«Жаз» Абай 3 сынып ана тілі

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:
«Жаз» Абай 3 сынып ана тілі«Жаз» Абай 3 сынып ана тілі«Жаз» Абай 3 сынып ана тілі«Жаз» Абай 3 сынып ана тілі

Ана тілі 3 сынып

Сабақтың тақырыбы: Абай «Жаз».

Сабақтың мақсаты:

  1. Абайдың «Жаз» өлеңін оқи отырып, сөз өнерімен, табиғатты суреттеудегі шеберлігін, суреткерлігін таныту.

  2. Жаз мезгілінің әдемі, тамаша көріністерін сипаттай отырып, оқушылардың өз ойларынан қорытынды жасауға, шығармашылық қабілеттерін дамыта отырып, ой өрісін кеңейту.

  3. Жаз мезгілінің әдемі көрінісін сезінуге, оны бағалай білуге баулу.

Табиғатқа, ақынның, шығармаларына деген сүйіспеншілігін арттыру.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Әдіс-тәсіл: көрнекілік, шығармашылық, ізденушілік.

Көрнекіліктері: оқушылардың сурет көрмесі, музыкалық сүйемелдеу, эпиграф, кластер, фотосуреттер.

Жабдығы: интеректавті тақта.

I. Ұйымдастыру

Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

II. Сабақтың барысы

  1. Көрініс. Абай суреті.

Тақырыбы: «Жаз».

Музыкалық суйемелдеумен Абай туралы эпиграф:

Шын хакім, сөзің асыл - баға жетпес,

Бір сөзің мың жыл жүрсе дәмі кетпес.

Қарадан хакім болған сендей жанның

Әлемнің құлағынан әні кетпес.

/Мағжан Жұмабаев/

  • Балалар, өздерің ойлаңдаршы, бүгін сабақта кім туралы өтеміз?

  • Иә, балалар, бүкіл әлем жұртшылығына танымал ұлы ақын Абай туралы.

Абай ұлы қазақ халқынан шыққан ойшыл, кемеңгер, даңышпан ақынның, шығармаларымен әлі де оқып, танысамыз.

  • Балалар, бүгін сабаққа өте жақсы қатысқан, жақсы әңгіме құраған, өте жақсы мәнерлеп оқыған, өз ойынан жақсы қорытынды жасай алған оқушыларды өте жақсы бағалаймыз.

Бүгінгі сабақта барлықтарыңа табыс тілеймін.

Кесте толтыру.

Білемін

Не білгім келеді?

Не үйрендім?


Көрініс:

  • Назарларыңды тақтаға аударындар:

  • Тақтада қай мезгілдің суреті бейнеленген?

  • Жаз.

  • Ал, сендердің суреттеріңде ше? 3-4 оқушы тақтаға шығып өз суреттері бойынша әңгіме құрайды. Тақтадағы сурет бойынша 1-2 оқушыға әңгіме құрату.

  • Өте жақсы, жарайсыңдар! Балаларды бағалау.

III. Жаңа сабақ.

Иә, балалар, бүгін Абайдың «Жаз» өлеңмен танысамыз.

Бүгінгі мақсатымыз: жақсы мәнерлеп оқуға, табиғаттың тамаша көрінісін сипаттай білуге, шығармашылық қабілетімізді көрсете отырып, өз ойымыздан қорытынды жасау.

Абай туралы қысқаша мәліметтер:

Слайдтар арқылы көрсету/ 7 слайд.

а/ Абай Құнанбайұлы 1845 жылы осы күнгі Семей облысы, Абай ауданы, Шыңғыс тауында туған. 1904 жылы қайтыс болған.

ә/ Оның әкесі Құнанбай ел басқарған адам.

б/ Әжесі Зере, анасы Ұлжан, бала Абай.

в/ Абайдың ұлы Әбдрахман, інісі Оспан.

г/ Қазіргі кезде Абайдың мемлекеттік қорық мұражайы бар.

ғ/ «Жаз» залы.

Бүгін біздің танысқалы отырған «Жаз» өлеңі 1886 жылы ауылдың жайлауға көшкен кезінде шығарылған өлеңі осы көрініспен байланысты.

Сезінеміз Көреміз





Жаз

Естиміз

Осының бәрі жаз мезгілін суреттейді.

Ал, балалар Жаз мезгілін Абай қалай суреттеген?

Мұғалім: музыкалық сүйемелдеумен Абайдың «Жаз» өлеңін мәнерлеп оқып шығу.

Оқушылардың мәнерлеп оқуы/ 2-3 оқушы./

Өлең мазмұнын талдау.

  • Жаздыкүні шілде де көкорай шалғын қайтеді?

  • Жазда көкарой шалғын ұзарып өсіп толады.

  • Ауыл ше?

  • Ауыл жайлауға көшеді, өзең жағасына қоныстайды.

  • Қане, балалар, осы өлеңде Абай атамыз қандай көркемдеуші сөздер қолданған?

  • Ойын доппен.

  • Қандай шалғын? Көгорай шалғын.

  • Бәйшешек қалай толады? Ұзарып өсіп толады.

  • Құлынтай қалай шабады? Бұлтылдап.

  • Үйрек, қаз қалай ұшады? Сымпылдап.

  • Қандай өзен? Күркіреп жатқан.

Шығармашылық жұмыс. Топпен жұмыс.

Ж 1. Сын есім /2/

А 2. Етістік /3/

З 3. Төрт сөзден сөйлем

4. Қорытынды сөйлем.

Авторлық шығарма. Оқушылардың шығармаларымен танысу.

IV. Сабақты қорыту.

  • Балалар, қазір кестені толтырамыз. /Слайд/

  • Не білдіңдер?

  • Өздеріңе қандай пайдалы нәрсе алдыңдар?

  • Неге үйрендіңдер?

  • Не ұнады?

Мұғалім: Барлықтарың өте жақсы жауап бердіңдер.

IV. Бағалау

Үй тапсырмасы.

Өлеңді жаттау.

«Біздің өлкедегі жаз». Өз таңдаулары бойынша әңгіме жазу.

Сарқан қаласы

Н.Островский атындағы мектеп-лицейі

Байсалбаева Гүлмара Малаевна

Бастауыш сынып мұғалімі

© 2010-2022