Музыка сабағындағы дидактикалық ойындар

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Кіріспе



«Шығармашылық»саласында музыка оқу әрекетінің басты мақсаттары-балалардың эстетикалық талғамын қалаптастыру,музыкалық шығармашылық іс-әрекеттер арқылы эмоциялық қатынасын білдіруге баулу,әдемілік пен сұлулыққа тәрбиелеу. Балаларға қоршаған ортаның кейбір құбылыстарын бейнелейтін музыкалық шығармаларды таныстыру,олардың түрлері мен мәнерлілігі туралы түсініктерінің қалыптасуына әсер ету,музыканың дыбысын естіп,түсінуге,адамгершілік-эстетикалық сезімдерге тәрбиелеу-осы саланың негізгі міндеттері болып табылады. Жас ерекшеліктеріне,қабілеттеріне байланысты әрбір бала музыканы қызығушылықпен қабылдайды.Баланың есту қабілеті музыканың дыбыс биіктігін,сипатын,ырғағын,тембрін ажыратып,түсінуіне әсер етеді. Дидактикалық ойындар музыка жетекшілерінің оқу іс-әрекетін түрлендіріп,мазмұнын байыта,көркемдей түседі.Ойындар балалардың бойындағы музыкаға деген қызығушылығы мен құмарлығын оятады,балалық қиялдарын қозғап,түсініктерін кеңейте түседі.Балалардың шығармашылық қабілетерін дамытып,оларды әдемілікке,музыкалық үндестікке баулиды.



