М дыбысы мен әрпі

Раздел Начальные классы
Класс 1 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Қордай ауданы М дыбысы мен әрпі

№28 Ш.Уәлиханов

атындағы орта мектебінің

бастауыш сынып мұғалімі

Кожаназарова Саипжамал Наужановна

Сыныбы: 1

Пәні: Әліппе

Сабақ тақырыбы:

М дыбысы мен әрпі

Сабақ мақсаты:

Мм дыбысы мен әрпін таныту. М дыбысының үнді дауыссыз дыбыс екенін және сөз ішінде келетін орнын, буын, сөз соңында дыбысталу ерекшелігін таныту.

Күтілетін нәтиже:

М дыбысы мен әрпін таниды. М дыбысының жасалу жолын түсінеді.

7 модульдің қолданылуы

"Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер", "Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау", "Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету", "Оқытуды басқару және көшбасшылық".

Сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдер:

«Миға шабуыл» әдісі, «Ой қозғау» , «Біз не білдік» ойыны, оқулықпен жұмыс

Уақыт

Мұғалімнің

іс-әрекеті

Оқушының

іс-әрекеті

Керекті жабдықтар

1 минут

1 минут

5 минут

Ынтымақтастық атмосфера қалыптастыру

Топқа бөлу

«Миға шабуыл» әдісі бойынша үй тапсырмасын бекіту.

«Ыстық алақаны » әдісі бойынша бір-бірлерінің алақандарын ұстап, жылы лебіздер тілейді.

М дыбысынан келетін, мейірімді, мейіржан, мейірбан деген сын есімдері арқылы топқа бөлінеді.

Сұрақтарға жауап беріп, үй тапсырмасын бекітеді.

Таратпа қағаздар

5 минут

«Ой қозғау» стратегиясы арқылы жаңа сабақтың тақырыбын ашу.

Қыздар алқасы (м) оншақ
1. Үй жануарларын бір сөзбен не дейміз?
2. Көйлек неден тігіледі?
3. Киім тоқылатын ақ ұлпа?
Сөзжұмбақ шешуіндегі сөздерді буынға бөліп айтып, бірінші дыбыстарына мән беріп қарайық.
Мон - шақ, мал, ма - та, мақ - та сөз басында Мм дыбысы естіліп тұр.
Олай болса, барлығымыз хормен М деп дыбыстап көрейік.
Мм дыбысы ауыз қуысынан кедергіге ұшырап қысылып айтылады. Олай болса, Мм дауыссыз үнді дыбыс.
Мм әрпін баспа, жазба түрін таныстырып, ауада жазу

Сыни тұрғыдан ойлана отырып, жұмбақтарды шешу арқылы жаңа сабақтың тақырыбымен танысады.

1. (м) ал

2.(м) ата

3. (м) ақта

10 минут

Оқулықпен жұмыс жасату. Оқулықта берілген мәтінді оқыту.

Алған білімдерін пайдалана отырып, мәтінді оқиды.

Оқулық

10 минут

«Біз не білдік» ойынын жүргізу арқылы жаңа сабақты қорытындылау

Сұрақтарға жауап беру арқылы жаңа сабақты қорытындылау

3 минут

Ауызша мақтау, мадақтау арқылы формативті бағалау.

Ынталанады.


© 2010-2022