Абай-дана, Абай-дара қазақта

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Презентации
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: Абайды оқы, ерінбе!
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: Абай өмірі мен шығармашылығы туралы оқығандарын пысықтау, толықтыру.
2. Дамытушылық: оқушылардың өз ойларын еркін жеткізуін, мәнерлеп оқуын, есте сақтау және ойлау қабілеттерін дамыту.
3. Тәрбиелік: өз жерінен шыққан ұлы адамдар өмірі мен шығармашылығын сүюге, бағалай білуге, өнер-білімге, инабаттылыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: ізденушілік, қорытынды сабақ.
Сабақтың әдістері: топтастыру, баяндау, сұрақ-жауап, мәнерлеп оқу, пікір айту, жүйелеу, салыстыру. Венн диаграммасы, талдау.
Көрнекілігі: Абай портреті
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Негізгі бөлім.
«Асыл сөзді іздесең,
Абайды оқы, ерінбе
Адалдықты көздесең
Жаттап тоқы көңілге!» -деп Сұлтанмахмұт Торайғыров айтқандай, Абайдың әр сөзін терең бойға сіңіріп, үңіле отырып, сезіну, тек әдебиет айдынында жүргендердің ғана емес, сонымен қатар нұрын, сырын көре білер, көкірегі ояу әрбір азаматтың парызы.
Ендеше балалар, біз осы уақытқа дейін өткен шығармаларды ғана емес, көрген - білгендерімізді ойға түйіп, еске түсіріп, бүгінгі сабағымызда ізденушілік, қорытындылау сабақ ретінде
Абай лебі - заманының тынысы,
Абай үні -ғасырлардың өрісі - деп сабағымызды бастаймыз.
- Балалар, Абайды біз кім деп танимыз?
Абай өмірінен мәлімет.
1. Абай - ұлы ақын.
Абай өлеңі сезімінің жемісі, буырқанушы, шабыттанған сезімнен туған лирикалары оның адам жанын тебірентетіні де сондықтан. Ендеше, Абай өлеңдеріне шолу жасайық.
«Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы»
«Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін»
«Ғылым таппай мақтанба»
«Қалың елім, қазағым қайран жұртым»
«Оспанға»
«Ұлы Абайға»
« Сегізаяқ»
2. Абайдың поэмалары
3. Абайдың лирикасы:
«Тіршіліктің көзі - табиғаттың өзі»
а) Табиғат лирикасына шолу
ә) Махаббат лирикасы..
4. Абай шебер аудармашы.
Ойы - терең, түрі көркем , өзінше айтсақ, «іші алтын, сырты күміс» сөз жақсысын жаза білген Абай - қазаққа ғана емес, туысқан елдердің көптеген талантты ақындарына ұстаз. Ол Гетенің, Пушкиннің, Лермантовтың, Крыловтың шығармаларын қазақшаға аударып, шебер аудармашы атанды.
«Қараңғы түнде тау қалғып»
5 Абай - сазгер.
Қазақ халқының мәдени мұрасында Абай шығармашылығы маңызды орын алады. Қазақ халқы Абайды тек данышпан ақын, әрі ағартушы ретінде және көптеген халық әндерінің авторы болғандықтан оны сазгер деп таниды.
«Желсіз түнде жарық - ай»

6. Абай - жазушы, философ.
- Ақын адамдарды құлшына алға басуға жігерлендіріп, әділетті, ақиқатты сөз ететін, тәрбиелік мәні күшті қара сөздер жазды, - дей келе қара сөздеріне шолу (слайд арқылы).
7. Сабағымызды қорытындылай келе, оқушылар шығармашылығына тоқталу.
Абай туралы менің өз ойым.

ІІІ.Қорытынды.


аудармашы

ақын сазгер

жазушы Абай философ

Үйге тапсырма:

Мен Абайды қаншалықты білдім?




© 2010-2022