Менің елім - тәуелсіз Қазақстан

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы:Тәуелсіз ел - Қазақстан Мақсаты: оқушыларды еліміздің тәуелсіз өдігі биік ұстауға, оны мәңгілікке сақтай білуге үйрету, туған елін, тілін, салт-дәстүрін, халқын сүюге, құрметтеуге тәрбиелеу. Көрнекіліктер: слайд, желтоқсан құрбандарының суреттері. Барысы: Ұйымдастыру кезеңі: Ребус шешу (Тәуелсіз). Көрініс: Бала: Ата, ата, айтыңызшы, Тәуелсіздік деген не? Жәңгір ата: «Тәуелсіздік» деген сөзде үлкен мағына бар, балам. Тәуелсіз ел, ерікті ел яғни жеке мемлекет. Оның тілі, жері, рәміздері, халқы, президенті болады. Тәуелсіздіктің туын көкке көтеретін мына, сіздер боласыздар балғындарым. Тәңірберген бала: Иә, ата дұрыс айтасыз. -Енді бәрін түсіндім, ендеше біздің сыныпқа қонақ болыңыз. Мұғалім сөзі: -Бәрекелді, атамыз әрі қысқа, әрі нұсқа жауап берді. Шынымен де, Тәуелсіздік жолы оңай жол емес, бұл жолда сан мыңдаған адамның арманы мен тағдыры тәлкекке түсті. Сондықтан да, тәуелсіздігіміздің тұғыры әрқашан биік болсын! Қазақ халқы еркіндікке жету үшін қаншама қиын-қыстау кезеңдерді бастан кешірді. 16 желтоқсанда қазақ жастары Орталық алаңға шығып, Тәуелсіз ел болуын қалады. Бұл қазақ жастарының негізгі мақсаты - Қазақстанның тәуелсіздігі. Қазақстан жоғары Кеңесі 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан тәуелсіз Республика деп жариялады. 1-оқушы: Тәуелсіз Қазақстан - Ұлы Отаным, Көк туымды қалайша құлатармын. Тып-тыныш тұрып жатқан жайымыз бар, Бәріміз баласындай бір атаның. 2-оқушы: Ата-бабам аңсаған, Күрес салып шаршаған. Тәуелсіздік таңы атты, Бақыттымын мен содан.

3-оқушы: Өзіңдікі елің де, Өзіңдікі жерің де. Өзіңді өзің еткен бақ, Тәуелсіздік төрінде. 4-оқушы: Тәуелсіздік тілегім, Тәуелсіздік тірегім. Ертеңі деп елімнің, Дүрсілдейді жүрегім. 5-оқушы: Алтын дәндідаласы бар, Ақ күмістей қаласы бар. Неткен сұлу, неткен көркем, Осы менің туған өлкем. 6-оқушы: Отан дейміз от жаққан жерімізді, Отан дейміз өсірген елімізді. Отан дейміз туған же, атамекен, Биік тау, орман, тоғай, көлімізді. 7-оқушы: Көк байрақ иілмесін, жығылмасын, Көзге жас, кеудеге өксік тығылмасын. Тұрғанда көкшіл Туың көкті тіреп, Қазағым сен қашанда тұғырдасың! Мұғалім сөзі: Балалар, біздің мемлекеттік тіліміз қай тіл? -Қазақ тілі Ендеше, тілімізді құрметтейік, таза сөйлейік. Бүгін бізге өздерінің данышпан ойларын айтуға билер келіпті. Тыңдап көрелік. Ақылшы би: Ашу дұшпан, ақыл дос Ақылыңа ақыл қос. Ақылыңды халық игілігіне жұмса. Батыр би: Отаныңды сүй, тіліңді құрметте! Еліңді, жеріңдң жаудан қорға! Досыңа адал бол, Жауыңа қатал бол! Білімпаз би: Білімді бол, Біліміңді халқыңа үйрет. Оқусыз білім жоқ, Білімсіз күнің жоқ. Қорытынды. Мұғалім с өзі: Құрметті оқушылар! Ел ертеңі-жастар, яғни сіздерсіздер. Мемлекеттік тілді жақсы біліп, қадір тұтып, сондай-ақ өзіңнің туған халқының тарихы мен мәдениетін, салт-дәстүрін біліп, құрмет көрсетулерің керек. Қазақстан болашағы сіздердің қолдарыңызда!

© 2010-2022