ДИДАКТИКАЛЫҚ ОЙЫНДАРДЫ МУЗЫКА САБАҒЫНДА ҚОЛДАНУДЫҢ ӘДІС-ТӘСІЛДЕРІ



Ұлт ойындарының шығу тарихы жөнінде Ы.Дүйсенбаев: «Қазақта кең тараған мереке тойлардың бірі - «күзем алу». Ол «үлкенкүзем» және «кішікүзем» болып өткізіледі де үлкен той, ойын сауық түрінде өтеді. Күзем алып жатқан ауылдың сыртынан тындап тұрсаң, ығы-жығы адамдар еңбек үстінде біреуі ән салып, біреулері айтысып жатқанын естисің. Жүнді шаңырақтан шығара көтере сабаған әйелдер киізді қарпығанда, яки киізді шиге орап, жонасырып, бір ауыл мен екінші ауылдың арасында домалатып теуіп жүргенде де әзіл мен айтыс өлендерді, киіз басуды бейнелейтін өлендерді айтады. «Қойбасты - қойбасты» - деп үлкен үйлердің алдына әкеліп ырымын алады. Сол еңбек процесінен туған кейбір халық ойындарын бүгінде театр сахнасында қолданып та жүр. Ғабит Мүсіреповтың «Қыз Жібек» пьесасындағы жүн сабау, киіз басуды бейнелейтін «Өрмек биі» осындай халық ойындарынан алынған. Қазақ халқы ұлт ойындарына бай халықтардың бірі. Бірақ ол ертеде ауызекі туып, жалпақ жұртқа ауызекі таралып отырған да, сондықтан көпшілігі бүгінгі күнге жетпей, ұмыт болып кеткен. Қазақтың ұлттық ойындары туралы қағаз бетіне түскен алғашқы деректер ХІІІ ғасырдан басталады. Оны алғаш жинап Европа жұртшылығына таныстырған Италия саяхатшысы Плано Карпини болды. ХІІІ ғасырда Европа халқына Моңғол тарихын таныстыру мақсатымен саяхатқа шыққан П.Карпини Жетісу мен Тарбағатайды басып өткен кезінде осы өңірді мекендеген ру - тайпалардың тұрмысы, әдет-ғұрыптары, ойын-сауықтары жайлы көптеген материалдар жинаған. Ұлттық ойындар туралы алғашқы пікір айтушылар мен оның жеке нұсқаларын жинаушылардың қай - қайсысы болмасын, оны жоғары бағалап, көшпелі халықтан мұндай өрелі өнерді күтпегендіктерін сөз етеді. Осындай жылы лебіз, құнды пікір айтқан неміс ғалымы А.Гумбольд өзінің достарына жазған бір хатында: «Мен қазақ ауылында болған кезімді өмірімнің аса бір қуанышты кезеңі деп есептеймін. Себебі, көшпелі халықтың біздерге көрсеткен си - құрметі мен ойын сауықтары естен кететін шаруа емес... Мен өмірімде осындай қысқа уақыт ішінде мұндай үлкен тарихтан осынша материал жинап көрген емес едім, бірақ бұл кең дүниенің ортасында болғандықтан да солай болуы керек» - деген екен. Қазақ халқының ұлт ретінде өмір сүруіне оның тілімен қатар салт-дәстүрлерінің,әдет-ғұрыптарының маңызы айрықша.Қазақтың мақал-мәтелдері жас ұрпақты ибалы болуға, әдептілікке, мінезінжақсы қасиеттер арқылы имандылық пен инабаттылыққа тәрбиелесе, ақын-жазушылардың көркем шығармалы эстетикалық, этикалық қасиеттерге тәрбиелейді.Баланың құлағына жас кезінен бастап халықтың тәрбиелік асыл-маржандарын құйып отыру -тек мектептегі мұғалімнің ғана жұмысы емес, сонымен қатар үйдегі ата-аналардың негізгі міндеттерінің бірі болуға тиіс. Абай Құнанбаев он тоғызыншы қара сөзінде жас кезінен жақсы сөз естіп өскен бала кейін есті адам болады дейді «Адам ата-анадан туғанда есті болмайды, естіп, көріп, ұстап,татып ескерсе. Дүниедегі жақсы, жаманды танидыдағы,сондайдан білгені, көргені көп болған адам білімді болады. Естілердің айтқан сөздерін ескеріп жүрген кісі өзі де есті болады». Сондықтан балаға жас кезінен бастап тәрбиелік маңызы жоғары халық ойларының кәусар бұлақтарымен сусындату қажет. Себебі, «халықтың даналық ойлары халық педагогикасының шамшырағы болған. Халық даналығы- мақал-мәтел, ертегі, өлең-жыр түрінде, ақын-жыраулардың, шешендердің сөздері толғау, өсиет сөздері арқылы баяндалып отырады. Осы тұрғыдан халық педагогикасының кең өрісі, қайнар көзі ауыз әдебиетінің тәрбиелік мәні зор». Сондықтан қазақ тілін дидактикалық ойындар арқылы меңгертуде халық педагогикасының тәрбиелік мәні басым элементтерін кеңінен қолдану қажет. Осы арқылы оқушылардың рухани дүниесі парасаттылық пен бауырмалдыққа, адалдық пен кішіпейілдікке, ибалылық пен үлкенді сыйлауға тәрбиеленеді. Музыка сабақтарында дидактикалық ойындарды көркем әдебиеттермен ұштастыру жұмыстары да оқушыларды тәрбиелеуде маңызы зор. Көркем әдебиеттерді оқу арқылы оқушылардың эстетикалық адамгершілік қасиеттері дамиды. Шығармадағы кейіпкерлерді тану барысында жақсы істерге ұмытылады. С.Рахметова музыка сабақтарында көркем шығармалардың оқушыларды тәрбиелеудегі маңызын жан-жақты талдап көрсетеді: 1.Идеялық-саяси, адамгершілік және эстетикалық тәрбие беру; 2.Дүниеге дұрыс көзқарас қалыптастыру; 3.Балаларды, жас өспірімдер мен үлкендердің үлгілі, ерлік істерімен, еңбектерімен таныстыру арқылы қоғам игілігіне адал ниетпен еңбек етуге, адамгершілікке, бір-бірін сыйлаушылыққа, адалдық пен шыншылдыққа, кішіпейіл болуға тәрбиелеу; 4.Отанымыздың мейлінше бай, көркем де сұлу табиғаты жайлы материалдармен танысу арқылы табиғатта кездесетін өзгерістер мен құбылыстарды байқай біліп, теңдесі жоқ сұлулық пен көркемдікті бағалай білуге, елін, жерін қадір тұтып, сүюге тәрбиелеу; 5.Балалардың алған білімдері мен оқу дағдыларын, шеберліктерін жетілдіру, тілін онан әрі дамыта түсу; 6. Халықтардың бостандық, бейбітшілік үшін жүргізген қаһармандық күрестерімен таныстыра отырып, Отанды сүю, бейбітшілік пен халықтар достығы рухында қалыптастыру; 7.Саналы тәртіпке, дұрыс мінез-құлық нормаларына үйрету; 8. Еңбекке қызығу, еңбекқорлыққа тәрбиелеу. Демек, музыка сабақтарында дидактикалық ойындарды оқушыларды жан-жақты тәрбиелеуге негіздеу қажет. Осыған орай музыка сабағында дидактикалық ойындар арқылы меңгерту жұмыстарының мынадай мақсаттары болуы керек:

