- Преподавателю
- Начальные классы
- Қыз еркем қылығымен көркем (1 сынып)
Қыз еркем қылығымен көркем (1 сынып)
Раздел | Начальные классы |
Класс | 1 класс |
Тип | Другие методич. материалы |
Автор | Ыбырайкызы Р.Ы. |
Дата | 24.10.2015 |
Формат | docx |
Изображения | Нет |
«Қыз еркем, қылығымен көркем!» Білімділік: Қыз балалардың жан дүниесіндегі көркемдік талғамын қалыптастыру.
Дамытушылық: Балалардың танымдық және шығармашылық қабілетін, эстетикалық талғамын, шеберлігін дамыту. Тәрбиелік: Көпшілік алдында өзін - өзі ұстай білуге, әдептілікке, мейірімділікке, сұлулыққа тәрбиелеу.
Жүргізуші: Құрметті Ақ жаулықты аналар, ұлағатты ұстаздар, сұлу арулар! Сіздер 8- Наурыз Халықаралық аналар күніне арналған «Қыз еркем, қылығымен көркем!» атты мерекелік кешке жиналып отырсыздар. Мектепалды даярлық «Д» тобының балаларымен өткізілетін мерекемізге қош келдіңіздер! Жүргізуші: Армысыздар ақ тілекті аналар мен әжелер, Ертегімен өмірімді әсемдер. Мерекеңмен аялаған аналар, Бір өзіңнен бар қуаныш таралар. Шуақ шашқан алтын көңіл арулар, Дарын боп өнерменен қарулан.
Жүргізуші.Алдарыңызда біздің топтың жігіттерін қарсы алыңыздар! Біздің арқа сүйер ұландарымыздың асыл аналарымызға арналған балаларымыздың тақпақтарына кезек берейік:
Тақпақтар
- Мұратқан
Қандай қызық көктемде
Күн шуағын төккенде,
Гүл тереміз алуан
Шығып алып көк белге.
-
Жарас
Еркелеткен біз үшін,
Еңбек еткен біз үшін.
Еркелеткен біздерді,
Еркіндеткен біздерді
Анамызға мың алғыс
Адал бол деп балдырған
Әділдікке баулыған
Жүрегінде мархабат
Анамызға мың алғыс
-
Мейіржан
Жүре берсем қасымда
Әйбат анам әй анам
«Ботам» деген даусыңнан
Мен мәз болып оянам.
Еркелесем күлімдейті,
Ұрысқаны білінбейтін.
Маңдайымнан сипап мені
Құлыншағым күнім дейтін
-
Дулат
Ұлым ұлым дейсің де
Ұрысумен ұстайсың
Күнім, күнім дейсің де
Үйде отыр деп қыстайсың
Жаным, жаным дейсің де
шапалақтан аласың
Өкпелер ем өзіңе
Әттең тәтті мамамсың
-
Хамза
Аналарды сүйеміз
Сөзін ойға түйеміз
Әжені де ардақтап
Әдеппен басиеміз
Бөбегіңнің сыйлығын
Қабыл алшы анашым
Ұзақ өмір жүз жасап
Ауырмашы анашым
Жүргізуші: Анамыздың анасы, әкеміздің анасы әжелерге арналған тақпақтарды қабыл алыңыздар
-
Сардар
-Алло, әже? Мерекеңізбен құттықтаймын. Айтатын әнім бар, беретін гүлім бар. Әжетай сені жақсы көрем. Әже сізді қатты сағындым. Жаз болсын, бар сыйлығымды алып барамын.
Жақсы көреді әжелерін,
Ойыншықтар де әпереді.
Мектепке де әкеледі,
Жақсы қандай әжелерім.
-
Дарын
-
Дінмұхаммед
-
Ернияз
Әжем менің әйбат
Оған ешкім жетпейді
Күні бойы бірге ойнап
Жанымнан бір кетпейді.
-
Альтаир
Мәпелейді, әлдейлейді бағады,
«Құлыным» деп құшағына алады.
Өзгеге де, өзіне де жауапты,
Барлығына қалай уақыт табады?
Ал енді ұландарым, мейрамымыздың иесі қыздарымызды ортаға алып келіңіздер
«Қыз сыны» әнімен қыздар ортаға шығады.
-
Жания
Бүгін Наурыздың сегізі,
Сұлулықтың егізі.
Әдемі сөз анамның,
Анаға айтар лебізі.
Мәпелейсің мені анам
Қолыңдағы құсыңдай
Құлпыра өсіп дем алам
Құшағыңда қысылмай
-
Айша.
Көктем күні керемет
Жаңбыр жауар себелеп.
Күн ашылса болғаны,
Көлбеңдейді көбелек.
Бар табиғат нәр алып,
Шыға келер жаңарып
Қызғалдақ боп құлпырып,
Көктем біздің балалық.
-
Айнара
Әлпештеген аялаған
Ақ сүт берген апатайым
Сәлем жазып бүгін саған
Мейрамыңмен құттықтаймын
Мені жақсы көреді
Күндей күліп келеді
Көп ертегі біледі
Маған айтып береді.
