Б. Соқпақпаев. «Қамқорлық»

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Қарағанды облысы

Осакаров ауданы

Шұңқыркөл №11орта мектебінің

Бастауыш сынып мұғалімі

Аязбекова Анар Рысбаевна

Пәні: Ана тілі.

Сыныбы: 3

Тақырыбы: Б. Соқпақпаев. «Қамқорлық»

Мақсаты:

Білімділік: Б. Соқпақпаевтың өмір жолымен танысу. «Қамқорлық» әңгімесінің мазмұнын, тақырыбын, идеясын, көркемдік ерекшелігін таныту.

Дамытушылық: Әр түрлі тапсырмалар яғни, ребус, семантикалық карта, т.б. тапсырмалар арқылы ойлау қабілеттерін арттыру.

Тәрбиелік: Жас ұрпақты қайырымдылыққа, шындыққа, адалдыққа, адамгершілік қасиеттерге тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: Түсіндіру, баяндау, венн диаграммасы, сұрақ-жауаптар, әңгімелеу, т.б.

Сабақ типі: Жаңа сабақты меңгерту.

Көрнекілігі: Б. Соқпақпаевтың портреті, ребус, семантикалық карта, слайдтар, суреттер, оқулық, тірек сызбалар.т.б.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылардың сабаққа керекті құрал-жабдықтарын дайындатып, зейіндерін сабаққа аудару.

Психологиялық дайындық.. (Әуен жібереледі)

- Балалар, көзімізді жұмайық, өзімізді керемет табиғат ортасында жүрміз деп сезінейік. Айнала қандай әсем, әдемі, жап-жасыл. Жан-жануарлар, өсімдіктер әлемін көз алдымызға елестетейік. Қандай сұлу табиғат!

(Әуен тоқтатылады).

Көзімізді ашайық. Осы табиғаттан қандай әсер алсаңыздар, сондай әсермен сабаққа кірісейік.

Біз бақытты баламыз,

Ойнап күліп аламыз.

Жетілсін деп санамыз,

Оқып білім аламыз.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

Ең бірінші сыныпты екі топқа бөлу. І топ: Ақыл. ІІ топ: Білім. Топ басшыларын сайлау. Ұран айту. Дұрыс жауап жұлдызшалармен бағаланады.

І топ сұрақтары:

1. Шаруа қоянның көжегін қайдан тауып алды?

2.Адам көжекті қайда әкелді?

3. Үйге әкелген көжекті балалар қалай қызықтайды?

4. Мазасы кеткен көжек қайда тығылады?

ІІ топ сұрақтары:

5. Көжек жып-жылы үйден неге қашып кетті?

6. Шаруа көжекке қандай аяушылық білдіретін сөздер айтты?

7. Көжектің қорқынышты халін баянда.

8. Туған жер, Отан туралы қандай мақал-мәтел білесіңдер?

ІІІ. Жаңа сабақ.

- Балалар, бүгінгі күнді, сабағымыздың тақырыбын жазып қояйық.

Наурыздың он төрті.

Сынып жұмысы.

Жаңа сабаққа деген қызығушылықты ояту.

«Жүректен жүрекке». Доп беру арқылы бір-бірлеріне жылы -жылы сөздер айту. Достарына сабақта сәттілік тілеу.

Жаңа тақырыпты өтпес бұрын мына ребусты шешсек, тақырыбымыздың аты шығадаы. Олай болса, мен сендерге сәттілік тілеймін.

,, ,  ,

Б. Соқпақпаев. «Қамқорлық»Б. Соқпақпаев. «Қамқорлық»Б. Соқпақпаев. «Қамқорлық»

,,

Б. Соқпақпаев. «Қамқорлық»,,, Б. Соқпақпаев. «Қамқорлық»

Жауабы: Қамқорлық.

Жаңа тақырыбымыздың аты: «Қамқорлық». Олай болса, оның авторы Б. Соқпақпаев.

Б. Соқпақпаев. «Қамқорлық»'Бердібек Соқпақбаев' - қазақ балалар жазушысы. Бердібек Соқпақбаев 1924 жылы Алматы облысы Нарынқол ауданы Қостөбе ауылында дүниеге келді.

