Сабақ жоспары: Түбір және туынды сөз

Раздел Начальные классы
Класс 3 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

19 .01.16ж.Сабақтың тақырыбы: Түбір сөз және туынды сөз

Сабақтың мақсаты: а) бір түбірден әр түрлі жұрнақ жалғану арқылы жасалған сөздердің түбірлес сөздер деп аталатынын түсіндіру.

ә) сөздерді сөз құрамына талдай отырып, түбірлес сөздерді таба білуге, оларды сауатты әрі көркем жазуға үйрету. Ойлау, есте сақтау қабілеттерін,тілін дамыту. б)сауатты жазуға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:жаңа сабақ Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап

Сабақтың көрнекілігі: жұмбақтар, сызбалар,топшама т.б.

Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылардың назарың сабаққа аудару.

Балалар,бәріміз қасымызда отұрған досымыздың жақсы қасиеттерін ізгі сөздермен, көтеріңкі көңілмен ,күлімдеген көзбен жеткізейік: - Сен нағыз доссың; ең әдемі қызсың; мейірімдісің; өте ұқыпты баласың; адал доссың; қайырымдысың; әдептісің; өнерлісің; еңбекқорсың; ақкөңілсің және т.б.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. Оқушыларға карточка тарату.

1.Түбір дегеніміз не? Сөздің одаң әрі бөлінбейтін мағынасы бар бөлігің түбір дейміз: қала, орман.

2.Жұрнақ дегеніміз не? Сөздің түбіріне жалғанғанда, оның мағынасын өзгертетін қосымшаларды жұрнақ дейміз.

3.Жалғау дегеніміз не? Сөздің мағынасын өзгертпей, түбірге жалғанатын қосымшаны жалғау дейміз .

4.Туынды сөз деген не?Түбір сөзге жұрнақ қосылу арқылы жасалған сөз туынды сөз дейміз

ІІІ.Жаңа сабақ :Түбір сөз және туынды сөз.

40-жаттығу. Ертегіні оқу.

41-жаттығу. Сөздерді көшіріп жазу.

Су, суат, сушы, сулы, сусын, сулық.

42-жаттығу.Өз бетімен орындау.

43-жаттығу. Өлеңді оқып, жатқа жазу.Түбірлес сөздің астын сызу.

44-жаттығу. Мәтінді оқу. Спорт сөзінің түбірлес сөздерін көшіріп жазу..

Сергіту сәті. Ойын: Көбелек қуу.

ІҮ.Сабақты қорытындылау. Бүгінгі сабақтан не түсіндік? Сұрақтар қою

1.Түбір дегеніміз не?

2.Туынды сөз дегеніміз не?

3.Туынды сөзге мысал келтір.

Ү. Бағалау. Үйге: 45-жаттығу.



© 2010-2022