-
Әмина
Жанымызды жайнатқан
Сіздер ғой ол аналар
Зор денсаулық мол бақыт
Тілейміз біз балалар
Аппақ мамам, ақ мамам
«Ақ мамам» деп мақтанам
Түн ұйқыңды төрт болып
«Бөпешім» деп жатпаған
- Адия
Анаң болса қасыңда Басқа бақыт не керек Аналардың жүрегі Мейірімді ғой керемет
-
Мөлдір
Әр сөзіңді жаттаған
Жүрегіңде сақтаған
Анашым деп мақтанам
Айналайын ақ мамам
Айтсаң болды тіл алам
Әйбат анам әй анам
Сені көрсем қуанам
Сен керексің қашанда.
- Арайлым: Өзің мені өсірген
-
Аружан
- Аяна
- Аяжана.
- Бота:
- Аделя:
- Гүлбаршын:
-
ААнамды мен жақсы көрем
Айтқан тілін алып жүрем
Қасымда апам жүргенде
Шаттанып ойнап күлем
Ана біздің күніміз
Ана біздің гүліміз
Бізді ана қуантып
Ұзақ өмір сүріңіз
Жүргізуші : Осы ардақты аналарымызға ән орындап берейік «Құттықтаймын мама туған күніңмен!»
Жүргізуші:
- Балалар, бүгінгі тақырыбымызға байланысты мен сендерге жұмбақ жасырғым келіп тұр. Шешуін таба аламыз ба?
Балалар: Ана,ана,ана. Жүргізуші: Тамаша, өнерлі екенсіңдер.Ал балалар сендер үйде ата-аналарыңа көмек тесесіңдер ме? Шындарыңды айтыңдар ! Қазір мен аналарыңнан сұраймын.
- Күні бойы ойнай беретін, ойнап болған соң ойыншықтарын жинауға ерінетін, дым істемейтін, жалқау бала бар ма сіздерде?
- Ал, тәңертең ерте тұрып, мектепке өзі киінетін, үйде анасына көмектесетін әдепті, тәртіпті бала бар ма сіздерде?
Жүргізуші:
Қыздарымыз сүйкімді болсын деп,
Өнер -білімге икемді болсын деп,
Бәйтеректей бойшаңдансын деп,
Өрен-өршіл өркенді болсын деп,
«Қыз еркем, қылығымен көркем» атты кешімізді бастайық.
Жүргізуші:
Өнер, білім, өнеге тұнған дарын,
Өнерліге өз басым таң қаламын.
Өнерді әділдікпен бағалайтын,
Таныстырайын әділқазы алқаларын.
әділқазылар
1.
2.
3.
4.
Жүргізуші:
Мың бұралған арулар билей басып,
Келеді міне ортаға толқып тасып,
Аруларын сыйлаған халқым менің,
Көңілді қошеметпен қарсы алайық!
(Арулар сахна төріне шақырылады)
Біздің қыздар өнерлі
Бойға жиған өнерді
Мөлдір
Адия
Мына қыздар елгезек
Алады тез тіліңді.
Аяна мен Аяжана
Алла қыз білімді
Меңгерген бар ілімді
_____________________
Ақша бетті Айкөркем
Ұқсайды хор қызына
___________________________
Сымбатты қыз үлбіреп
Қос жанары мөлдіреп
__________________
Білім жолын қуған,
Белін бекем буған
Ерке қызы даламның,
Көмекшісі ананың
___________________________
Айтқан тілді алатын,
Талмайтын еш қанаты
___________________________
-
Акилбекова Каусар
-
Амангельдина Жания
-
Әшірқызы Арайлым
-
Базарбай Ақмарал
-
Бимурзинова Аделя
-
Дана Адия
-
Ерғалиқызы Айша
-
Кабурова Аружан
-
Мәлік Гүлбаршын
-
Мұрат Әмина
-
Нәрік Бота
-
Сагитова Айдана
-
Сейсенбаева Аяжана
-
Сейсенбаева Аяна
-
Сұлтанай Айнара
-
Тойшыбай Мөлдір
Көңілге түй сен мұны,
Әр бүлдіршін - ел гүлі.
Бақытты елде туғаның
Есіміңнен белгілі
Бірінші сайыс өзін - өзі таныстыру.
Жүргізуші:
Жадырап сәуле бейне күн дидары.
Бұлбұлдай дауысыңмен ән силашы,
Күй тартып, би де биле, өлең оқы
Аруға қай өнер де жарасады
Аруларымыз келесі бөлімге дайын болғанша Сардар жігітіміздің орындауындағы «Қазақтың қаны» әнін қабыл алыңыздар
Жүргізуші:
Өнерсізден қашып жүр,
Өнермен үлгі шашып жүр.
Өнерді көп білетін дана болар,
Өнерсіздің ісі шала болар.
Қане, қыздардың өнерін тамашалайық.
Екінші сайыс-өнерліге өріс кең.