  1. Оқушыларды ұлттық болмысқа тәрбиелеу. Бұл төмендегі жұмыстар бойынша жүргізіледі:
а) дидактикалық ойындарды ұлттық тәлім-тәрбие көздерімен ұштастыруда жұмбақтарды, мақал-мәтелдерді, халықтың даналық, өсиет сөздерінен оқыту барысында ойындар арқылы кеңінен қолдану; ә) көркем шығармаларды дидактикалык ойын түрінде беру арқылы оқушылардың ұлттық мәдениет пен әдебиетке дұрыс көзқарасын қалыптастыру; 2. Оқушыларды дидактикалық ойындар арқылы оқушыларға әлемдік ізгілік пен әдептілік негіздерімен тәрбиелеу. Бұл үшін әлемдік тәрбиенің озық үлгілерін музыкаға оқыту барысында тиімді қолдану қажет. Қазақ тілі сабақтарында діни нақылдар мен өнегелік өсиеттерді үйрету арқылы оқушыларды адамгершілік құндылықтарды түсініп, оны келешек өмірінде дұрыс қолдана білуге дағдыландырылады. Жоғарыда аталған мақсаттарды орындау үшін музыка сабағында дидактикалық ойындар арқылы оқушыларды тәрбиелеу жұмыстарын төрт жақты жүргізген дұрыс: Бірінші бағыт - дидактикалық ойындар арқылы оқушылардың интеллектуалдық қабілеттерін, логикалық ойлауын тәрбиелеу; Екінші бағыт - оқушыларға ізгілік - оқыту үрдісінде халық педагогикасының мол мұрағаттарын пайданалана отырып, оқушыларға ізгілік, адамгершілік қасиеттерін бойына сіңіру; Үшінші бағыт-түрлі музыкалық шығармаларды пайдалана отырып, оқушыларға эстетикалық тәрбие беру арқылы олардың жеке тұлғалық қабілеттерін, жат нәрседен бойын аулақ салуға тәрбиелеу; Төртінші бағыт-оқушылардың сөздерді орынды қолдану дағдыларын жетілдіре отырып, сөйлеу мәдениетіне тәрбиелеу. Жоғарыда аталған төрт бағыт өзара бірлікте жұмсалып, тұтас күйінде дидактикалық ойындар арқылы оқушыларды тәрбиелеу негіздерін құрайды. Мысалы, «Жаңылмаймын жаңылтпаштан» ойыны оқушыларды сөйлеуге, дұрыс оқуға тәрбиелейді. Бұл ойында кім тез әрі жаңылмай оқыса, сол жеңеді. Бұл ойынды сыныпта хормен ән айту барысында дауысты жаттықтыру барысында қолдануға болады. Оқушыларға жаңылтпаштарды айтқызып болғаннан кейін, дауысты және дауыссыз дыбыстардың түрлерін тапқызу қажет.Мысалы: «Жаңылтпаштарымен жаңылысыңқырағандарың Жаңылысыңқырамағандарыңды жаңылыстырмасаңдаршы». Музыка сабағында оқушылардың дауысын жаттықтыру барысында мұндай тақпақтар кеңінен қолданылып, оқушылардың сөйлеу дикциясына тәрбиелейді» «Мақалды дұрыс оқы» ойынын лексикадан өтілген материалдарды бекітуде қолданған абзал. Оқушылардың жасырылған нақыл сөздің мағынасы сұрыпталып, лексика туралы түсініктері нығайтылады. Бұл ойынның ережесі бойынша оқушылар қазақ халқының нақыл сөздерін, өлең шумақтарын өз бетінше іздену арқылы табады. Мұғалім ойын ойнамас бұрын оқушылырға ойын ережесін таныстырып, осы мақалға тақырыптас тағы қандай мақал білетінін айтып беруді талап етеді. Мұғалім кіріспе бөлімінен кейін тақтаға өлең шумағы жазылған тор көзді іліп қояды. Бұл ойын оқушылардың сөздік қорын молайтып, ізденімпаздық қабілеттерінжетілдіреді, оларды логикалық ойлауға тәрбиелейді.Оқушылар жасырылғанАсан Қайғының өлең шумағының мағынасын, оның тәрбиелік мәнін жете түсінеді. Сол арқылы қазақ халқының нақыл сөздерін оқуға дағдыланады және осындай сөздерге жеңіл әуендерді қосып,ән шығарулары әбден мүмкін. «Мақал-мәтелдер айтудан жарысайық» ойыны арқылы оқушыларға тәрбиелік мәні жоғары, адамгершілік, ізгілік қасиеттерді үйрететін мақал-мәтелдердің мағынасын өздеріне тапқызып, тәрбиелік мәнін өз пікірлерімен айтып беру қабілеттері тәрбиеленеді. Бұл ойында мұғалім әрбір топтың алдына келіп, бір сөз мағынасына қарай мақал-мәтелдерді көптеп табуға жарысады Мұғалім екінші топтың алдына келіп, ұрлық туралы бірнеше мақалдар айтуға тиіс.
  1. «Көп жортқан түлкі терісін алдырар».
  2. «Ұрлық түбі - қорлық».
  3. «Жаман ұры жанындағысына қарамайды» т.б
Осындай ойындар арқылы оқушылар сөз қадірін түсінуге дағдыланып, жаман қылықтардан бойларын аулақ салуға үйренеді. Мақал-мәтелдерді табу, оқушылардың тілін дамутымен қатар олардың әсерлі ән орындауына, сөйлеу дағдыларын да қалыптастырады. «Жалғасын тап» ойында жасырылған мақал -мәтелдердің екінші сыңарын табу арқылы оқушылар үлкенді сыйлауға, мінез-құлықтарын жас кезден бастап қадалауға, адамгершілік іс-әркеттерді орындауға тәрбиеленеді. Тәлім-тәрбиелік маңызы жоғары мақал- мәтелдер алдын ала іріктеліп, кесте қағаздарға жазылады. Осыған байланысты оқушылардың әуен шығаратын қабілеттері дамып, сөйлеу мәдениеті дұрыс қалыптасады. Мұндай ойындар оқушының ой жалғастыру, сөйлемді дұрыс құрау дағдыларын жетілдіріп, шығармашылық ойлау қабілеттерін тәрбиелейді. Қорыта келе музыка сабағында көп қолданылатын шаралар мен анаграммалар дидактикалық ойындары оқушылардың байқампаздығын, іздемпаздығын тәрбиелейді.