  • Ата-анасынан ерте айрылған ол кісілердің қолында жүрген. Балалық шағындағы басынан өткен қиындықтар мен жоқшылық жайлы «Балалық шаққа саяхат» кітабында бейнеленген. 1950 жылы «Бұлақ» атты тұңғыш жинағы шықты. Балаларға арнап «Менің атым Қожа», «Аяжан», «Гауһар» т.б. повестер, «Кездесу», «Бозтөбе» поэмаларын жазған. «Қазақфильм» студиясында «Менің атым Қожа» повесі бойынша фильм түсірілді.

  • Абай атындағы Қазақ педагогтық институтының филология факультетін бітірген. Бірнеше жыл ауылда мұғалім болып еңбек етті. «Қазақфильм» киностудиясында редактор болып, «Қазақ әдебиеті», «Балдырған» басылымдарында қызмет етті. Кейін Қазақстан жазушылар одағында балалар әдебиеті бойынша әдеби консультант қызметін атқарды.

- Олай болса, қамқорлық әңгімесін оқып берейін, сендер мұқият тыңдандар.

А) Оқу;

Ә) Талдау;

Мәтінмен жұмыс:

І топтың сұрақтары:

1. Әңгіменнің кейіпкерлері кімдер?

2. Торғай неден шошып кетті?

3. Жазушы жантастың жағымсыз іс әрекетін қалай суреттеген?

4. Балапанның аман қалуына кім себепші және не істеді?

ІІ топтың сұрақтары:

5. Қожаны қандай кейіпкердің қатарына жатқызуға болады?

6. Бұл әңгімеден қандай қорытынды шығаруға болады?

7. Балапан торғай жазылды ма екен? Сендер қалай ойлайсыңдар?

8. Торғай байғұстың жанталасқан халін баянда.

Сергіту сәті.

Б) Тізбектеп оқыту.

В) Сөздік жұмыс:

Аша ағаш -рогатка

Шарбақ - ағаштан жасалған қоршау

Жан далбаса -жан ұшыра немесе есі кетіп

Бейқам - алаңсыз

Дуал - қоршау

Безбүйрек -тасжүрек

Топшысынан - аяғынан

І топ Мінездеме береді.

Қожа Жантас

ІІ топ. Мәтінді бөліктерге бөліп, ат қою.

Мысалы: І. Сотқар Жантас.

ІІ. Қожаның қамқоры.

ІІІ. Торғайдың жаңа пәтері.

І V. Бекіту. Өткен сабақ пен жаңа сабақты байланыстыру.

Семантикалық карта.

Әңгіменің тақырыбы

«Қайырымдылық»

«Қамқорлық»

Авторы

Мағзұм Сүндетов

Б.Соқпақпаев

Кейіпкерлер

Мұхтар, анасы, бұзық балалар

Қожа, Жантас

Не туралы

Ит

Торғай

Мазмұны, идеясы қандай?

Итті қастерлеу. Өйткені ит жеті қазынаның бірі.

Қастерлі құс. Қыста қыстап қалатын құс.

V.Қорытындылау. Мәтінмен жұмыс.

А) Венн диаграммасы.

Б. Соқпақпаев. «Қамқорлық»Б. Соқпақпаев. «Қамқорлық» І топ.Ж. Аймауытов. ІІ топ. Б.Соқпақпаев

1. Әңгіменің аты?

2. Неден қорықты?

3. Ара түскен кім?

ә) Жантас пен Қожаға хат жазу.

Ситуациялық сұрақтар:

1. Мұндай жағдайда өзің не істер едің?

2. Мұхтардың орнында болсан ше?

3. Мұхтардың анасының орнында болсаң не істер едің?

Балалар, осы мәтін бойынша торғай, Қожа, Жантас сөздеріне 2-3 сөйлем құрастыру керек. Қай топ тез бітеді екен?

Сабақтың түйіні:

Күшті болсаң, әлсіздерге қамқор бол,

Үлкен болсаң, кішілерге қамқор бол.

Азамат боп атқа мінер шағында

Ата-анаңдай кісілерге қамқор бол!

VІ. Үйге тапсырма:

Мәтінді оқу. Мазмұндау. Торғай туралы қосымша дерек жинау. Әдеп, тәрбие туралы мақал-мәтелдер жазып келу.

VІІ. Бағалау.

Әр топтың жинаған жұлдызшаларын санау. Ұпайға байланысты және оқушылардың белсенділігіне қарай баға қою.

© 2010-2022