына басады.

Көңілін сұрайды.

Шомылып келуге кетеді.(артық)

Айқай салады.

Өлер болғанын айтады.(артық)

Бас салады.

Ф.Бағалау

10.Жинақтау

-Ертегі қалай аталады?

-Ертегі кейіпкерлері кімдер?

--«Аңқау арыстан » ертегісі ертегі түрлерінің қай түріне жатады?

-Неліктен?

-Кейіпкерлердің мінездерінде айырмашылық бар ма?

-Әр адамның мінез-құлықтарында өзгешелік бола ма?

-Ертегіні жазудағы мақсат не деп ойлайсыңдар?

(Мұғалімнің толықтыруы)

11.Үй тапсырмасы.

Ертегіні оқу,әңгімелеу, кейіпкерлер туралы өлең жаттау.

12.Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау

13.Кері байланыс



© 2010-2022