«Күн мен жаңбыр» ойыны



Ойынның мақсаты: Балаларды музыканың әртүрлі сипатын ажыратуға баулу(көңілді,ойнақы,сабырлы,мұңды).Шығармалардың көңіл-күйін сезіне білуге үйретеді. Ойынның шарты: Көңілді күн мен бұлт суреттері бейнеленген карточкалар таратылады.Балалар екі түрлі шығарманы тыңдап,әуен сипатына сәйкес суретті көрсетеді.

Музыка сабағындағы дидактикалық ойындар



«Төмен және жоғары дыбыстар» ойыны

Ойынның мақсаты: Балаларды шығарманы тыңдай отырып, динамикалық бояуларын,дауыс күштілігін ажырата білуге баулу. Ойынның шарты: Түстері бірдей,әртүрлі көлемдегі сары қоңыраулар суреті салынған карточкалар үлестіріледі.Шығарманы тыңдап,төменгі дыбысқа үлкен қоңырау,орташа дыбысқа орташа қоңырау,жіңішке дауыстағы әуенге кіші қоңырау бейнеленген сәйкес карточканы көрсетеді.

Музыка сабағындағы дидактикалық ойындар

«Ноталарды үйренейік» ойыны

Ойынның мақсаты:Әуенді тыңдап,ноталарды дұрыс орналастыруға үйрету. Ойынның шарты:Музыка жетекшісі халық әні «Еркемайды»өзі орындап береді,екінші рет ноталардың атын атап,орналастырып отырып айтып көрсетеді.Балалар әнді қайталап орындайды,ноталардың атын атап,нота сызықтарына орналастыруға үйренеді.Балаларға нотаны үйрету жеңіл әндерден бастап,бірте-бірте күрделендіреді.

Музыка сабағындағы дидактикалық ойындар

«Әуенді сағат» ойыны



Ойынның мақсаты: Үйренген ән,әуендерді есте сақтап,бекіту үшін қолданылады. Әртүрлі көңіл күйдегі әуендерді кіріспесінен немесе үзіндісінен табуға машықтандырады.

