Қолғанат. Сөйлем. Ана тілі 1-сынып

Раздел Начальные классы
Класс 1 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Сөйлем. Қолғанат

Сабақтың мақсаты:Оқушыларды өз бетінше іздене білуге баулу.

Сабақтың міндеті:

1.Сөйлем туралы оқушыларға түсінік беру арқылы топта бір-біріменой-пікір алмасуына мүмкіндік жасау.

2.Өз бетінше сөйлем құрауға үйрету.

3.Топпен жұмыс ұйымдастыру.

Көрнекі құралдар:

Маркер, стиктер, кеспе қағаз, оқулық, дәптер, фишка, суреттер.

Сабақтың әдісі:

Түсіндіру сұрақ жауап .

Топқа бөлу

1.Ойыншылар тобы

2.Білгіштер тобы

Үй тапсырмасын пысықтау:

Қайталау сұрақтары. 2 топ бір-біріне сұрақтар қояды. Қай топ көп гүл терсе, ұпай саны артады.

«Гүл теру» ойыны.

Мәтін дегеніміз не?

Тасымал қалай жасалады?

Жуан дауысты дыбыстарды ата.

Жіңішке дауысты дыбыстарды ата.

Астана сөзінде неше буын бар?

Нағашы деп кімді айтамыз?

Қызығушылықты ояту.

Ребус шешу.

1-топ. «Сөйлем» 2-топ. «Қолғанат»

С

К Қолғанат.Сөйлем. Ана тілі 1-сынып Қолғанат.Сөйлем. Ана тілі 1-сынып

Қолғанат.Сөйлем. Ана тілі 1-сынып + ға ' Қолғанат.Сөйлем. Ана тілі 1-сынып, +т

Мағынаны тану

Мәжит Сейфуллинің өмірі мен шығармалары жайлы түсінік беру.

Мәтінді оқып, түсіндіру.

Топтағы оқушыларға тізбектей оқыту.

Топтарға тапсырма

1-топқа:

Сәкен қандай бала?

Ол қарындастарына қандай қамқорлық жасады?

2- топқа:

Анасы Сәкенді не үшін мақтан етті?

Сәкеннің қарындастарының атын атаңдар.

1-2 топқа :

Мәтіннен алғашқы екі сөйлемді көшіріп жаз. Әр сөйлем неше сөзден құралғанын анықта.

Ережеге түсінік беру:

Сөйлем сөзден құралады. Сөйлемдегі сөздер бір-бірінен бөлек жазылады. Балалар мектепке келді.

Сергіту сәті:

Топтарға тапсырма беру. Орны ауыстырылып берген сөйлемдерден сөздер құрау.

1-топқа:

Жасырынбақ, Ойнады, балалар.

Торлады, аспанды, бұлт

Ән, Сәуле, айтты.

2- топқа:

Тұрды, Қатты, жел.

Су, жылғалардан, ақты.

Құстар, келді, ұшып.

Дәптермен жұмыс:

139-жаттығу Мәтінді көшіріп жаз

Сәкен Сейфуллин - ақын әрі жазушы. Ол Қарағанды облысының Жаңаарқа ауданында дүниеге келген. Сәкен - қоғам қайраткері.

Балалар, қараңдаршы, әр сөйлемнің бірінші сөзі қандай әріппен жазылған?

Естеріңе сақтаңдар. Сөйлем бас әріппен басталып, соңына нүкте қойылады.

Рефлексиялық-бағалау кезеңі

А)Ойын: «Доп беру»

Оқушылар бір-біріне доп лақтырып, сөз айтады, екінші қағып алған оқушы сөйлем құрайды. Мысалы: 1-оқушы Гүл. 2-оқушы Мен анама гүл сыйладым.

Үйге тапсырма:

Қолғабыс мәтінін түсініп оқу

Сөйлемге мысалдар келтіру.

Бағалау. Топтарды бағалау жетондары арқылы салыстыра бағалау және әр топтағы белсенділік танытқан оқушыларды марапаттау.



© 2010-2022