Жүргізуші:
Бізді өсірген апатай
Еңбегіңіз зор екен
Құтты болсын апатай
Құтты болсын мерекең.
Жүргізуші:
Сымбатына сай киім жарасатын,
Аспандағы айменен таласатын.
Өнеріне сәні сай келіп тұрған,
Аруларға қызығып қарасын деп, -келесі сайысымыз «Көктем гүлі» атты сән үлгісі.
Жүргізуші: Әділқазылар әділ бағасын бергенше ұлдарымызбен қыздарымыздың биін тамашалайық.
Қыз сыны, қыз өнері, қыз әдебі,
Тал бойына жарасқан күлкі әлемі.
Бір көріп таң қалдырмай сахнада,
Өмірде сақталсыншы бұл әдебі - деп ару қыздарымызды ортаға қошаметпен шақырайық.
Өнеріміз сайыста,
Жетелейді алысқа.
Бүгінгі күннің жеңісі,
Достық болып қалуда.
Шалқытып мерекеде ән салайық,
Өнерпаз өрендерге тамсанайық.
Әділдік пен шындықты арқа тұтып,
Әділқазы алқасымен ортаға шақырамыз
«Жүзден жүйрік мыңнан тұлпар» демекші бүгінгі сайысымызды марапаттау үшін, келесі сөзді әділқазылар алқасына береміз.
Би билеп ән мен күйде аяқталды
Уақытта біраз жерге таяп қалды
Көктеммен қоса келген
Ару қыздар, аналар мерекесі аяқталды.
Құттықтау сөз кезегін ата - аналарға ұсыну.
Сегізінші наурызға араналған ән (Әнші балапан әуенімен)
Ақылшымыз, данамыз Аяулы біздің анамыз Айналайын анашым Біз бақытты балаңыз Біз бақытты балаңыз Шалқып тасып әніміз Жадырасын жанымыз Ана сені құттықтап Ән саламыз бәріміз
Анамызға
Жүргізуші: Бүгін біздер құрметті де ардақты әжелерімізді ерекше атап құттықтаймыз! «Қариясы бар үйдің қазынасы бар» - деп халқымыз текке айтпаған, балаларымыздың әжелеріне арналған тақпақтарына кезек берсек 7 бала:
Ана десем алғыс алам халқымнан Ана десем теңіз болам шалқыған Ана десем ,ашылады қабағым Ана десем әділдікті ұғамын Біз ғана емес Қадір тұтқан бабалар Аналардаң туған небір даналар Ана деген тіршіліктің тірегі Армысыздар,қасиетті аналар! 1 бала: Жанымызды жайнатқан Сіздерсіз ғой аналар Зор денсаулық,мол бақыт Тілейді барша балалар Жұргізуші: Осы ардақты аналарымызға ән орындап берейік Ән: « Кұттықтаймын сені туған күніңмен!» Жүргізуші: Бүгін біздер құрметті де ардақты әжелерімізді ерекше атап құттықтаймыз! «Қариясы бар үйдің қазынасы бар» - деп халқымыз текке айтпаған,балаларымыздың әжелеріне арналған тақпақтарына кезек берсек 7 бала: Өзің мені өсірген Айналайын ақ әжем Тентек болсам кешірген Ауырмашы ,ай әжем 8 бала: Әже деген көп шығар Әжемдей менің жоқ шығар Мейірімді бұл кісі Қандай ғажап күлкісі 9 бала. Немересін жанындай Әжем жақсы көреді Қонаққа барса ұмытпай Кәмпіт әкеп береді 10 бала: Тірегі болып жанында Бірге еріп жүремін Жанашырым жанымда Тек әжем деп білемін 11 бала: Ақ әжемді арқашан Сыйлап жақсы көремін Қуантайын деп оны Өлең айтып беремін 12 бала: Өзің мені өсірген Айналайын ақ әжем Тентек болсам кешірген Балдай тәтті бал әжем Ән: « Әжем менің айдай» Жүргізуші:Мектепте қалай оқыдық» ойынын ойнайық Ойынға аналарда қатысады 13 бала: Үн қатамын бал тілмен Еркелеймін әр күн мен Құттықтаймын анашым Сегізінші наурызбен 14 бала : Құлпырған гүлдей Көктемгі күндей Жылылық маған Төгесің үзбей 15 бала:Сауле шашқан әсем күндей Көтерілсін көңіліңіз Жарқыраған қызыл гүлдей Болсын әсем өміріңіз Би : «Туған жер» Ұлдар
ЖҮРГІЗУШІ: Тамаша, өнерлі екенсіңдер.Ал балалар сендер үйде ата-аналарыңа көмек тесесіңдер ме? Шындарыңды айтыңдар ! Қазір мен аналарыңнан сұраймын.
- Күні бойы ойнай беретін, ойнап болған соң ойыншықтарын жинауға ерінетін, дым істемейтін, жалқау бала бар ма сіздерде?
- Ал, тәңертең ерте тұрып, мектепке өзі киінетін, үйде анасына көмектесетін әдепті, тәртіпті бала бар ма сіздерде?
- Балапанын көгалда