Ойынның шарты:Әртүрлі шығармадағы кейіпкерлер суреті салынған сағат бейнелі карточкалар беріледі.Жетекші таныс ән немесе әуенді ойнап,балалар «Әуенді сағаттан» сол әннің мазмұнын сай суреті сағат тілін қозғау арқылы тауып береді.

Музыка сабағындағы дидактикалық ойындар

«Үш гүл - үш түрлі көңіл күй» ойыны

Ойынның мақсаты: Көңілді, сабырлы, мұңды музыкалық шығармаларды ажырата білуге үйрету. Есту қабілеттерін дамыту, тапқырлыққа баулу.

Ойынның шарты: Әр балаға үш гүлдің суреті бейнеленген карточкалар беріледі. Гүлдерде күлімсіреге , жылап тұрған және сабырлы адамның кейпі бейнеленген. Балалар шығарманы тыңдап, көңіл күйін анықтап, сәйкес карточканы көрсетеді.

Музыка сабағындағы дидактикалық ойындар

«Әуеннің дауысын ажырат» ойыны

Ойынның мақсаты: Балаларды дыбыстың ұзақтығын ажырата білуге үйрету. Әуенді тыңдап, қысқа және ұзақ дыбыстарды анықтауға баулу.

Ойынның шарты: Көлемдері бірдей, түстері әртүрлі қоңырау суреттері беріледі. Орындалған шығарманы тыңдап, әуеннің төменгі дыбысын жасыл қоңыраумен, орташа дыбысты сары қоңыраумен, жіңішке дыбысты қызыл қоңыраумен көрсетіп, карточкалардан табу.

«Теңіз» ойыны

Ойынның мақсаты: Музыканың ауыспалы сипатын естіп, сезіну қабілеттерін дамыту. Әуенді мұқият тыңдап, табиғат құбылыстарымен байланыстыра сезініп, елестете білуге үйрету.

Ойынның шарты: Балалар үнтаспадан Н.Римский-Корсаковтың «Теңіз» шығармасын тыңдайды. Теңіздің үш түрл і қалыптағы күйі бейнеленген карточкалар беріледі. Шығарма тыңдалып, жетекші теңіздің әртүрлі күйдегі суреттерімен таныстырады («тыныш жатқан» теңіз, «толқынды» теңіз, «буырқанған» теңіз). Шығарма екінші рет тыңдалып, әуеннің көңіл-күйі карточкалар арқылы көрсетіледі.

Музыка сабағындағы дидактикалық ойындар

«Бұл қай кезде болады?» ойыны

Ойынның мақсаты:Жыл мезгілдері туралы ән, әуендерді тыңдап, ерекшеліктерін сипаттай білуге баулу. Тыңдалған шығармадан алған өз әсерлерін әңгімелей білуге дағдыландыру.

Ойынның шарты: Балаларға жылдың төрт мезгілі бейнеленген суретті карточкалар таратылады. Шығармаларды тыңдап, мазмұнына , мәтініне сәйкес суретті карточканы көрсете білу.

Музыка сабағындағы дидактикалық ойындар

«Үш би» ойыны

Ойынның мақсаты: Балаларды би жанрларын (полька, ұлттық би, вальс) ажырата білуге, би түрлерін еске сақтауға, әуенді естіп қабылдауға баулиды.

Ойынның шарты: Полька, вальс, ұлттық би түрлерінің суреті салынған карточкалармен таныстыру. Музыка жетекшісі аспапта үш түрлі пьеса ойнап, балалар әуенге сай бейнеленген суретті дәл көрсетулері тиіс.

Музыка сабағындағы дидактикалық ойындар

«Қанша дыбыс?» ойыны

Ойынның мақсаты: Белгілі бір аспапта ойналған әуендегі дыбыстардың санын немесе қайтадан дыбысталуын ажырата білуге үйрету.

Ойынның шарты: Жеміс бұтағында ілінген шиелер суреті салынған үш түрлі карточкалар ұсынылады. Музыка тыңдап, әуендегі дыбыс санын естіп, сәйкес келетін шие саны бар карточкаларды көрсету.

«Көңілді күлдіргіштер» ойыны

Ойынның мақсаты: Әуендегі дыбыс ұзақтығын естіп, ажырату үшін қолданылады. Қысқа және ұзақ дыбыстардың санын анықтап көрсете білуге үйретеді.

