БІЗ ӨМІРДІҢ ГҮЛІМІЗ! ( Даярлықпен қоштасу ертеңгілігіне арналған сценарий)

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

БІЗ ӨМІРДІҢ ГҮЛІМІЗ!

( Даярлықпен қоштасу ертеңгілігіне арналған сценарий )

БІЗ ӨМІРДІҢ ГҮЛІМІЗ!( Даярлықпен қоштасу ертеңгілігіне арналған сценарий )Дулатова Жаннұр Дулатқызы

Т. Ы. Аманов атындағы № 16 жалпы орта білім беретін мектептің даярлық топ тәрбиешісі

Мақсаты: Балалардың даярлықта алған білімдерін тексеру, қорытындылау.

Міндеттері:

1. Балалардың білімдерін пысықтау, өз ойларын толық жеткізе білуге дағдыландыру.

2. Сөздік қоры мен тіл байлықтарын дамыту.

3. Үлкендерді құрметтеуге, ұйымшылдыққа, ұжымшылдыққа тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: шар, гүлдер, мерекелік жазулар.

Барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

Жүргізушілер сахнаға шығады.

1-ші жүргізуші: Қымбатты ата-аналар, қадірлі қонақтар, құрметті мұғалімдер бүгін біз мәпелеп, күтіп тәрбиелеген бүлдіршіндерімізді даярлықпен қоштастырғалы отырмыз. Әрине, бұл да үлкен той, тойларыңыз құтты болсын.

2-ші жүргізуші: Өтті қызық көп күндер

Жеті жасқа жеттіңдер

Барасыңдар сыныпқа

Бір белестен өттіңдер

1-ші жүргізуші: Өсті ақыл ойларың

Өсті міне бойларың

Қуанышқа ортақпын

Құтты болсын тойларың

Сахнаға балалар шығып тақпақтарын айтады.

БІЗ ӨМІРДІҢ ГҮЛІМІЗ!( Даярлықпен қоштасу ертеңгілігіне арналған сценарий )

1-ші бала: Тамирлан Қуанамыз, сыйлаймыз

Қуаныштың мың гүлін

Даярлықпен қимай біз

Қоштасатын күн бүгін 2-ші бала: Гульвира Ботақандай бөбек деп Еркелеткен ұл-қызын Анамызды ерекше Қуантамыз біз бүгін 3-ші бала: Нұрел Бұл қуаныш себебін Бізге қарап ұғарсың Ержетті деп бөбегім Туған Отан қуансын Туған дала қуансын

4-ші бала: Сәуле Жерде қар жатса да

Асыр салып ақпанда

Күнде ертемен мектепке Келетінбіз ақ таңда 5-ші бала: Айдос Добым, добым домалақ Қайда кеттің домалап? Үстел үстін бүлдірдің Тәрелкені сындырдың

6-шы бала: Гүлзада Ана тілін ардақтап

Ата салтын біз көрдік

Сурет салып, ән жаттап

Оқып, жазып үйрендік 7-ші бала: Мәди Сүйген өз ұл-қызын Бөбегім деп аянбай Мектебім өз үйім

Тәрбиешім болды анамдай

2-ші жүргізуші: Ән: «Ақ көгершін» орындайтын «Өркен» даярлық тобының оқушысы Байжанұлы Дінмұхамет.

1-ші жүргізуші:Балалар бізге қонаққа «Сауат ашу» мен «Әліппе» келе жатыр, кәне қарсы алайық.(Балалар амандасып қарсы алады)

Әліппе сөзі: Армысыңдар, жас достар

Армысыңдар, ата-ана

Болашаққа жол бастар

Әліппе келді ортаға

Білім деген ғажайыптың

Әліппесін меңгерер

Келешегі қазақтың

Басталады сендерден

Сауат ашу: Біз сендер даярлықпен қоштасып жатыр дегенді естіп қонаққа келдік. Енді өнерлеріңді, білімдеріңді әліппеге көрсетіңдер.

2-ші жүргізуші: Ал енді балалар біз білімдерімізді, өнерлерімізді әліппе мен сауат ашуға көрсетейік. Кішкентай әріптерді ортаға шақырайық.

