Ашық сабақ Көкөністер мен жемістер (3 сынып)

Раздел Начальные классы
Класс 3 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

3-сынып

Сабақтың тақырыбы: Жемістер мен көкөністер
Сабақтың мақсаты: Тақырып бойынша сөйлей алу дағдысын қалыптастыру.

Міндеттері:
Білімділік: «Жемістер, жидектер, көкөністер» тақырыбына байланысты жаңа сөздермен таныстыру, түсінік беру. Осы тақырып бойынша қазақ тілінде сөйлей білуге қалыптастыру. Оқушылардың жұмыс барысын бақылау, оқушыларға көмек көрсету.
Тәрбиелік: Жемістердің, жидектер мен көкөністердің денсаулыққа пайдалы екенін айту. Оларды жуып жеу керектігін айтып түсіндіру.
Дамытушылық: Үйренген сөздерін күнделікті өмірде пайдалауға дағдыландыру. Өз бетінше ізденуге, топпен жұмыс жасап, өз пікірін айта білуге баулу.

ПЕРЕЙТИ НА САЙТ

Сабақтың әдісі: Сұрақ - жауап, түсіндіру, ойын, мәтінмен жұмыс.
Сабақтың түрі: Жаңа тақырыпты меңгерту.
Көрнекіліктер: Жеміс - жидектер суреті, ойыншықтар, ватман, презентация.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі:
А) оқушыларды түгендеу
В) оқу құралдарын тексеру. Психологиялық дайындық. Оқушылар бір-біріне күлімсірей қарап жылы шырай танытады.

Сыныпты екі топқа бөлу.
2. Үй тапсырмасын тексеру
А) Сұрақтарға жауап беру

-Бауырсақ кімнен қашты?

- Кімнен құтыла алды?

- Кімнен құтылмады?
3. Жаңа сабақ

- Балалар, қазір қандай жыл мезгілі?

-Күзде ауа райы қалай болады?

-Күзде тағы қандай өзгерістер болады? (Күзде жемістер мен көкөністер піседі.)

Күзде күн суытып, жеміс - жидектер піседі, жапырақтар сарғаяды

Бүгінгі біздің өтетін тақырыбымыз осы көкөністер мен жемістер туралы. Дәптерлеріңді ашып, бүгінгі күнді, тақырыпты жазып қойыңдар.

-Ал сендер жемістердің қайда өсетінін білесіңдер ме? Ал көкөністер қайда өседі? (Сөздік жұмысы)
-Сендер қандай жеміс атаулары мен көкөністерді білесіңдер?

Енді жемістер мен көкөністер туралы толығырақ білу үшін тақтаға қарайық. (Оқушылар тақтадан видеоны қарай отырып, жемістер мен көкөністер атауларын қайталап отырады.)

  • Балалар, жемістерде, көкөністерде көптеген дәрумендер болады.Сондықтан да олар өте пайдалы. Бірақ біз оларды жегенде міндетті түрде жуып жеуіміз керек. Себебі жумай жеу- денсаулыққа зиян.

  • Енді қолымызға қалам алып, дәптермен жұмыс жасайық.

1-тапсырма. Жемістер мен көкөністер атауларын көшіріп жазу.

- Балалар, көкөністер мен жемістердің дәмдері әр түрлі болады. Мысалы, пияз ащы- горький, шие қышқыл- кислая, алма тәтті-сладкая.

Енді осы ащы, қышқыл, тәтті сөздерін дәптерге көшіріп жазып алыңдар.

(2-тапсырма)

Сергіту сәті.

3-тапсырма. Мәтінмен жұмыс.Мәтінді оқып, орыс тіліне аудару.( Слайд күз.)


  • Балалар, қазір біз өзімізді бақта жүргендей және бақшада жүргендей сезінейік. Мына суреттер бойынша постер жасайық. Бір топ жемістерді жинаса, екінші топ көкөністерді жинасын. (Оқушылар постер жасап, оны қорғайды).

  • Енді мен сендерге бір жұмбақ жасырғым келіп тұр. Шешуін тауып көріңдерші?

Тәтті,

Тәттінің іші қатты,

Қаттының іші тәтті. (өрік) Дәптерге жазып алу.

-Балалар, қазір біз ойын ойнайық. Ойынымыз «Дүкенде» деп аталады. Бір топтан сатушыны сайласақ, екінші топтан бір оқушы сатып алушы болсын. (Сатып алушы дүкенге барып жемістер немесе көкөністер сатып алады.)

4. Қорыту.

Сұрақтар
1. Күз айларын ата
2. Жемістерді ата
3. Көкөністерді ата

4. Жемістер қайда өседі?

5. Көкөністер қайда өседі?
Үйге: 4-тапсырма . (мәнерлеп оқу)

5-тапсырма. Дәптерге жазу.

Бағалау.

© 2010-2022