Ойынның шарты: Көңілді күлдіргіштер және әртүрлі көлемдегі шарлар суреті бейнеленген карточкалармен таныстырады. Таныс шығарма ойналып, балалар әуенді тыңдап, шапалақпен қысқа және ұзын дыбыстарды көрсетеді. Күлдіргіштердің қолында жіптер бар. Үлкен шарлардың жібін ұзын дыбысқа, кішкентай шарлардың жібін қысқа дыбыстарға лайықтап, жіптерді жалғайды.

Музыка сабағындағы дидактикалық ойындар

«Айналмалы дөңгелек» ойыны

Ойынның мақсаты: Шығарманы тыңдау арқылы балаларға музыка жанрларын ажырата білуді үйретеді.

Ойынның шарты: Дөңгелек бетіне көбелек,барабан,Ай, доп суреттері салынған карточка ұсынылады. Балалар әуенді тыңдап, дөңгелекті айналдыру арқылы вальс ойналғанда көбелекті, марш әуенінде барабанды, бесік жыры ойналғанда Айдың, полька биінде доптың суреттерін көрсетеді.

Музыка сабағындағы дидактикалық ойындарМузыка сабағындағы дидактикалық ойындар

«Ғажайып үйшік» ойыны

Ойынның мақсаты: Баспалдақпен жоғары шығу және төмен түсу арқылы әуеннің бағытын дауыспен айтуға үйрету. Жануарлардың суретін қолдана отырып, балаларды олардың жүрісін, қимылын, дыбыстауын көрсете білуге,шығармашылыққа баулу.

Ойынның шарты: Балаларға үйшіктің және қоян, балапан, бақа, күшік, т.б. суреттері ұсынылады. Музыка жетекшісі «Жоғарығы шығымын» деп әндетеді.Балалар әуенді қайталап, өздері қалаған суретін басқышпен жоғарыға жүргізеді. Үйшікке жақындап, «Қандай ғажап үйшік?» деп әндетеді. Келесі кезекте терезеден сурет көрсетіліп,балалар әуенді тыңдап, сәйкес келетін аңдардың , жануарлардың, балапанның, бақаның, т.б. суреттерін басқыштармен жүргізіп,үйшікке кіргізеді. Балалар терезеден көрінген суретке қарап,олардың қимыл-қозғалысын салып көрсетеді.

Музыка сабағындағы дидактикалық ойындарМузыка сабағындағы дидактикалық ойындар

«Сиқырлы ағаш» ойыны

Ойынның мақсаты: Нота сызығы мен ноталар туралы түсінік беру. Әуеннің дыбыс биіктігін ажыратып, естіген әуенді нота сызықтарына орналастыруға үйрету.

Ойынның шарты: Балалардың әрқайсысына алма ағашының суреті және қиып алынған жеті алма үлестіріледі. Орындалған шығарманы тыңдап, сиқырлы ағаш бұтақтарына алмаларды дыбыс биіктігіне сәйкес орналастырады. Ағашта бейнеленген бұтақтар нота сызықтары, ал алмалар нота ретінде қолданылады.

Музыка сабағындағы дидактикалық ойындар

«Анасын тап» ойыны

Ойынның шарты: Әнді немесе әуенді тыңдап, жануарлар мен төлдерінің жүрісін, қимыл-қозғалысын көрсете білуге, олардың дауыс ырғақтарын ажыратып, еске сақтауға үйрету.

Ойынның шарты: Жануарлардың және олардың төлдерінің суреттері бейнеленген карточкалар беріледі. Музыка жетекшісі шығарманы ойнап, балалар әуенге сәйкес суреттегі жануардың төлін тауып, енесінің жанына қояды. Олардың жүрісін, қимылын көрсетіп, дауысын салады.

Музыка сабағындағы дидактикалық ойындар

«Аспаптың даусын ажырат» ойыны

Ойынның мақсаты: Балаларды музыкалық аспаптардың тембрын ажыратуға баулу, есту қабілеттерін дамыту, қызығушылықтарын арттыру.

Ойынның шарты:Карточкада пианино, скрипка, гитара, сырнай, домбыра, жетіген, қобыз, шертер аспаптарының суреттері бейнеленген. Үнтаспада аспаптардың орындауында пьесадан үзінді орындалып, балалар аспаптың үніне сәйкес суретін көрсетеді.