БІЗ ӨМІРДІҢ ГҮЛІМІЗ!( Даярлықпен қоштасу ертеңгілігіне арналған сценарий )

1-ші бала: Әлішер Әріптерді таныңдар

Бәрін жаттап алыңдар

Онда қызық ойын бар

Оған көңіл қойыңдар

2-ші бала: Бауыржан Ойнаңдар да ойлаңдар

Қызығына тоймаңдар

Бәрін қарап шығыңдар

Әріп сырын ұғыңдар

3-шы бала: Мөлдір А дегенім ардақты

Ақ сүт берген анамыз

4-ші бала: Жаннел Б дегенім бал тілім

Біз бақытты баламыз

5-ші бала: Ермек Ә дегенім әншінің

Әнге айналған әуені

1-ші жүргізуші: Мың бұралған арулар аңдап басып,

Келеді міне ортаға толқып тасып.

Аруларын сыйлаған,халқым менің,

Көңілді қошеметпен қарсы алайық!- деп мың бұралған бишілерімізді қарсы алыңыздар.

Би: «Шығыс биі» ортада бишілер тобы

2-ші жүргізуші: балалар, математикадағы Тапқышбек деген жолдастарыңды білесіңдер ме? (Иә)

Бүгінгі кешімізге Тапқышбек те келе жатыр, кәне ,қарсы алайық.(Тапқышбек келіп балалармен амандасады)

Тапқышбек: Сәлеметсіңдер ме балалар! Сендер математика әліппе-дәптеріндегі менің тапсырмаларымды орындап жүрдіңдер. Енді сендерді өз көзіммен көрейін деп бүгінгі қоштасу кештеріңді естіп келіп қалдым. Құр алақан келмей өзіммен бірге сендердің білімдеріңді тексеру үшін тапсырмалар ала келдім.

Тапқышбек: Ой, балалар, сендер бәрін біледі екенсіңдер. Бірінші сыныпқа даярлықтарың жақсы екен. Қаламызда сендер сияқты көп балалар бітіріп жатыр соларға да барайын, сау болыңдар.

1-ші жүргізуші: Ән: «Ана» орындайтын «балдәурен» даярлық тобының оқушысы Тайгоныров Елжан.

Әліппе: Балалар сендерге ризамын білімді, өнерлі екенсіңдер бірақ ертегі тыңдағым келіп тұр. Маған ертегі қойып беріңдерші.

2-ші жүргізуші: Ендеше ертегі тамашалайық.

«Балдәурен» даярлық тобы- «Бауырсақ»ертегісі

БІЗ ӨМІРДІҢ ГҮЛІМІЗ!( Даярлықпен қоштасу ертеңгілігіне арналған сценарий )

1-ші жүргізуші:

Би: «Грузин биі» ортада бишілер тобы

2-ші жүргізуші: «Өркен» даярлық тобы- «Шалқан» ертегісі

1-ші жүргізуші: Би: «Реп»

Көркем гимнастика өнерін тамашалайық: ортада «Өркен» даярлық тобының оқушысы Әдиұлы Бекжан.

2-ші жүргізуші: «Бәйтерек» даярлық тобы- «Түлкі мен Үйрек» ертегісі

1-ші жүргізуші: Би: «Қуыршақ биі» ортада бишілер тобы

«Орыс биі» ортада бишілер тобы

(Сауат ашу мен Әліппе ортаға шығады)

Сауат ашу: Балалар мен сендермен қоштасайын енді біз кездеспейміз, сендер бір сынып жоғарыладыңдар, мен сендер сияқты кішкентай балаларды қарсы аламын. Ары қарай сабақтарыңды жақсы оқыңдар,тәртіпті болыңдар.Енді мен кетейін, сау болыңдар.

Әліппе: Балалар сендер маған қатты ұнадыңдар, барлықтарың да білімді, өнерлі екенсіңдер. Бүгінгі кеште мен өте жақсы демалдым, енді сендермен 1-ші қыркүйекте кездесеміз, жаз бойы жақсылап демалып келіңдер. Ал қазір мен кетейін баратын жерлерім бар, сау болыңдар.

2-ші жүргізуші: Хор: «Біз өмірдің гүліміз!»

1-ші жүргізуші: «Даярлықпен қоштасу» кешімізді қорытындылау үшін сөз кезегін мектеп басшыларына берейік.

Шығыс Қазақстан облысы,

Семей қаласы.

© 2010-2022