Қазақ тілі 2-сынып. Тақырыбы: Өткенді пысықтау

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

2-сынып қазақ тілі.

Сабақтың тақырыбы: Өткенді пысықтау.

Сабақтың мақсаты:

1. Әр сөздің мағынасы болатындығымен таныстыру; сөздердің мағынасын дұрыс ажырата білуге дағдыландыру; сөздерді орынды, дұрыс қолдана білуге үйрету;

2. Дамытушылық: Оқушылардың сауаттылықтарын, сөздік қорларын арттыру.

3. Тәрбиелілік: Оқушыларды ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ.

Әдіс-тәсілдері: әңгімелеу, сұрақ-жауап, көрнекілік, түсіндіру.

Көрнекіліктер: суреттер, кесте

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылардың зейінін сабаққа аудару. Сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау. Бүгінгі сабағымыздың мақсаты әр сөздің мағынасы болатындығымен таныстыру; сөздердің мағынасын дұрыс ажырата білуге дағдыландыру; сөздерді орынды, дұрыс қолдана білуге үйрету;

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. Ережелерді қайталау

III. Тақырыптарды қайталау.

Сөйлемдерді оқы. Сөйлемдердегі сөздердің байланысын үлгі бойынша сұрақ қойып анықта.

Үлгі: Балалар циркке барды.

Балалар не істеді?

Балалар барды.

Қайда барды?

Циркке барды?

Оқулықпен жұмыс.

ІҮ. Сабақты бекіту.

Үлестірмелі карточкалармен жұмыс.

1-жаттығу. Ертегіні түсініп оқы. Сұраулы және лепті сөйлемдерді тауып, дәптеріңе көшіріп жаз. Ертегінің мазмұнын айт. Адамды қиындықтан не құтқарады? Ақыл не үшін қажет?

Кірпі мен Қоян.

Бір күні Қоян келіп:

Сені тоның қандай жаман, ылғы тікенек. Менің тонымды айтсаңшы, жұп-жұмсақ! - деп мақтанады.

Сонда Кірпі:

Жаман болса да, тоным мені Ит пен Қасқырдың тісінен сақтайды. Сенің әдемі тоның солай сақтай ала ма? - дейді.

Солай екен-ау, бірақ мені сақтайтын тоным емес, аяғым, - деп, Қоян жорта жөнелді.

2-жаттығу. Адасқан тыныс белгілерін орнына қойып, сөйлемдерді көшіріп жаз. Сұраулы сөйлем қандай мақсатпен айтылады?

Марат жазық далада қой жайып жүр! Менің атым бәйгеден озып келді, алақай? Қыста аю не істейді? Қарағанды - шахтерлер қаласы? Ақбөкендер кең далада жайылып жүр? Мереке құтты болсын.

3-жаттығу. Сөйлемдерді оқып, сұраулы сөйлемдерді көшіріп жаз.

Қанат, есікті қатты жапшы. Қанат, есікті жаптың ба? Рұқсатсыз біреудің затын алма. Алма алма сатып алды ма? Мерует пен Маржан қайдан келді? Бұл қай бала?

4-жаттығу. Өлеңді жатқа жаз. Сұраулы сөйлемді хабарлы сөйлемге айналдыр. Қошақанның атынан балаға жауап жаз.

Қошақан.

Қарның ашып қалды ма?

Кел, көрейін, қошақан.

Жата қойшы алдыма,

Жем берейін, қошақан.

5-жаттығу. Сурет бойынша әңгіме құрастыр.

Ү. Сабақты қорыту. Сабақты қорытындылау, үйге тапсырма беру, оны түсіндіру.

ҮІ. Үйге тапсырма.

94-бет. Тыныс белгілерінің бірі ғана өмір сүретін патшалық туралы ертегі құрастыр.

ҮІІ. Бағалау.

Оқушылардың бағаларын күнделік пен журналға қойып шығу.



© 2010-2022