» Үй, пәтер»

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы:Үй,пәтер

Сабақтың мақсаты:

1.Жаңа сөздерді меңгертіп,әңгімелеу барысында пайдаланып үйрету

2.Сауатты сөйлеу,жазу қабілеттерін жетілдіру.Септік жалғауларын,

реттік сан есімдерді орнымен қолдануға машықтау.

3.Оқушыларды адамгершілікке,кішіпейілділікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас

Сабақтың әдіс-тәсілдері: түсіндіру,сұрақ-жауап, әңгімелеу,көрсету,жаттықтыру жұмыстары.

Сабақтың көрнекіліктері:бір қабатты үй және көп қабатты үйлер, үлестірмелі кеспелер,тест сауалдары.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі.Оқушылардың назарын сабаққа аударып,сабақтың тақырыбы мен мақсатын айту.

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру.

а)Тест сауалдарымен жұмыс

1.Бағдаршамның қызыл көзі жанғанда:
а)жүр
ә)отыр
б)тоқта
2.Бағдаршамның сары көзі жанғанда :
а)тез жүр
ә)дем ал
б)дайын бол
3.Бағдаршамның жасыл көзі жанғанда :
а) жүр
ә)тұр
б)жат

4. Велосипедпен келе жатып солға бұрылу үшін:
а) сол қол көтеру керек
ә) оң қолды көтеру керек
б) оң аяқты көтеру керек
5.Велосипедпен келе жатып оңға бұрылу үшін:
а) сол қолды көтеру керек
ә) оң қолды көтеру керек
б) оң аяқты көтеру керек

Сөздіктен сөздерді тексеру /үлестірмелі кеспелермен жұммыс/

1.Светофор-

2.Когда загорится-

3.Будь осторожен-

4.Остоновись-

5.Приготовься-

6.Пешком-

7.Улица-

8.Проспект-

9.Близко-

10.Транспорт-

б)Шығармашылық жұмыс

Берілген сөздермен әңгіме құрап жазу: Демалыс күні,серуен,саябақ.

в)Жатқа өлеңді мәнерлеп оқу «Мына менмін-Бағдаршам!!!»

ІІІ.Жаңа тақырыпты түсіндіру.

а) Жаңа сөздермен таныстыру

Қабат-этаж

Бір қабатты-одноэтажный

Көп қабатты-многоэтажный

Пәтер-квартира

Бірнеше-несколько

Сиқыршы-волшебница

Сиқырлы-волшебный

Жай үй емес- не простой дом

Көмекшілер-помощники

ә)Мына сөздерді пайдалана отырып,сурет бойынша әңгіме құрап үйренеміз.ол үшін реттік сан есмнің жасалуымен танысайық.

Сан есім түбіріне -ыншы-,-ншы-,- інші-,-нші- жұрнақтары жалғанып жасалады:

бір + інші, алты + ншы

б)-Мынау не?

-Бұл үй.

-Үй неше қабатты?

-Үй бір қабатты

- Мынау не?-Бұл да үй.

-Бұл үй неше қабатты?

-Бұл үй бес қабатты

-Екі және одан да көп қабатты үйлер дейміз.

-Мына үй көп қабатты,бірақ бұл үй жай үй емес,сиқырлы үй.Өйткені әр қабатында пәтерлер бар.Бұл үйде сиқырлы ханшайым мен көмекшілері тұрады.

-Ханшайым балаларды кішілерді ренжітпеуге,үлкендерді сыйлауға,табиғатты қорғауға,Отанымызды сүюге тәрбиелейді.

-Сиқыршы бірінші қабатта,бірінші пәтерде тұрады.

-Тағы кімдер бірінші қабатта тұрады?

-Екінші қабатта кімдер тұрады?

-Лена,Стас,Влад,Камил нешінші қабатта тұрады?

-Басқалары нешінші қабатта,нешінші пәтерде тұрады?

ә)Әңгіме құрап жазу

Көп қабатты сиқырлы үйде сиқыршы мен көмекшілері тұрады.Сиқыршы Ханшайым балаларды еңбекке,әдептілікке,пейілділікке тәрбиелейді.

Сиқыршы мен үш қыз бірінші қабатта тұрады.Бесінші,алтыншы,жетінші,сегізінші пәтерде төрт қыз тұрады.

Үшінші,төртінші қабатта жеті ұл тұрады.Бүгін олар бір қабатты үйде тұратын әжеге көмектесуге барады.

Сиқырлы үйдің тұрғындары тату өмір сүреді.

б) Оқулықпен жұмыс 81б.№2 жаттығу

в)3 жаттығу 82 бет Жақшаны ашып,дұрысын қойып айту

г)Берілген сөздерді сұрақтар бойынша өзгертіп,көп нүктенің орнына тиісті жұрнақ,жалғауларын жазу.

не? бірінші пәтер

ненің? үш...қабат...

неге? бес...қабат...

нені? жеті...қабат...

неде? тоғыз...қабат...

неден? екі...қабат...

немен? төрт...қабат...

не? бір... қабат

ненің? үш...қабат...

неге? бес...қабат...

нені? жеті...қабат...

неде? тоғыз...қабат...

неден? екі...қабат...

немен? төрт...қабат...

Уйге:82 бет №2 №3 Сөздік

Сабақты бекіту,қорытындылау



© 2010-2022