«Қай аспапта ойнаймын?» ойыны

Ойынның мақсаты: Қазақтың ұлттық аспаптарының (ішекті,ұрмалы,үрлемелі) өзіндік тембрлік дыбысталуымен таныстыру, ажырата білуге үйрету. Аспаптарда ойнауға машықтандыру, қызығушылықтарын арттыру.

Ойынның шарты: Балаларға аспаптардың (домбыра, қобыз, сазсырнай, асатаяқ, дауылпаз, т.б.) суреттері бейнеленген карточкалар ұсынылады. Музыка жетекшісі ширма артында жасырып бір аспапта ойнайды. Балалар мұқият тыңдап, аспаптың дауысын ажыратып, лайықты суретті көрсетеді.

Музыка сабағындағы дидактикалық ойындарМузыка сабағындағы дидактикалық ойындар

«Музыкалық аспаптар дүкені» ойыны

Ойынның мақсаты: Балаларға арналған музыкалық аспаптардың дауыс тембрін ажыратуға үйрету. Аспаптарда өз еріктерінше ойнауға, шығармашылыққа баулу.

Ойынның шарты: Балалар аспап түрлеріне сәйкес бірнеше қатар болып отырады. Муыка жетекшісі ширма артында аспапта ойнайды, балалар дауысын ажыратып, суретті картолчкалардан көрсетеді.

Музыка сабағындағы дидактикалық ойындарМузыка сабағындағы дидактикалық ойындар

«Музыка бояулары» ойыны

Ойынның мақсаты: Музыка сипатын ажырату. Ән, Би, Вальс, Марш жанрларын ажырата білуге ықпал ету. Түрлі-түсті желпуіштердің түсіне қарай жанрларды ажырату.

Ойынның шарты: Жасыл түс-ән айту, Қызыл түс-көңілді билеу, Сары түс-вальс ырғағы, Көк түс-марш ырғағы екенін түсіндіру. Музыкалық шығарма тыңдалады, бірнеше рет қайталап, желпуіштермен жаттығу жасай білуге үйретеді. Балалар түрлі жанрдағы музыканы тыңдап, желпуіштерді көтеруге үйренеді.

Музыка сабағындағы дидактикалық ойындарМузыка сабағындағы дидактикалық ойындарМузыка сабағындағы дидактикалық ойындар

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:

  1. Алекторов Е.А. «Праздничные игры и забавы Киргизов» «Оренбургский листок» 1888. №42

  2. Атаев А.К. «Исследование эффективности применения элементов национальных видов спорта, народных игр и специальных упражнений для развития физических качеств школьников Узбекистана» Дис.канд.пед.наук Ленинград 1969.

  3. Ахметов М.Ш. «Адыгей халықтарының ұлттық ойындары» дис.пед.ғыл.канд Майкоп 1970.

  4. Ахундова С.М. «Использование азербайжанских народных игр в детских дошкольных учреждениях» дис.канд.пед.наук Баку 1975.

  5. Әлімбаева «Халық - қапысыз тәрбиеші» Алматы Қазақ ССР «Білім» 1977. 3-4 б.

  6. «Дидактикалық ойындар»Т.Т.Сарыбаева,Г.А.Абдрахманова Алматыкітап баспасы 2013 жыл



Мазмұны

1.Кіріспе

2.Ойын сипаттамалары мен қолданудың әдіс-тәсілдері

3. «Жалғасын тап» ойыны

4. «Күн мен жаңбыр» ойыны

5. «Төмен және жоғары дыбыстар» ойыны

6. «Ноталарды үйренейік» ойыны

7. «Әуенді сағат» ойыны

8. «Үш гүл-үш түрлі көңіл күй» ойыны

9. «Әуеннің дауысын ажырат» ойыны

10. «Теңіз» ойыны

11. «Бұл қай кезде болады?» ойыны

12. «Үш би» ойыны

13. «Қанша дыбыс?» ойыны

14. «Көңілді күлдіргіштер» ойыны

15. «Айналмалы дөңгелек» ойыны

16. «Ғажайып үйшік» ойыны

17. «Сиқырлы ағаш» ойыны

18. «Анасын тап» ойыны

19. «Аспаптың дауысын ажырат» ойыны

20. «Қай аспапта ойнаймын?» ойыны

21. «Музыкалық аспаптар дүкені» ойыны

22. «Музыка бояулары» ойыны




© 2010-2022